Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ елі «тәуелсіздік» алды ма, әлде «тәуелсіздігін» жариялады ма?

07 желтоқсан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Сценарий
ШҚО, Үржар ауданы,
Қаратұма орта мектебі директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарихшы
Камашев Серікқан

Қазақ елі «тәуелсіздік» алды ма, әлде «тәуелсіздігін» жариялады ма?

Қазақ елі «тәуелсіздік» алды ма, әлде «тәуелсіздігін» жариялады ма? Мән беріп қарар болсақ осы екі сөзде үлкен айырмашылық бар, тіпті тұтас бір халықтың тарихы жатыр. Биылғы жыл ҚР - ның өз «тәуелсіздігін» жариялағанына 23 жыл толып отыр. Осы уақытқа дейін – «бұрын тәуелді болдық, құл, бодан болдық», ақыры міне бостандық, тәуелсіздік алдық, т. б. сияқты пікірлер айтумен келеміз. Бір елге басыбайлы тәуелді болу деген не өзі? Қазақ елі тәуелсіздікті кімнен алды, ең әуелі тәуелді болды ма, оны мойындап немесе тәуелділікті қазаққа мойындатып көрді ме? Кеңестік заманда қарапайым қазақтардың басым бөлігі, әсіресе ауыл тұрғындары өздерін біз тәуелді елміз, бодан халықпыз деп санаған емес, Кеңес мемлекетінің тең құқықты адамдарымыз деп есептеді. Желтоқсан оқиғаларында ұлттық кемсітушілік орын алғанда қазақ жастарының, негізінен ауылдан шыққан жастардың көтерілуі осының айғағы. 1936 жылы КСРО құрамындағы одақтас республика болған Қазақстан қағаз жүзінде мемлекеттік тәуелсіздіктің барлық нышандарын алған болатын. Ендеше неге біз «егемен» елде туған, «тәуелділіктің» байыбына бара қоймаған жас ұрпақты «тәуелді, құл, бодан» болғансың деп жасытуға тиістіміз. Ғасырлар бойына «тәуелділікті» мойындамай, тәуелсіздігімізді қорғау жолындағы ата - бабаларымыздың жүргізген күресі қайда қалады? Тарихқа үңіліп: Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңіне тоқталмай - ақ, XVғ. орта шеніндегі қазақ хандығының құрылуынан – XXғ соңындағы өз «тәуелсіздігін» жариялауына дейінгі аралықты ашып көрейікші.

XV ғасырдың орта шенінде қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығынан ірге бөліп, Жетісу жеріне келіп «тәуелсіз» Қазақ хандығының» құрылғанын жариялады. Осы уақыттан бастап қазақ елінің өз «тәуелсіздігін» сақтап қалу жолындағы күресі басталып, ол xx ғасырдың 90 - шы жылдарына дейін жалғасты. Қазақ халқының «тәуелсіздік» жолындағы күресін 4 кезеңге бөліп қарастыруға болады:
I кезең: XV ғ. ортасынан XVII ғ. орта шені аралығындағы Қазақ хандығының «тәуелсіздігіне» қауіп төндірген басты жауы М. Шайбани (Әбілхайыр хандығының мұрагері) және оның ұрпақтарымен күресі, халқының басым бөлігі кейін қазақ хандығына қосылған Сібір ханы Көшімнің Ресей қолшоқпары Ермакпен соғысы болатын.
II кезең: XVI ғ. 30 - шы жылдарынан XVIII ғ. орта шені аралығындағы басты жауы Жоңғарлармен және Орта Азия хандықтарымен күресі.
III кезең: XVIII ғ. 1 - ші жартысынан XX ғ. 1 - ші онжылдығына дейінгі аралықтағы Ресей патшалығына және Қоқан хандығына қарсы күресі.
IV кезең: XX ғ. 20 - шы жылдарынан XX ғ. 80 - ші жылдарының аяқ шеніне дейінгі аралықтағы Кеңес үкіметіне қарсы күресі.

1635 жылы ойрат тайпалары бірігіп құрған Жоңғар хандығына қарсы қазақтардың өз «тәуелсіздігін» қорғау жолындағы күресі бір ғасырдан артық мезгіл бойына үздіксіз жүргізілді. Кіші жүз ханы Әбілхайырдың Ресей патшалығынан көмек сұрап, «одақ» құрмақ болған ниеті бүкіл қазақ елінің тәуелділікті мойындауы деген сөз емес, ал Барақ сұлтанның оны өлтіруі қазақтардың тәуелді, бодан болуға деген ашық қарсылығының сипаты болатын. Және, Ұлы жүз бен Орта жүз Ресей патшалығын ешқашан ресми мойындаған жоқ. Орта жүз ханы Абылай Ресей патшасының қайта - қайта шақыртуына құлақ аспастан көз жұмды, оның орнына хандыққа сайланған Уәлиді Ресей патшалығы танығанымен елдің біраз бөлігі Абылайдың тағы бір ұлы Қасым сұлтанды жақтады. Кейін оның ұлы Кенесарыны хан көтеріп соңына ерді. Тіпті, Уәлидің өзінен де қауіптенген Патша үкіметі кейінгі жылдары Бөкейді қоса хан сайлау арқылы орта жүзде жік тудырмақ ниетте болды. Патша әскері мен Ұлы жүз қазақтарының соғыс қимылдарын бірлесіп жүргізуі барысында 1876 жылы Қоқан хандығы жойылып, оның территориясы Түркістан генерал - губернаторының құрамына кірген болатын. Ресей патшалығының хандарды сайлап, бекіту және хандық билікті жойып, округтік басқару жүйесінде аға сұлтандар тағайындау саясатына қарсы қазақ елінің үздіксіз күрес жүргізуі, патша үкіметі тарапынан бекітілген хандар мен сұлтандарды тыңдамауы, және бағынбауы негізінен қазақтардың тәуелділікті, бодандықты мойындамауынан туған қарсылықтары еді.

Ресей патшалығының отарлау саясатына қарсы қазақ халқы XVIII ғ. 2 - ші жартысынан 1917 жылға дейінгі аралықта үздіксіз күрес жүргізіп келді. Атап айтсақ: 1767 жылы орыс әскерлерінің кіші жүзге шабуыл жасауы; 1773 - 1775 жж. кіші және орта жүз қазақтарының Е. Пугачев көтерілісіне қатысуы; 1783 - 1797 жж. Сырым Датұлы көтерілісі; 1797 - 1814 жж. Қаратай сұлтан бастаған көтеріліс; 1816 - 1821 жж. Арынғазы сұлтан бастаған көтеріліс; 1836 - 1838 жж. Исатай мен Махамбет көтерілісі; 1837 - 1847 жж. Кенесары көтерілісі; XIX ғ. 50 - 70 жж. Жанғожа батыр бастаған Сырдария қазақтары, Орал және Торғай облыстары, Маңғыстау жеріндегі көтерілістер; 1858 - 1876 жж. Ұлы жүз елінің Қоқан феодалдарына қарсы күресі; 1905 жылдың жазындағы Семей, Торғай, Орал және Сырдария облыстарындағы шаруалар қозғалысы; 1916ж. ұлт - азаттық көтерілісі, т. б. Бұл көтерілістердің барлығы қарулы қақтығыс түрінде жүргізілсе, басқа уақыттар наразылық сипатында өтті. 1916 жылғы көтеріліс барысындағы 13 болыс өкілдерінің құрылтайында Әбдіғапар Жанбосыновтың Торғай уезінің ханы болып сайлануы қазақ халқының хандық биліктің жойылуымен әлі толық келіспегені, патша үкіметі тарапынан жүргізілген саяси реформаларды мойындамағанының дәлелі бола алады.

Патша үкіметімен ғасырдан артық уақыт күрескен қазақтардың патшаның құлатылуына да атсалысқаны шындық. Атышулы атаман Анненков Семейдегі сотында: «... 1917 жылғы төңкерісті орыстар бастаған жоқ, шындығында оны қазақтар бастаған» деуінде мән бар (Әкім Тарази дерегінен). Патша құлатылған соң қазақ зиялылары Еуропа елдері үлгісіне деңгейлес мемлекет құру ниетімен «Алашорда» үкіметін құрып, алдағы уақыттарға нақты жоспарлар жасады. Нәтижесінде, көпшілік қазақ зиялыларының болашақты ойлау ниетпен (тәуелділікті мойындағаннан емес) кеңес үкіметі жағына шығуы барысында Алашорда таратылып, қазақ елі Ресейдің құрамындағы «автономиялы республика» болып танылғанымен, қитұрқы саясатын байқатқан кеңес үкіметі қазақтардың күшті қарсылығына тап болды. Деректерде Т. Рысқұлов, Ф. Ходжаев, З. Валидов, А. Байтұрсыновтар қол қойған хатта олар Лениннен Түркістан республикасының «қуыршақ республика» болуына наразылық білдіріп, кеңестік автономияға ұлттық мемлекеттік статус беруін талап еткендері айтылады. Бұл қарсылықтар 1919 - 1989жж. аралығында, 70 жыл бойына жалғасты.

Қазақ елі кеңес үкіметінің жауларымен де (1918 - 1921жж. ақ гвардияшылдар мен шетел интервенциясына қарсы қызыл армиямен бірлесіп) өз «тәуелсіздігін» қорғау жолында күрес жүргізді. Қазақтардың «әскери коммунизм» және азық - түлік саясатына қарсылығы нәтижесінде Қостанай, Ақмола, Орал, Семей губернияларында көтеріліс ошақтары пайда болды. Мысалы, Қарқаралы уезінің 70 - тен астам партия басшы және кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза болды. Кеңес өкіметіне қарсы шығып, 40 - шы жылдарға дейін қарсылық білдіріп келген «басмашылар» негізінен Түркістан республикасының милициясы болатын. Кеңес үкіметіне қарсы күрес «ұжымдастыру» кезінде өрши түсті. 1929 - 1931 жж. екі жыл ішінде ғана терроршыл әрекеттерді, өрт салуларды есептемегенде, республика аумағында 372 жаппай қозғалыстар мен көтерілістер орын алып, оған 80 мыңдай адам тікелей қатысқан. Созақ, Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау, т. б. аудандарында көтеріліс жасаған шаруалар шын мәнінде түгел қырылып тасталды және кейбір елді мекендер жермен - жексен етілді. Көтерілістердің арты қолдан жасалған ашаршылыққа ұласып, аштық пен індеттен толық емес деректер бойынша халықтың 40%- ы тікелей шығынға ұшыраса, тек 1930 ж. қаңтардан 1931ж. маусымға шейінгі аралықта ғана 280 мыңнан астам қожалық, яғни 1 млн. 70 мыңдай адам республикадан тыс жерге көшіп кетті. Нәтижесінде қазақ елі 1936 жылы 9 ақпанда ҚАКСР Орталық Атқару комитетінің қаулысымен «қазақтар» деген дәл атауын қайтарып алып (киргиз - кайсак болып аталып келген), 1936 жылы желтоқсанда автономиялықтан қайта құрылып одақтас (тәуелді емес) Қаз. КСР дәрежесіне қол жеткізді. Оның арты жаппай қуғын - сүргінге ұласып, қазақтың бас көтерерлерінің түгелге жуығы жойылып жіберілді. Зұлмат жылдары артық - кемі жоқ 101 мың қазақстандықтар «Гулаг» азабынан өтіп, 27 мыңнан астамы атылды (Комсомольская правда, 1991ж. ақпанның 19 - ы). Адам баласының басына бермес осыншама қайғы - қасіретке ұшыраса да 1941 - 1945 жж. Ұлы Отан соғысына әрбір бесінші қазақстандық елін, жерін, Отанын қорғауға аттанып, соғыстан 350 мыңнан астам қазақ оралмады және әлем жұртшылығын таңғалдырған ерліктерімен асқақ рухының, ерік - жігерінің жасымағанын, қазақ деген ұлттың «тәуелді, бодан, құл» болуға төзбейтін халық екенін төрткүл дүниеге паш етті. Дегенмен, қазақтар үнемі алдыңғы шептерде ғана соғысса да олардың таңғажайып ерліктерін бағаламау, лайықты құрмет көрсетпеу де орын алды. Мысалы, Москваны қорғау кезінде жауға қатты қарсылық көрсетіп, оларды зор шығынға ұшыратқан «Қазақстандық 316 атқыштар дивизиясының» «Панфилов дивизиясы» аталуы, таңғажайып ерліктерімен аттары аңызға айналған «28 қазақстандықтардың» «28 панфиловшылар» аталуы, Б. Момышұлы, Р. Қошқарбаев, Қ. Қайсенов, т. б. батырларға лайықты құрметтің берілмеуі және т. б. осының айғағы. Жауды жеңіп шығуға майданда да, тылда да бар күш - жігерін аямай, ерен ерліктерімен дүние жүзін тамсандырған қазақ елінің жері палигон алаңына айналдырылып, зиялы қауымды қудалау одан әрі жалғасты. Бұл шаралардың барлығы да «тәуелділікті» еш мойындамаған, қандай жағдайда да «тәуелсіздік» үшін күреске дайын халықтың ерік, күш - жігерін мұқату, жасыту мақсатында жүргізіліп жатқан істер еді. Қазақ елі еш жасымастан «тәуелсіздігі» үшін күресті жалғастыра берді. 1963 жылы Мәскеудің жоғары оқу орындарында оқитын қазақ жастары «Жас тұлпар» ұйымын, Қарағанды жастары - «Жас қазақ», Семейде - «Тайшұбар» ұйымдарын құрып (осындай ұйымдар Ленинградта, Киев, Алматы, Одесса, Рига, Павлодар, Ақмола, т. б. қалаларда да құрылды) ұлттық мүдде жолына қызмет етті. М. Ауезов, Е. Бекмаханов, т. б. тұлғалармен қатар бұл ұйымдар да қудалауға ұшыратылды және таратылды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 412
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Тәуелсіз елім – Қазақстаным!
Тәуелсіз елім – Қазақстаным!
Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
Тәуелсіздік - тұғырым
Тәуелсіздік - тұғырым
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған ертенгілік
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған ертенгілік
Ежелден – ақ жақсылықты Алладан күтіп, болашаққа үмітпен қараған кеңпейіл халықпыз. Сол пейілге орай қазақ халқына кең байтақ жер, көл - көсір көңіл бұйырған. Ол қиырдан бұл қиырға, дейін жайылған маңғаз елдің кең байтақ жеріне жан - жақтан көз
Тұманбай Молдағалиев "Он алтыншы желтоқсан"
Тұманбай Молдағалиев "Он алтыншы желтоқсан"
Білер қазақ баласы Сәлем сөздің анасы Алдымыздан кезіккен. Көп ұстазды көреміз. Бәріне де ізетпен, Біздер сәлем береміз.
Ата - бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы
Ата - бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы
Қызылорда облысы, Арал ауданы №64 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Махамбетова А.
Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ельжанова Баян Турехановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×