Психолог топтың алдында тұрады және балалардын әлдебір әрекетті орындауды, бірақ оны тек "Психолог сөйлейді" деген сөзден кейін жасайтыны айтылады. Психолог осы сөздерді айтқан кезде, оның артында балалардың қайталауы керек оңды әрекеттер жалғасуы керек.
Отбасында бала тәрбиелеу өте маңызды мәселенің бірі Бала тәрбиелеу тек жанұяға ғана емес, қоғамға да қатысты. Жас ұрпақты қоғамымыздың саналы азаматы етіп тәрбиелеу мұғалімдердің және отбасының негізгі міндеті.
Әрбір ата - ана өз тәжірибесінен біледі: бала дамуындағы жасөспірімдік кезеңнің басталуы оның физиологиясының, психикалық реакциялары мен мінез - құлқының айтарлықтай өзгеруімен байланысты болады. Жасөспірімдік шақты дағдарыс жасы деп атауы кездейсоқтық емес. Жалпы жасөспірімдік кезең 5 – ші сыныптан бастау алады да, әр адамға әрқалай әсерін береді
Жас жеткіншектердің бойына отбасының қос шынары – ала таудай атасы және аналардың анасы – әженің адам өмірінде алатын орнын, оларға құрмет көрсету – халықтық дәстүр екендігін ұғындыру, адамгершілікке, инабаттылыққа және мейірімділікке тәрбиелеу
Психолог: Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар, оқушылар және әріптестер. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.
«Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» дейді дана халқымыз. Адам өмірге келген соң, алдына мақсат қойып, үлкен арманға қанат қағады. Сол арман оны биікке жетелеп, үлкен белестерге шығарады. Сол арман оның өмірден өз орнын табуға көмектеседі.
Мақсаты: Оқушылардың таным процестерін, оның ішінде шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетінше жұмыс орындауға баулу, еңбек сүйгіштікке, адамгершілікке, адалдыққа, достыққа тәрбиелеу, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.
Мақсаты: Ұстаздар арасындағы психологиялық ахуалды нығайту. Ситуациядан шыға білуге және өзін - өзі әрдайым көтеріңкі көңіл - күйде ұстауға баулу. Топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Депрессия (латынша deprimo – жабығу, торығу, құлдырау) – бұл психикалық ауытқу. Оның негізгі үш белгісі бар: өмірге қызығушылығының төмендеуі, көңіл күйдің бұзылуы (ангедония), ой мен сананың сергелдеңі, яғни жағымсыз ойларға бой алдыру және белсенділіктің жоғалуы. Күйзеліс ұғымы адам болмысына қарай белгіленген төрт темпераменттің ішінде меланхолиямен пара - пар.
Темекі, арақ, нашаның зияндары туралы білімдерін тереңдетіп, сұраққа жауап беру барысында ой - қабілеттерін дамыту, жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Қатысушылардың өзін – өзі тануына, өз қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің көзқарасына тәуелді болмауға, өзін – өзі рухани жетілдіруге, өмір сүруге құлшынысын арттыру
Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы – білім беру ұйымдарында бейіндік оқытуды ұйымдастыру мен оқушылардың бейімдік қабілетін анықтаудағы психологиялық құру көкейкесті мәселе болып отыр.
Топ ішінде байланыс орнату, мәселелермен жұмыс барысында пайдаланылатын ақпарат жинауға және талқылауға мүмкіндік беру, педагогтық әдебін ұстануға, ұжымның жұмысқа деген жауапкершілігін арттыру
Суицид (ағылшын тіліндегі suicide сөзінен шыққан, аудармасы өзіне - өзі қол жұмсау) дегеніміз бұл мақсатқа бағытталған өз бетімен өмірден кету. Өкінішке орай, бұл термин қазір көп қолданатын сөзімізге айналды.
Қазақстанда мектеп оқушылары арасындағы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы өтеді. Негізгі мақсат - жастарды «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр» жырлары сынды халқымыздың бай мұрасы негізінде ...
Мұғалімдер бұл әлеуметтік кепілдікке ие болу үшін 26 жыл үздіксіз мұғалім болып жұмыс істеуі тиіс. Эльмира Суханбердиеваның айтуынша, отыз жыл еңбек өтілі бар ұстаздар зейнетке ерте шыға алады. Яғни ...
ҚР Білім және ғылым вице - министрі Асхат Аймағамбетов 2019 жылы өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеудің назар аударарлық бес пунктін атады. Бұл туралы вице - министр Фейсбуктегі парақшасында жазды.
Белгілі әзілкеш Нұрболхан шуға толы “Қалаулым” бағдарламасының өтірігін әшкереледі. Ол тікелей эфирде болған жайтты жариялап, Аша Матайдың жүргізушілік қабілетіне күмән келтірді.
Шетелден рұқсатсыз ән ұрлағандардың бірі – жас әнші Нұрсұлтан Нұрбердиев. Өнер иесі түркиялық Мұрат Япрактың әнін алып, қазақша сөз жаздырып алған. Ал мұны білген түрік әншісі отандасымызды сотқа ...
Парламент Сенатының жалпы отырысында “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң екі оқылымда ...
Жаңа жылдан әрдайым жақсылық күтетін қазақ елінің әр бір азаматына тек жақсылық пен бақыт тілей отырып, 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал ұсынып отырмыз. Армандаған армандарыңыз орындала берсін!
Ана деген, ана деген бұл өмірдің тірегі. Аналардың мөп - мөлдір ғой тілегі. «Құлыным» - деп шырылдаған, ешбір тыным таппаған, Ауырмасын, ауырмасын, аналардың жүрегі.
Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Балапаның қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да - Ана. Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді.
Жер бетінде қанша адам болса, сонша мінез бар. Әркімнің әдепкі әдеттері әртүрлі. Бүгін экстраверт және интроверт адамдарға шағын зерттеу жүргіземіз. Бұл терминдерді Швейцария психологі Карл Густав Юнг қолданысқа енгізген еді.
Экстраверт: адамдармен тез араласуға бейім тұратын; публика алдында сөз сөйлегеннен қысылмайтын; кез келген әрекетін сыртқы ортамен бөлісетін адам.
Интроверт: жалғыздықты сүйетін; өз - өзімен сөйлескенді ұнататын; ішкі әлемінде өмір сүретін жан.
Адам бір іспен шұғылданғанда, тіпті сөйлегенде күш жұмсайды. Әдетте адам энергияны тыныс алу, тамақтану және ұйықтау арқылы алады. Ұйқымыз қанғанда, жаңа күш пайда болғандай әсерде болатынымыз сондықтан. Психологтардың айтуынша, экстраверт адамдар үшін бұл энергия жеткілікті көрінбейді. Сондықтан, олар энергияны қарым - қатынас арқылы басқа адамдардан алады. Экстравертердің үнемі жұрттың назарында болғысы келетіні осы себептен болса керек. Экстравертер алға ұмтылғыш, ашық - жарқын болып келеді. Араласатын адамдары да айтарлықтай көп болады. Себебі, ол кез келген ортаны баурап, адамдардың есінде қала алады. Дегенмен, бұл жүз достың бәрі сенімді деген сөз емес...
Ал интровертер керісінше. Олар көпшілік ортада ұзақ қалғысы келмейді, үнемі жалғыздықты жаны қалап тұрады. Адамдармен араласып - құраласып кету олар үшін оңай емес. Интровертер сезімдерін сыртқа шығара бермейтін салмақты, жабық, тұйық адамдар. Бұл эгоистік емес. Олар үшін қоршаған ортадан өз ішкі әлемі маңызды. Оның бір немесе екі досы болуы мүмкін. Көбіне олардың осы бір не екі досымен өмір - бойы сырласып өтуі ғажап емес. Психологтар сондай - ақ, шығармашылықпен айналысатын адамдардың көбі интроверт болып келеді дейді.
Экстравертер қиындыққа душар болғанда, ештеңені ішіне ұстамай, айрықша эмоциямен сыртқа шығарып тастайды. Бұл қоршаған ортаның оған деген көзқарасын өзгертуі мүмкін. Ал интровертер бәрін ішінде сақтайды. Соның кесірінен тығырықтан шығатын жол таба алмай, күйзеліске түсіп кетуі ғажап емес.
Өзіңізді танып отырсыз ба? "Таяқтың екі ұшы болатыны" сияқты бұл екі түрдің де өзіндік ерекшеліктері бар. Осы орайда біз экстраверке мынадай кеңес береміз. "Сіз көбіне мәселені бет жағынан қарап, тереңірек үңіле бермейсіз. Сіз үшін дәл қазіргі оқиға бәрінен маңызды. Дегенмен, мәселені жан - жақты ойланып барып, шешім қабылдағаныңыз дұрыс". Ал интроверке: "Жаңалық іздеуден қашпаңыз. Жаңа таныстыққа қол сілтемей, адамдармен араласуға ұмтылыңыз" демекпіз.
Адам жаратылысынан не экстраверт, не интроверт болады. Бірақ, қоршаған орта қажеттіліктеріне қарай, экстравертердің интровертке, интровертердің экстравертке айналуы әбден мүмкін.
Сәкен Сейфуллин: «А. Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан өз заманында патша арам қулықты атарман - шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, дауысын шығарған кісі. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын қорғап, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз - ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губернатор, соттарға күшін сатып, тілмаш болып, кейбір оқығандары арларын сатып ұлықтық істеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызметтерін қылды», – деп жазса, ақынның өзі ол туралы: Адамдық диқаншысы – жолға шықтым, Көгі жоқ, көгалы жоқ қырға шықтым. Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, Көңілін көтеруге құл халықтың, – деп жырлайды.
Алдына үлкен мақсаттар қойып, соған жетер жолда аянбай қызмет еткен қарапайым мұғалім Ахаңды кейін бүкіл ұлттың ұстазына айналады деген ой сол сәтте ешкімге де келмеген болар...
Ұлт ұстазына айналған, өмірбойы ұйқыдағы халқын «Маса» боп ызыңдап оятуды көздеген, «қазаққа қазақты сүюді үйреткен» Ахмет Байтұрсынұлының халқы үшін еткен қызметі шаш етектен. Ол – ақын, ол – қоғам қайраткері, ол – қазақтың тұңғыш әдебиет теоретигі, лингвист, ағартушы - ғалым... Ол – Алаш көшбасшыларының бірі. Ол қазақ үшін бес рет түрмеге түсіп: «Асықпаңдар! Артымызда қазы бар...» деп, соңында атылып кете барған асыл боздақ. Оның өмір жолын, жасаған қызметін білу, бағалау – біздер үшін парыз... Марфуға ШАПИЯН