Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1 қыркүйек күнімен! Алғашқы қоңырау

30 шілде 2017, Жексенбі
Категориясы: Сценарий
1 қыркүйек күнімен!
Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру. Мерекеге арнайы әндер, тақпақтар үйрету.
Ата Заң күні мерекесін атап өту. Отаншылдыққа тәрбиелеу.
Сахна мәдениетіне баулу. Көңілді орта қалыптастыру.

Қоңырау дыбысы мен балалар күлкісі үнтаспада қойылады.
Балалар жүгіре шығып арнайы орындарына орналасады.
Жеке әнші бала ортада А. Еспенбетованың «Күмбірле, қоңырау» әнін орындайды, басқа балалар билейді.
Ортаға тәрбиеші және 2 жүргізуші балалар шығады:
1 - жүргізуші: Өмірдің бейбіт бағы бұл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды.
2 - жүргізуші: Ерекше бүгінгі күн, салтанат сән
Тербетер жүректерді бір әсем ән
Шат - шадыман барша ел, барша халық
Құлпырып тұр гүлдермен айнала, маң
Тәрбиеші: Мереке, зор қуаныш - білім күні
Баурайды қоңыраудың сыңғыр үні
Оң талап, құтты болсын қадамдарың -
Балдырған, балғын жандар - өмір гүлі!
Қымбатты балалар, құрметті ата - аналар, балабақша қызметкерлері!
Білім күні мерекесі................
Бірге: Құтты болсын!
Балалар: Алақай!
Тәрбиеші: Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректің сүйікті, асқақ әні
Мерекеде бәріміз бір дауыспен
Шырқайық еліміздің әнұранын!
ҚР Мемлекеттік әнұраны
Тәрбиеші: Біздің мерекемізге бүгін сиқырлы қызыл кілем үстімен көптеген қонақтар келеді деп күтілуде... Әне, алғашқылардың бірі болып,
балабақшамыздың меңгерушісі Кулетова Бақыткүл Нәзікқызы келе жатыр, қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық...
(Екі жүргізуші балалар жүгіріп меңгерушінің алдынан шығып, бірге жүріп келе жатып, бірнеше сұрақтар бере келеді)
1 - жүргізуші: Дәл осы сәттегі көңіл - күйіңіз қандай?
2 - жүргізуші: Ең бір есте қалған білім күні мерекеңіз туралы әңгімелесеңіз?!
Тәрбиеші: Шайдай ашық бейбіт күннің аспаны
Ауламыздың келісіп тұр бар сәні
1 - қыркүйек - салтанатты мерекемен
Құттықтайды меңгеруші баршаны!
Бақыт Назыққызына құрметті сөз кезегін ұсынамыз!
Құттықтау сөз

1 - жүргізуші: Көрінбес ғажап еңбектің
Бейнетін кешіп жүрсіздер
2 - жүргізуші: Құттықтап бүгін мерекемен -
Айтамыз мың алғыс біздер!
Қымбатты апайлар! «Алғыс гүлімізді» қабыл алыңыздар!
(Ұстаз тақырыбына музыка қойылады.
Балалар жан - жақтан барша апайларға гүл шоғын ұсынады)
Тәрбиеші: Балалар! Мерекені бізбен бірге қарсы алуға ертегілер елінен
бір топ достарымыз келе жатыр, қарсы алайық!
(Қызыл кілем үстімен бір топ ертегі кейіпкерлері ойнап, күліп, билеп келеді)
- Сәлем, сәлем балалар!
- Қайырлы күн!
- Мереке құтты болсын!
- Орта ән - жырға толсын!
- Бүгін біз сендерге қонаққа келдік, сендер қуаныштысыңдар ма?
Балалар: Иә!
- Жо - жоқ мен сенбей тұрмын! Шынымен қуансаңдар қолдарыңды қатты көтеріп «Алақай!» деп айқайлаңдаршы!
Балалар: Алақай! («Тағы да, одан да қатты!» деп барлық балаларды қатыстырады)
- Біздің келгенімізге қуанғандарыңа енді сендім.
- Бүгін мереке ғой, неге билемей отырсыңдар?
- Қане, билейік! Маэстро, музыка!
Би «Аяқпенен топ - топ - топ»
Тәрбиеші: Ортамызға қош келдіңдер............. (әрқайсысының атын атайды)
Би билеп керемет көңіліміз көтеріліп қалды.....
- Біз көп - көп ойындар да білеміз,
- Сиқыр жасай аламыз,
- Көңілді жүргенді ұнатамыз!
- Бүгінгі мерекені асыға күттік! Көп дайындалдық!
- Балалар, сендер ше? Мерекеге дайындалдыңдар ма?
Тәрбиеші: Балалар мерекеге арнайы тақпақтар жаттады, ән - билер үйренді.
Қане, балалар, көрсетіңдерші өнерлеріңді!....

Би «Көңілді би»

1 - бала: Корабльді басқарып
Көк жүзіне самғатар
Тауды бұзып, тас жарып
Мұхиттарды жалғатар
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне!

2 - бала: Бақытты балғын баламыз,
Өсті ой мен санамыз.
Әлемді танып, оқып қанып
Білім нәрін аламыз.

3 - бала: Білім - менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу - айдында
Жайып білім желкенін
Қиындықтан өтуге
Армандарға жетуге
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге!
(Балалардың әрқайсысы айтып болғаннан кейін ертегі кейіпкерлері ризашылықтарын білдіріп, сиқыр жасағандай қойын - қонышынан, әр жерінен қолдан қағаздан жасаған гүлдер, пішіндер т. б. алып ұсынады)
1 - жүргізуші: Келесі кезекте әнші достарымыздың орындауында
«Бақытты баламыз» әнін тыңдаңыздар.
Жеке ән «Бақытты баламыз»
Тәрбиеші: Бүгінгі күн тосын сыйлар мен ғажайыптарға толы болатын сияқты. Мерекемізге тағы бір қонағымыз асығып келеді.
(Велосипед мінген жиһанкез қария келеді)
Жиһанкез: Амансыңдар ма, балаларым! Мен қиын замандарда
Америка асып кеткен едім. Бүгінде әлемге танылған тарихи Отаным - Қазақстанды велокөлігіммен аралап шығуды мақсат етіп қойдым. Қариясы сыйлы, балалары бақытты гүлденген елімнің қос мерекені тойлау қарсаңына тура келгеніме қуаныштымын!
2 - жүргізуші: Неліктен қос мереке дедіңіз? Бүгін білім күнінен басқа тағы қандай мереке?

Қызылорда қаласындағы
№8 "Бүлдіршін" санаториялық балабақшасында
музыка жетекшісі Бибігүл Жұмабекова Мүсірепханқызы

Толық нұсқасын жүктеу
3 638
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 қыркүйек – білім күні
1 қыркүйек – білім күні
1 қыркүйек – білім күні. Тәуелсіз еліміз - Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай - ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. Өйткені Білім күні – өз мектебін сүйетін және ұмытпаған адамдардың дәстүрлі
Білімнің бастауы – балабақшада ертеңгілік
Білімнің бастауы – балабақшада ертеңгілік
1 қыркүйек - білім күні. Мерекелеріңіз құтты болсын! Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі кездесуіміз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1 - ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде
1 қыркүйек - Білім күні
1 қыркүйек - Білім күні
Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру.
Білімнің бастауы – балабақшада
Білімнің бастауы – балабақшада
Білімнің бастауы – балабақшада (Ертеңгілік)
Алғашқы қоңырау!
Алғашқы қоңырау!
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы, «Бейнеу лицейі» ММ мұғалімі Әжібаева Гүлназ Айтжанқызы
Армысың, алтын ұя - мектебім
Армысың, алтын ұя - мектебім
1 - қыркүйек Білім күніне арналған «Армысың, алтын ұя - мектебім» атты салтанатты жиынның бағдарламасы Жүргізуші: Ерекше бүгінгі күн, салтанат сән, Тербетер әр жүректі бір әсем ән. Құлпырып шәкірттер тұр мектеп - ұстаз, Сағынып жыл құсындай қайта
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×