Білімділер поралы
загрузка...

Үздік ұстаз - 2016

Құрметті сайт қолданушылары!
Білімділер порталы 2015 - 2016 оқу жылын қорытындылау үшін «Үздік ұстаз» бәйгесін ұйымдастырғалы отыр.
Мақсаты: Қазақстанның барлық аймағынан ең үздік ұстаздарды анықтау және бағалау болып табылады.
Бәйгеге тек ашық сабақтың жоспары қатыстырылады. Егер, бұрын енгізген ашық сабағыңыз болса, жұмыс үлгіге сай құрылған болса, қатыстыруға болады. Жаңадан жұмыс жіберуге де болады.

Бәйгенің шарты: Ұстаз өз пәні бойынша ашық сабақ енгізуі тиіс. Тек бір ғана сабақ жіберуге құқылы. Бәйгеге қатысу құны 3000 теңге. Сабақ сайтқа жарияланған соң реквизиттер жіберіледі!

Бәйгенің ережесі:
Сабақ жоспары екі беттен кем болмауы қажет. Тақырыбыңызды толық ашуға тырысыңыз, ойын элементтерін, сөзжұмбақ, мақал - мәтел, болса құба - құп. Слайды болуы міндетті емес. Кембридж тәсіліндегі қысқа мерзімді жоспарлар жарамайды!
Жұмыс Word - та сауатты теріліп. 14 шрифтте болуы керек. Сабақ үлгіге сай болуын қадағалаңыз!

Сабақ үлгісі: Жүктеу

Сабақ жоспарын bilimdiler@yandex. ru почтасына жіберу қажет (ворд нұсқасын прикрепить етіп).
Бәйгеге қатысу үшін төмендегі үлгідегідей аты-жөніңізді, сабағыңыздың тақырыбын толық жазып бізге жіберіңіз! Сабақ сайтқа жарияланған соң реквизиттер жіберіледі.

Ақмола облысы, Шортанды ауданы,
Төле би кенті, №70 орта мектептің
бастауыш пәні мұғалімі
Әбсұлтан Ұлдай Шынтемірқызы
Қатысатын категория: бастауыш сынып
1.Жазбаша қосу және азайту

Бәйгенің бағалануы: Әр сабаққа бағалау комиссиясы өз балын қояды және оған дауыс беру балы қосылып нәтиже шығады. Бағалау комиссиясын сайт ұжымы өзі анықтап, жасақтайды. Біз, портал тарапынан бәйгенің мейлінше ашық және әділ өтуіне атсалысамыз. Сонымен іске сәт ұстаздар!

Барлық қатысушылар - сертификатпен және сайт атынан алғыс хатпен марапатталады. Үздіктер - дипломмен, сертификат және алғыс хатпен марапатталады. Ең үздіктері - ақшалай сыйлық алады. Барлық орын алған ұстаздардың бәйге соңында суреттері сайтқа жарияланады.
Бәйге өткізілетін уақыты 10. 02. 2016 – 31. 04. 2016, сайт арқылы дауыс беру 01. 05. 2016 – 14. 05. 2016 аралығында.
Бәйге қорытындысы және үздіктерді анықтау 15 - 20 мамыр аралығында белгілі болады.

Берілетін орындар әр категорияда 7 орыннан (әр номинация бойынша)
Бас бәйге: 1 орын
Бірінші орын: 1 орын
Екінші орын: 2 орын
Үшінші орын: 3 орын
Орын алу мұғалімдердің қатысу белсендігіне тікелей байланысты болады және орын саны қысқаруы немесе көбейтілуі мүмкін.

Бәйге төмендегі пәндер бойынша үздіктерді анықтайды:
1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік ұстазы
2. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің үздік ұстазы
3. Ағылшын тілі пәнінің үздік ұстазы
4. Математика (алгебра, геометрия) пәнінің үздік ұстазы
5. Физика пәнінің үздік ұстазы
6. Информатика пәнінің үздік ұстазы
7. Химия пәнінің үздік ұстазы
8. Биология пәнінің үздік ұстазы
9. Тарих пәнінің үздік ұстазы
10. География пәнінің үздік ұстазы
11. Технология пәнінің үздік ұстазы
12. Музыка пәнінің үздік ұстазы
13. Сурет және сызу пәнінің үздік ұстазы
14. Бастауыш сынып пәнінің үздік ұстазы
15. Балабақша үздік тәрбиешісі
16. Дене шынықтыру пәнінің үздік ұстазы
Материал рейтингісі:
  • 80
барлық дауыс бергендер: 41
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікірлер #1: 10 ақпан 2016 18:20
оте тамаша идея екен. Ойланатын маселе. жумыстарынызга шыгармашылык табыс тилеймин.
Пікірлер #2: 10 ақпан 2016 18:29
Қатысушыларға сәттілік!
Пікірлер #3: 10 ақпан 2016 19:06
ақшаны қалай қайда төлейміз
Пікірлер #4: 10 ақпан 2016 19:09
Құрметті ұстаздар, алдымен үлгі бойынша сабақ жібереміз, сабақ жарияланған соң реквизит жіберіледі!
Бәйге ережелерін мұқият оқимыз! Сабақтарыңызды bilimdiler@yandex.ru почтасына жібереміз!
Пікірлер #5: 10 ақпан 2016 19:09
Сайысқа қатысатыныңыз туралы bilimdiler@yandex.ru поштасына хабар беріңіз. Сізге толық ақпарат беріледі.
Пікірлер #6: 10 ақпан 2016 19:38
Өте тамаша ! Міндетті түрде қатысамын.
Пікірлер #7: 10 ақпан 2016 20:26
Жақсы екен... Қатысуға тырысамын.
Пікірлер #8: 10 ақпан 2016 20:56
Керемет сайыс ұйымдастырып жаткандарынызга алгысымды білдіремін. Шыгармашылык табыс тілеймін.
Пікірлер #9: 10 ақпан 2016 21:33
Осындай сайыстарға қатысу арқылы біз секілді жас мамандар шындалады деп білемін, сайысқа қатысатыным сөзсіз. Сәттілік серік болсын!
Пікірлер #10: 11 ақпан 2016 06:15
Мен тарих пен биология пəндерінен сабақ беремін,екі пəннен жариялауға болама? Бағасы өзгере ме?
Пікірлер #11: 11 ақпан 2016 07:18
Екі пәннің біреуінен қатыса аласыз.
Пікірлер #12: 11 ақпан 2016 13:19
Тамаша қатысуға болатын сайыс.
Пікірлер #13: 11 ақпан 2016 16:19
Колледж ұстаздары қатыса алады ма? Рахмет.
Пікірлер #14: 11 ақпан 2016 17:32
Тамаша! Қатысу керек.
Пікірлер #15: 11 ақпан 2016 18:39
Жұмысты қабылдаған соң сізге хабар береді.
Пікірлер #16: 12 ақпан 2016 20:23
Қысқа мерзімді сабақ жоспары неге қабылданбайды?
Пікірлер #17: 12 ақпан 2016 21:13
Сәлеметсіздер ме? Жаңа технология негізінде слайтталған сабақ жіберуіме бола ма?Рахмет!
Пікірлер #18: 12 ақпан 2016 21:20
Сабақ аталған үлгілерге сай болса болады. Сабақты қалай ұйымдастырғаныңыз туралы жазылған жазба болса жарамайды!
Пікірлер #19: 12 ақпан 2016 21:27
Жіберілген сабақ талапқа сай болмаған жағдайда, ескертілу жіберіле ме?
Пікірлер #20: 12 ақпан 2016 21:29
Сәлеметсіз бе, міндетті түрде қатысамын бұйыртса. Жақсы идея екен
Пікірлер #21: 12 ақпан 2016 21:30
Мен өзім3 (базалық) деңгей бойынша сертификатталған мұғалім болған соң сабақтарымның жүрісі көлемділеу болып кетеме деген ойға шомып отырған жайым бар...
Пікірлер #22: 14 ақпан 2016 15:07
Мен қосымша білім беру педагогымын. Мен мерекелерге арналған сценарийлер жіберсем болады ма?
Пікірлер #23: 14 ақпан 2016 20:15
Сәлеметсіздер бе Құрметті Админ! "Үздік бәйге-2016 "сайысына міндетті түрде қатысамын, Сіздеге үлкен рахмет! Барлық ұстаздарға мықты көңіл күй, шабыт тілеймін.
Пікірлер #24: 17 ақпан 2016 10:11
Керемет жарыс. Барлықтарыңызға сәттілік!
Пікірлер #25: 17 ақпан 2016 19:36
Саламатсыздар ма осы сайысқа қатысу ақылы ма сабағымды жибердим енди не истеймин
Пікірлер #26: 17 ақпан 2016 20:08
Сәлем Қазақстандық ұстаздар сәттілік тілеймін.
Пікірлер #27: 21 ақпан 2016 16:26
Барлық"Үздік ұстаз" байқауына қатысушы ұстаздаға сәттілік тілеймін жеңісті күндерде жолыққанша, ал сайт әкімшілігіне алғыс білдіремін
Пікірлер #28: 1 наурыз 2016 19:52
Сәлематсыздар ма? Жақында өткізілген ашық сабақ еді? Сіздерге жіберген едім. "Үздік ұстаз" байқауына қатысу үшін тағы сол сабақты жіберуге бола ма? Тек жоспары дегенде жүрісі жіберілмей ме? Өткізілгелі отырған байқауларыңыз ұнап отыр. Сайт әкімшілігіне рахмет айтпақшымын.
Пікірлер #29: 2 наурыз 2016 20:55
Конкурсқа қатысамын деушілер жұмысын ережеде көрсетілген адреске жіберу қажет.
Пікірлер #30: 3 наурыз 2016 06:39
Сабак жибердим. Ештене келген жок
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 499
Қолданушылар: 3
Қонақтар: 496
Роботтар: 2
togzan medetgulzhan 19жадыра82
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика