Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен – жас түлекпін алға ұмтылған

20 мам 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Рефераттар
А. Жанпейісов атындағы
№105 орта мектебінің 11 сынып оқушысы
Шарипова Қарлығаш

Мен – жас түлекпін алға ұмтылған
Туған жер... Туған ел...
Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?!
Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара - пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған - туысым, аға - әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай - құлындай тебіскен жора - жолдастарым дүниеге келген жер.

Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Қармақшы жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... Бәрі - бәрі қазіргідей көз алдымда. Осылайша мектеп табалдырығын аттаған күнімді көз алдыма әкелсем, бүгінгі білім ордасымен, санаптас достарыммен қоштасар сәттің жақындағанына да сене алмай қаламын. Әредік орта мектепті бітіруге санаулы ғана күн қалғанын, сыныптас достарымызбен жан - жаққа, Қазақстанның түкпір - түкпіріне білім іздеп кете баратынымызды, балалықпен қоштасуым тиіс екенін ойласам бітті – жүрегім атша тулап, қобалжып қоя береді. Енді әне - міне дегенше сүрлеу - соқпағы көп өмірдің үлкен белесіне аттанбақпын. Мен – жас түлекпін алға ұмтылған. Жас түлек – болашақ үлкен мамандық иесі, өмір атты керуеннің бір жолаушысы. Қалаған мамандығымның соңына түсіп, өмір - керуен қайда жетелесе – сонда жол тартпақпын. «Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та бар қалан» деп қазақтың дара тұлғалы ақыны Абай атам айтпақшы, өмірден өз орнын тапқан дұрыс қой. Дегенмен «туған ауылымды тастап кете барамын» деген ойдың өзі менің киелі, құт мекеніме деген сағынышымды қазірден арттыра түседі.

Туып - өскен жерім туралы толғанып, ой жетегіне берілген шағымда үнемі Авар елінің нағыз патриот ақыны Расул Ғамзатовтың мына бір шумақтары ойыма оралады да тұрады:
Қымбат маған елімнің бар даласы,
Балтық пенен Сахалиннің арасы.
Қайда болсам қиям оған жанымды,
Туған жерден қазсын бірақ қабірді.
Туған елге, Туған жерге, Туған тілге деген ыстық сезімнің үздік үлгісі мен үшін осындай болмақ.
Отан туралы ой толғасаң, жан толғанысын айтып тауыса алмассың, сірә.
Туған жеріне деген шексіз махаббатқа ие жүрегіммен өзімнің сыныптас достарыма алда тұрған үлкен сын – ҰБТ - дан сүрінбей өтіп, өзі сүйген мамандықтың иесі болуын тілей отырып, Туған жердің – қазақ елінің қадірін біле жүрейік дегім келеді.
6 687
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің Қазақстаным!
Менің Қазақстаным!
Отан дегеніміз не? Отан отбасынан басталады. Отбасында бір - біріне ең жақын адамдар өмір сүреді. Олар әрдайым бір – біріне қолдау көрсетіп, көмектесіп отырады. Отбасым – ата - анам, ата - әжем, ағаларым, әпкелерім. Отбасында іңгалап дүниеге келіп,
Менің туған өлкем
Менің туған өлкем
Өз елін сүймеген адам еш нәрсені де сүйе алмайды — деген Байронның сөздерімен өз жұмысымды бастағым келіп отыр. Әркімге туған жері, елі қымбат. Менің ойымша, адам баласы үшін туған өлкесінен артық еш нәрсе жоқ.
Ауылым алтын бесігім
Ауылым алтын бесігім
Туған жер - адам өмірімен тікелей байланысты. Менің отаным Қазақстан Республикасы. Сол мемлекеттің ішінде Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ақтас елді мекенінде мен дүниеге келдім. Балалық шағым туған ауыл көшелерінде алаңсыз ойнап өсумен өтіп жатыр.
Шығарма: Туған жер – адам өмірінде киелі орын.
Шығарма: Туған жер – адам өмірінде киелі орын.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап - ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады.
Шығарма: Туған жер
Шығарма: Туған жер
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап - ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады.
Менің Қазақстаным  (өлеңдер)
Менің Қазақстаным (өлеңдер)
Қазақстан – бар қазақтың киелі туған жері, Қазақстан – қазағымның туған елі. Кен байтақ Қазақстандай жерде туған Қазақтың Тәңірі берген несібесі!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×