Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қалихан Ысқақтың"Қоңыр күз еді" повесіндегі балалар бейнесі

07 қазан 2018, Жексенбі
Категориясы: Рефераттар
Қалихан Ысқақтың"Қоңыр күз еді" повесіндегі балалар бейнесі
Қазақ әдебиетіне соғыстан кейін келген әдеби толқынның басында тұрған аса көрнекті жазушылардың бірі - Қалихан Ысқақ. Балалық шағы Ұлы Отан соғысының қасіретті жылдарымен, қиыншылықтарымен өткен. Сондай өмірінің - алтын арқауы "Қоңыр күз еді"повесі. Қалихан Ысқақ - қылаусыз сөз шебері. Кейін жасында қолына қалам алғанда сондай бір зұлмат балалық шақты осы бір повес арқылы астарлап ашады. Бұл повестің басты кейіпкері - Қасым. Қасым - кемпір мен шалдың қолында өседі. Ол кісілердің шамалары келмеген соң, интернатқа Қасымды береді. Интернат - өте қараңғы суық, дәл бір жатақхана барақ сияқты. Бұл кезде Қасымның тағдыры - өте қиын, балалығының алтын кезеңдері интернатта күні бойы жұмыс істеумен, жалғыз қалған қозыдай бөтен балалар арасында өтеді. Бұл жерде тек Қасымның тағдыры емес, интернат балаларының тағдыры. Күні таңертең балалар аш. Өте суық, жататын жерлері де біртүрлі. Олар айдауға көніп жүре береді. Себебі, басатын таулары, баратын жерлері, баспаналары жоқ. Олардың әрбіреуінің көзінде ауылға деген сағыныш, ата - анаға деген деген лебіз бар. Көздерінде бір тұнып тұрған қасірет бар. Интернат ұстаздары да жөндеу емес. Өз үйлерінің жұмыстарын осы балаларға істетіп, жұмсап отырады. Қасымға келгеннен - ақ бірі көзіне дұрыс еместей, ол жерде қаншама ауылды сағынып отырған, ата - ана махаббатына зәру балалар бар екендігі сезілген. Себебі, өзі де осы күнді басынан өткеріп жүр. Тіпті, директордың өзі де адам менсінбейді, бір ауыз сөзін зорға тауысып айтады. Қасым ең алдымен "маған балалар тиісе ме екен? не болады"- деп қорыққан. Жоқ, олай болмады. Ол жерде кекіл шашты Бүкір, сөзшең Жарықжұлдыз, тағы да өзі сияқты ұл балалар бар екен. Бірде бұл келгенде, төсек үстінде жатқан кекіл шашты бала суырылып:
Қай сыныпта оқисың? Атың кім?
Сегізінші, есімім - Қасым.
Дөйт де ген, бір бірге оқиды екенбіз ғой. Кел, кел! Менің жанымда әзір ешкім жоқ. Кел, кел! Дорбаңа да орын табылады, менің сандығым үлкен!- деп киіп - жарып барады. Екі туып, бір қалғандай - ақ Қасымның асты - үстіне түсті.- Немене, мұның іші толған бауырсақ шығар?
- Жоқ, әншейін киім - кешектер ғой. Сол - ақ екен, Бүкірдің қабағы салбырап жөнелді. Әлгіндей емес, үйір сектігі басылып, быржиып - тыржиып, маңдайы жиырылып кетті. Қасымды жақтыртпай оны Жарықжұлдыздың қасына жіберді. Қасым өзін жайсыз сезініп, біртүрлі болып қалды. Міне, осылайша Қасым да интернат балаларымен танысып, табысып, олардың мінездерін білді. Жарықжұлдыз сөйлемейтін бала секілді тұғын, бірақ сөзшең екен. Қасымның келгені сол еді, бір имиген қара әйел келіп, үйіне суға жұмсады. Қасым бұндайға таңқалды. Сөйтіп бір күн өтті. Келесі бір күні сабақ басталды. Ұстаздары - Маймұрын ағай. Қасымға жаны ашығандай, шалбарынан басына дейін үрке қарады. Оны Алтынның қасына отырғызып, сабақ берді. Бұл күндері Қасым үшін сабақ күні емес, күлкі күнідей көрінді. Сынып ду - ду күліп, оны келеке қылады. Соғыс біткеніне бір - ақ жыл болатын. Сол жылдың күзі еді. Маймұрын Қаламтайдың інісі Алматай институт бітіріп келді. Ол мектепке әдебиет сабағынан берді. Қасымға бағаны төмен қоятын еді. Ол оған ренжіп жүрді. Қасымды сабақ соңынан алып қалып:
- Сен маған өкпелеп жүрсің бе?
- Неге?
- Баға үшін
- Жоқ
- Онда жөн екен. Сен өзіңді бағамен салыстырма. Кімнің қандай білігі бар, ол маған бес саусақтай белгілі. Біреуге баға керек. Енді біреуге... Мәселен, сен өзің әдебиетші болсам деп армандадың ба? Арманда! Асылы, сүйген жақсы әдебиетті, құмартқан жақсы. Сен осыны ойла. Сен біздің үйге менімен жүрші. Мен саған қызықты кітап беремін. Ол кітапты ешкімге көрсетпе - деді де, Қасымды ертіп, кітабын табыстады. Қасымға кітап сонша қызықты емес сияқты болып көрінді, бірақ, іші Қасымды таңға дейін көз ілдірмеді. Ол кітаптың қызығына түсіп, мерейлене оқыды. Осындай қиын - қыстау кезде Қасымға демеу болған Алматай ағай болды. Қасым бұл кітапты оқи отырып, ойын қиялға бағындырды. Армандады. Арманы: кітап авторымен кездесу, Алматы аітапханасын көру болды. Бірақ оның арманы он жылдан соң шорт үзілді...
Мінеки, мына бір повестің үзіндісі қай адамды болсын жазушылық қасиетке итермелейді деген сенімдемін. Әңгіме, өте - ұзақ болғагымен, мағынасы - терең, астарлы. Мен бұл әңгімені оқи отырып,"армандау - асыл қасиет"екенін ұғындым. Қандайда кітап болмасын, оны мейірлене оқу керек екенін дұрыс деп шештім. Әңгімеден, интернат балалары өмірімен таныстым, өзімнің кітапқа деген құштарлығым оянды. Әңгіменің тәрбиелік мәні - осында жатыр деп ойлаймын.
6 503
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қ. Ысқақ «Қоңыр күз еді»повесінен үзінді.
Қ. Ысқақ «Қоңыр күз еді»повесінен үзінді.
Қ. Ысқақовтың өмірбаянын шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас суреткер екенін таныту;
Қасым Қайсенов «Жау тылындағы бала» Қазақ баласының тағдыры
Қасым Қайсенов «Жау тылындағы бала» Қазақ баласының тағдыры
Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асу - Бұлақ ауылында қарапайым еңбекші отбасында дүниеге келген. 1934 жылы орта мектепті толық аяқтамай Өскемен қаласындағы саяси - ағарту техникумына оқуға түсті.
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Қасым Рақымжанұлы Аманжолов 1911 жылы сайын дала Сарыарқада туып өскен. Ол қазақ ауыз әдебиетінен жетімдік көрмеген адам. Ертегі, аңыздарды құлағына құя білген. Бала кезінде айтыстарды, от басындағы өлеңді ауызекі айтып отыратын - ды.
Қалихан Ысқақ «Қоңыр күз еді»
Қалихан Ысқақ «Қоңыр күз еді»
Қалихан Ысқақтың «Қоңыр күз еді» әңгімесін оқушыларға түсіндіріп, әңгіме туралы танымын кеңейту.
Қазақ прозасы әлемінде
Қазақ прозасы әлемінде
Оңтүстік Қазақстан облысы, № 25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қуандықова Гүлжамал
Қадыр Мырза Әлидің «Кәрі қыран» өлеңі
Қадыр Мырза Әлидің «Кәрі қыран» өлеңі
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Досқазиева Ботагөз Қисамадинқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×