Білімділер поралы

Алтын күз ертеңгілігі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
№33 «Көркемай» балабақшасы
Екінші сәбилер топ тәрбиешісі
Махымгалиева Анария Төрешқызы

«Алтын күз» ертеңгілігі.
Мақсаты:
Білімділігі: Балалардың күз туралы ұғымдарын бекіту, күз мезгілінде жапырақтар сарғаяды, жемістер мен көкөністер піседі. Олармен таныстырып, қызығушылығын арттыру.
Дамытушылығы: Күз мезгілі туралы өлең тақпақ жаттау. Күз ерекшеліктері туралы әңгімелеу.
Тәрбиелігі: Балаларға табиғатты аялауды, бүлдірмей таза ұстауға тәрбиелеу.
Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.
Жүргізуші: Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен
Таңдандырған халқын күз.
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі мерекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.
Арай:
Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Саудырап түседі.
Райана
Аспанды сұрғылт бұлт,
Жан - жақтан жабады.
Күн бірте суытып,
Жауын көп жауады.
Яна: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Айару
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ!

Ән:«Күзгі жапырақтар».(хор)
Жүргізуші: Жарайсыңдар! Орындарыңа жайғаса қойыңдар!
Ал, балалар, балалар,
Енді бері қараңдар.
Бізге қонақ келмекші.
Сендерді бір көрмекші.
Әуелі жұмбақ жасырам,
Қулығымды асырам.
Табалсаңдар шешімін,
Қонағымды дәл ортаға шақырам.

Жұмбақ
Жиып - теріп болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың
Дұрыс, күз мезгілі. Ал, күзде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?
Өте жақсы. Ендеше, уәде еткенімдей ортаға қонағымыз - Алтын күзді шақырайық!
Музыка ойнап, ішке Алтын күз кіреді.
Алтын күз: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Мен - Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін.
Қонаққа келдім сендерге. Сәбіз, картоп, тәтті алма!
Оған досым таң қалма! Жапырақ та сыйқырлы, ойын ойнар түр - түрлі!

Жүргізуші: Рахмет, саған Алтын күз! Қабыл алдық сыйды біз! Отырыңыз
жайғасып! Ал, ендеше, балалар, бекер қарап тұрмаңдар.
Жапырақпен сиқырлы, ойынды тез ойнаңдар.
Ойын:«Кім жапырақты тез жинайды?»
Алтын күз: Жарайсыңдар балалар!
Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін
Мақтанбақшы сендерге, көкөністер сан түрлі!
Қайда менің күзгі көкөністерім кәне ортаға келіңдер!
Ортаға «көкөністер»шығып, өздері туралы тақпақтар оқиды.

Пияз: Асханадан шықпаймын.
Атым - пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам,
Тұмаудан бірақ сақтаймын!

Қызанақ: Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен - қызанақ,
Күнге қарап ұялып!

Қос картоп: Картоп біздің атамыз,
Жер астында жатамыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбіз бәріміз!
Сәбіз: Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз!
(Осы кезде ортада шалқан қалады).
Тәрбиеші мынау не қалған ортада, шалқан қалып қойыпты ғой.
(Осы кезде музыка ойналады ертегі басталады).

«Шалқан» ертегісі.
Алтын күз: Жомарт күздік біздерге
Берерін алып, шашпайық.
Алтын күзге арналған
Биімізді бастайық.
Би: « Көкөністер»
Атын күз: Менің көкөністерім шеттерінен өнерлі. Менің көкөністерім ойын ойнағысы келіп отыр.
Ойын: «Көкөністерді жинаймыз»
Жүргізуші: Балалар қандай жемістер білесіңдер? Балалар сендер жемістердін дәмін ажырата аласыңдар ма? Ендеше жемістердің дәмін ажыратып көрейік.
Ойын: «Дәмін ажырат»
Жүргізуші: Біз көңілді балдырған.
Сескенбейміз жаңбырдан.
Қолшатырды аламыз.
Әсем әнге саламыз.
Би:«Қолшатыр»

Ойын: «Күн мен жаңбыр»
Алтын күз: Өте тамаша биледіңдер, рахмет, балалар! Қолшатырларың қандай керемет! Қандай ақылды балаларсыңдар!
Көктемде керемет көшеттер отырғызсаңдар, күзде жемісін жейсіңдер. Адам ағзасына қажетті дәрумендер жемістер мен көкөністерде көптеп кездеседі. Сондықтанда күнделікті жеп тұрыңдар. Мен енді кетиін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше!
Жүргізуші: Алтын күздің сыйы - жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. Тобымызға барғасын сендерге таратып беремін келген қонақтарға «Сау болыңыздар!» дей отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
  • 20
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Үздік жаңалықтар
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 21
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 21
Роботтар: 2
Соңғы пікірлер
  • Максатулы
    Жазған: Максатулы
  • Молдатай
    Жазған: Молдатай
  • Тайлак
    Жазған: Тайлак
  • Минаим
    Жазған: Минаим
  • zenagerakl
    Жазған: zenagerakl
  • давид
    Жазған: давид
  • акмаралдай
    Жазған: акмаралдай
  • Дильбари
    Жазған: Дильбари
  • mamty
    Жазған: mamty
  • Апат
    Жазған: Апат
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика