Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Иманипедагогиканың теориялық тұғыры, әдістемелік амал - айласы

20 желтоқсан 2018, Бейсенбі
Категориясы: Рефераттар
Заманауи тәрбие теориясы туралы түсініктемелік реферат
Иманипедагогиканың теориялық тұғыры, әдістемелік амал - айласы.
Иманипедагогиканың теориялық міндеттері жалпы педагогикамен бірдей үш деңгейде жүзеге асырылады:- сипаттау немесе түсіндіру, зерттеу;- анықтау (диагностикалық) – педагогикалық құбылыс жағдайын, шарттар мен себептерді айқындау; болжау (прогноздау) – барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде зерттеуден өткізу жəне оның негізінде сол педагогикалық болмыстың жфаңаланған моделін құрастыру. Ал, технологиялық қызметтері де үш түрмен көрініс береді:- жобалау (проекттеу) – педагогикалық іс - əрекет пен оның мазмұны əрі сипатын қалыптастыру жəне реттеуге нұсқау болғандай теориялық тұжырымдар мен анықтамаларды қамтыған қажетті əдістемелік материалдарды (оқу жоспары, бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдары, педагогикалық ұсыныстар) жасауға байланысты;

- жаңалау – тəрбиелеу тəжірибесін жетілдіру мен қайта түзу мақсатына орай педагогика ғылымының замандық жетістіктерін мектеп өміріне, әулет және әлеумет аумағына енгізу және жаңаша пайдалану;

- ықпал таныту (рефлексивтік) жəне реттеу - түзетулер енгізу (коррекциялық)- ғылыми зерттеу нəтижелерінің оқу - тəрбие ісіне болған əсер - ықпалын бағалау жəне одан соңғы ғылыми теория мен тəжірибелік іс - əрекеттер байланысына қажет болып қалатын реттеу - түзетулерді іске асыру. Иманипедагогикалық зерттеулердің әдіснамасы. Әдіснама - гр. т. methodos - зерттеу жолы, теория, ілім. Ғылым дамуының басты шарты - жаңа деректермен үздіксіз толығу. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу əдістеріне тəуелді келеді. Материалистік тәрбие теориясының шешімі үшін ең маңызды идея - бұл адамның жеке тұлға болып дамуының көзі тіршілік иесінен сыртта, әрі оның қалыптасуы «әлеуметтік бағдарламаға» сәйкес, қоғамдық ықпалдың соның ішінде тәрбиенің нәтижиесінде іске асады. Сонымен қатар бұл әдіснама, адам дамуының көзі, одан тыс екенін айта отырып, оның қоғамдық тұлға болып қалыптасуында өзінің ішкі жан дүниелік белсенділігінің де маңызды рөл атқаратынын алға тартады.«Әдіснама» грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағына береді. «әдіс» термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады. Яғни, методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан методология – зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы методология, ғылыми ұғымның, теориялық негізі, ретінде дамуы мүмкін. Сонда бұл нақтылы фиолософиялық жүйемен байланысты. Ұзақ уақыт философияның бір бөлігі болған педагогика екі негізгі философиялық әдіснама: идеалистік және материалистік тұжырымдамаларға арқа сүйеп дамыды және қазір де дамып отыр. Ежелгі грек философия - педагогикалық ой - пікір саласында идеалистік бағытты ұстаған Сократ пен Плотон адам дамуының шешуші факторы бір табиғат екенін мойындаса, материалистік бағыттағы Гераклит, Демокрит және Эпикур адамның қалыптасуын басқаша түсіндірді, сыртқы ықпалдар мен тұрмыстық жағдайларға байланыстырды.
Иманипедагогиканың теориялық тұғыры, әдістемелік амал - айласы жүктеу
2 694
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдістемелік бірлестік туралы ереже
Әдістемелік бірлестік туралы ереже
Әдістемелік бірлестік білім мекемесіндегі (БМ) әдістемелік қызметтің негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Әдістемелік бірлестік бір немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша оқу - тәрбие, әдістемелік, эксперименттік және сыныптан тыс жұмыстарды
Мектептегі әдістемелік жұмыс
Мектептегі әдістемелік жұмыс
Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың алгоритміне төмендегілер кіреді: - Оқу - әдістемелік және педагогикалық - ұйымдастыру құжаттарын дайындау; - Мектеп әкімшілігінің әдістемелік жұмыс жүйесінде күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді көтере білуі;
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту
Мақсаты: Әріптестердің жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды енгізуіне, әдістемелік жұмыстарын жандандыра түсуге ықпал ету. Тақырып бойынша теориялық білімдерін жетілдіру мақсатында таныстырылыммен танысу, баяндаманы тыңдап, талқылау.
Педагогика тест
Педагогика тест
Педагогикадан тест сұрақтары жауаптарымен
Әдістемелік жұмыстар туралы
Әдістемелік жұмыстар туралы
Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу - тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс - әрекеттер мен шаралар жүйесі,
Педагогика ғылымы туралы түсінік
Педагогика ғылымы туралы түсінік
Педагогика пəні. Білім, білімдену процесі тек педагогиканың ғана меншікті зерттеу аймағы емес, оның зерттеуімен философия, əлеуметтану, жантану, экономика жəне де басқа ғылымдар шұғылданады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×