Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Байқалып тұрады, ана, ұлылығың!

23 қазан 2015, Жұма
Категориясы: Сценарий
Анаға тілек
Жеткізіп арманға жол күні бүгін,
Бақ құшты қызың менен бүгін ұлың.
Болғанмен бар болмысың қарапайым,
Байқалып тұрады, ана, ұлылығың!

Болмасын дедік те әр кез жүзі мұңды,
Еңбекті ұл, бейнетіңді қыз ұғынды.
Қылсын деп ұзағынан отырасың
Тәңiрден сұрап алған қызығыңды.

Жан - жағың толып бізбен бүтін бүгін,
Болғанда күнiң сәтті - ұтымды күн.
Сонда әр кез тәңіріңе тәуба десiп,
Тіліңнен үзілмейдi шүкірлігің.

Қызығын қызықтаумен немеренің,
Есте әр кез ақ бесікке бөлегенің.
Қуандың талай тойда шаңырақ пен
Жазылған шаттығына керегенің.

Оятып болашаққа сенімдерін,
Өзіңді қадiр тұтты келіндерің.
Бәйек боп жүресің - ау, ұрпақтардың
Болмаса дегендей - ақ көзінде мұң.

Болғандай тіршілікте бағың бала,
Ұл - қызың - өмірдегі тауың дара.
Солардың қызығына куә болып,
Аман жүр ортамызда,
ауырма, ана!

Бекітіп шөбереңнің бұғанасын,
Той болсын әлі талай ұлан - асыр!
Қызықтап сол тойларда отырсыншы
Қазақтың қарапайым бір анасы!

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
17 258
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Тәуелсіздік
Тәуелсіздік
Тәуелсіздік Туғызып ұлы арманның ұлы күнін, Дегендей әр қазақтың бүгіні – Күн, Келіп еді мойындатып күллі әлемге Текті елдің тағы да бір ұлылығын.
Қай маман да тапса өмірден тұрағын, Бәрінің де Ұстазы - Сіз, Мұғалім!
Қай маман да тапса өмірден тұрағын, Бәрінің де Ұстазы - Сіз, Мұғалім!
Мұғалімдер - ұстаз атты аңсар ән, Жандар солар білім үшін жар салған, Жандар солар қыркүйегінде көш түзеп, Төл мейрамын қуанышпен қарсы алған! Мұғалімдер, тәлім, таным сөздері, Сол арқылы келешекті көздеді. Мамандығы мәртебелі болса да, Кішіктікпен
Бұл - біздің көк туымыз желбіреген!
Бұл - біздің көк туымыз желбіреген!
Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы
Жыр жолынан саздың ұғып мұратын
Жыр жолынан саздың ұғып мұратын
Қызылорда қаласы. Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ
Ана
Ана
Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×