Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жігіт сұлтаны

29 наурыз 2015, Жексенбі
Категориясы: Сценарий
Жігіт сұлтаны
Рудный қаласы,
«№2 Қашар орта мектебі»КММ
Шағын орталық тәрбиешісі Утебаева Гулжайна Елмуратовна

Жігіт сұлтаны тәрбиелік шара
Мақсаты: Балалардың тапқырлық, өнерпаздық, ойшылдық қабілеттерін ашу, эстетикалық талғамын дамыту, шығармашылық деңгейін, өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Отанын сүйетін нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Сайыстың барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, жиналған қауым! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Уа, халайық келіңіз, армысыздар!
Барлығыңыз есен - сау бармысыздар!
Бала деген өмірдің қызығы ғой,
Бала деген өмірдің жалғасы ғой,
Қызығын қызықтауға тоймаңыздар,
Шағын орталық "Қарлығаш" тобы бүлдіршіндерінің "Ұлыстың ұлы күні" Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған "Жігіт сұлтаны"сайысына қош келдіңіздер!

Жүргізуші:
Жиналған мерекеге бүгін халық,
Қарасын біздің жаққа көзін салып.
Жігіттің сұлтандары келіп қалды,
Өнермен тапқырлығын қатар алып.
Бүгінгі сайысымызға қатысатын сұлтан жігіттеріміз Елдос анасы Маринамен, Нурислам анасы Забирамен, Мейрамбек анасы Майрамен және Мақсатты әпкесі Нұрбанумен бірге қол соғып, қошеметпен ортаға шақырайық.
Бүгінгі «Жігіт сұлтаны» сайысын бүлдіршіндеріміздің Наурыз мерекесіне арнаған «Қош келдің, төрлет Наурызым» атты көңілді әнмен бастасақ.

Ал енді алты кезеңнен тұратын сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін.
1. "Тегін білу, тектілік". Сұлтандарымыз өздерін таныстырады.
2. "Таза, мінсіз, асыл сөз...". Сұрақ - жауап сайысы.
3. "Шебер қолдар". Қол өнер сайысы.
4." Күш сынасу". Қол күрес.
5."Үй тапсырмасы". Өз өнерін көрсету.
6. Сәнділік.

Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып.(Әділқазылар алқасымен таныстыру).

Жүргізуші:
1 - сайыс
Ақыл, көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызға,
Сұлтандар өздерін таныстырып өтеді.
(Сайысқа қатысушылар өздерін таныстырады)

2 - сайыс
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек оқуменен білімге.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде саған қуана бер, күлімде, - демекші сұрақтарға жауап беру сайысы.

Сұрақтар:
1) Қазақ халқы ұлттық ойындарын ата (Ақ сүйек, арқан тарту, сақина салу, көкпар, алтыбақан, қыз қуу, қол күрес, асық ойнау)
2) Жігіттің үш жұрты ( ағайын, нағашы, қайын)
3) Қазақ халқының тойларын атаңыз ( құда түсу, қыз ұзату, неке той, бет ашар, шілдехана, бесік той, тұсау кесер, сүндет той)
4) Жеті атаны атаңыз (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)

3 - сайыс
Өзінің алғырлығын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық.
Келесі бұл сайыстың жоспарында,
Түседі бәсекеге шеберлік.(Балалар анасымен бірге өз шеберліктерін көрсетеді)
Жүргізуші: Кезекте ару-қыздарымыздың дайындаған биін тамашаласақ. Қабыл алыңыздар.

4 - сайыс
Келесі кезекте «Шын ер жеңсе - тасымас, жеңілсе жасымас» демекші «Күш сынасу» сайысы, жігіттеріміздің мықтысын анықтайық.

5 - сайыс
Би билеймін тынышыңды алатын,
Ән саламын жанның шөлін басатын.
Әсем әннің әуенімен өткізген,
Шіркін, шіркін, бұл өмірдің әр сәтін, - демекші келесі кезекті "Үй тапсырмасы өнер сайысына" берейік.

6 - сайыс
Ал енді сәнденіп шыққан сұлтандарымызды аналарымен бірге қол соғып қошеметтеп қарсы алайық.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата – аналар өздеріңіз бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған "Жігіт сұлтаны" сайысы өз мәресіне жетіп қалды. Әділқазылар алқасы өз шешімдерін шығарғанша, балаларымыздың Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарын тыңдайық.
Жүргізуші: Әділқазылар алқасын қол соғып қарсы алайық." Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар", "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда", - демекші бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. (Әділқазылар шешімі).
Осымен біздің "Жігіт сұлтаны" атты ұйымдастырылған шағын сайысымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!
9 903
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің, әз - Наурыз!
Қош келдің, әз - Наурыз!
Балабақша тәрбиешісі: Шыңғысбекова Қундызай Сейтқадырқызы
Жігіт сұлтаны 2014
Жігіт сұлтаны 2014
«Жігіт сұлтаны – 2014» сайысы
Жігіт сұлтаны - 2013
Жігіт сұлтаны - 2013
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Балғын ару - 2013
Балғын ару - 2013
Балқаш қаласы, №15 жалпы білім беретін орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Толеуова Манира Мухаметкалиевна
Нағыз қазақ жігіті
Нағыз қазақ жігіті
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің тәлімгері Серікбаева Салтанат
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Асқақтаған ән дайын Күмбірлеген күй дайын Ал, қанекей қырандар Босқа қарап тұрмаңдар Бастап жігіт өнерін Алыстарға самғаңдар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×