Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ойын-сауық "Жаздың хикаялары"

11 мам 2023, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ойын - сауықтың жоспары
Тақырыбы: «Жаздың хикаялары »


Көрнекіліктер: шарлар; гүлдер; Ашулы Тікенектің, Түймедақтың, Саңырауқұлақтың, Күн Шуағының, Қуыршақтың костюмдері;
торт салынған каталка.

Өту барысы:
Қуыршақ /өзімен - өзі айналдыра қарап сөйлесіп шығады/: Ой, күн қандай тамаша! Айнала жап - жасыл, әдемі, күннің шуағы қандай жылы!
/Айналдыра қарап таңданады да, балаларды көріп қалып соларға сөйлейді/.
Қуыршақ: Мәссаған, мына жерде балалар толып отыр ғой, мен оларды қалай байқамай қалдым? Балалар, сендер қандай әдемісіңдер? Сендер неге жиналып отырсыңдар?

Балалардың жауабы: Бүгін біздің мейрам.
Қуыршақ: Балалар, мен осы түсінбей тұрмын, бүгін неге күн жып - жылы, күннің нұры төгіліп тұр, айнала жап жасыл, торғайлар ән айтып жатыр, бәріде әп - әдемі?
Балалардың жауабы: Бүгін жаздың бірінші күні. Жаз мезгілі басталды. Жазда күн жылы болады. Айнала жап - жасыл болып, теректер жапырақтарға оранады, гүлдер өседі, жеміс - жидектер піседі. Күн ұзарады, түн қысқарады.

Қуыршақ: Мен ол жайлы ұмытып кетіппін, сендер менің есіме түсіргендеріңе көп рахмет.
Қуыршақ: Балалар, біздер жазды көп күттік - қой, солай ма? Ендеше, бүгінгі мейрамды жақсы етіп өткізейік. Сендер көңіл көтеруге, ойнауға дайынсыңдар ма?

Балалардың жауабы: Ия, дайынбыз.
/Дабыл әуен ойналады, Ашулы Тікенек шығады/.

Ашулы Тікенек: Естимін, сендерде көңілді сияқты ғой. Және сендер бәрің сондай, мейірімді, сүйкімдісіңдер. Менің атым АшулыТікенек.
Қараңдаршы, менде қанша ашу бар/өзінің қандай семіз екенін көрсетеді, киім ішінде үрілген шарлар./Және мен Жазды сиқырлап тығып қойдым. Бірақ ашудан есте сақтауым шамаланып, қалай дуаны қайтаратынымды және оны қайда тыққанымды ұмытып қалдым. Міне, сендерді көріп, сендер сияқты жақсы көңілді, мейірімді болғым келіп кетті. Сол үшін Жазды сиқырдан арылтқым келеді. Бірақ сендерсіз ештеңе істей алар емеспін, көмектесесіңдер ме?

Қуыршақ: Қалай, балалар, Ашулы Тікенекке көмектесеміз бе? Ол да біз сияқты мейірімді болсын және оған Жазды қайтаруға көмектесеміз.
Балалардың жауабы: Ия.
Ашулы Тікенек: Бірақ мен жазу білмеймін, сондықтан сендерге суретін көрсетемін. Міне бірінші бетте батпақ.
Қуыршақ: Ендеше батпақтан өту керек шығар?

«Батпақ» эстафетасы:
Балалар екіге бөлініп тұрады. Біріншісі допқа отырып лилия жапырағына дейін жүгіріп, оның жапырағын алып өз командасына қарай кері жүгіреді. Содан келесісі жүгіреді.
/Жарыстан кейін Ашулы Тікенектің киімінің ішіндегі бір шар жарылады, ол арықтайды. Жарыс сайын оның шары жарылып, ашудан арылады./

Ашулы Тікенек: Ой, ой маған не болған?
Қуыршақ: Бұл сенен кетіп жатқан ашу ғой. Кәнеки, екінші суретті көрейік. Жаз туралы суреттер, жақсы, балалар, сендер Жаз туралы мақал - мәтелдер білесіңдер ме? Білсеңдер, айтып берейікші.
Балалардың жауабы /балалар Жаз туралы мақал - мәтелдер айтады/.

Ашулы Тікенек /тағы да шар жарылады/: Ой, балалар, мен мейірімді болып бара жатырған сияқтымын.
Қуыршақ /кітапты қарайды/: Күн сәулесі салынған. Ия, расында, күн шуағынсыз, жаз болмайды, ол адамдарға жылылық, мейірімділік сыйлайды.
Ашулы Тікенек: Есімде, күн шуағы мені мейірімді жасағысы келген, ал мен қашып кеттім.
Күн шуағы келеді.
Күн шуағы: Мен – алтын түсті күн шуағымын. Мен жарқыраймын. Менімен жолда қорқынышты емес, біз бірге жауынды, бұлтты, қөңілсіздікті қуамыз.
Ән:
Күн шуағы: Мен сендерге күн сәулесін сыйлаймын. Ол сендердің жолдарыңды жарық етіп, сендерді ешқашан жауыздыққа, ашуға апармайды.
Ойын «Күн сәулесі»:
Күн шуағы: Балалар, кәнеки Ашулы тікенекті қоршап, оны өзіміздің шуағымызбен, жылуымызбен жылытамыз.
Ашулы Тікенек /тағы бір шар жарылады/: Ой, қандай жылы,
Ашуым кетіп барады.
Қуыршақ: Күн шуағы бізбен бірге қалып, бізді өз шуағыңмен жылыт. / кітапқа қарайды / Балалар, мұнда Түймедақ салынған.
Ашулы Тікенек: А, мен Түймедақты да ренжіткен едім. Мен алаңқайдағы барлық гүлдерді тапап тастадым. Мен қандай жаман едім!
Қуыршақ: Сен уайымдама! Қара алаңқайға қайта гүлдер шығады.
Ойын «Алаңқайды әсемде»: Түймедақ шөпке әр түсті гүл күлтелерін өз себетінен алып жайып тастайды. Балалар өз түстеріне қарай гүлдерді салады. Кім тез жинаса, сол жеңеді. Ойын әуен арқылы жүреді.
Қуыршақ: Қанша гүл бар мұнда қара, солда, оңда, алда. Ал ана жолмен бізге қарай біреу жақындаған сияқты, қандай әдемі!
Түймедақ: Сендерді тағатсыздана күткен ем, сендер Жазды іздеп жүр деп естіген едім, Ашулы Тікенекті мейірімді қылды деп естідім.
Қуыршақ: Сәлем, Әдемілік патшалығының иесі.
Түймедақ: Гүлдердің иісі жағымды, сиқырлы жұпар аңқиды, Ашулы тікенек гүлдердің иісін иіскесе кішірейе түседі. Кәне бәріміз шығып билейік.
Би «Гүлдер».
Ашулы тікенек: Қандай ғажап би, тамаша биледіңдер /тағы да бір шар жарылады/. Балалар, мен мейірімді болып бара жатырмын.
Қуыршақ: Келесі сурет ауа шарлары.
Ашулы тікенек: Ия, мен, ашудан шарша үрілген едім.
Ойын «Кім шарды көп тереді»
Қуыршақ: Келесі сурет «Саңырауқұлақ».
/Саңырауқұлақ шығады./
Саңырауқұлақ: Жаз қайда кеткен?
Ашулы тікенек: Сен кімсің?
Саңырауқұлақ: Мен Жаздың көмекшісімін.
Қуыршақ: Ашулы Тікенек Жазды сиқырлап тастапты, ал біз оны құтқаруға барамыз.
Түймедақ: Ал мен оны неге кешікті, неге келмей жатыр деп ойласам. Жазды Ашулы Тікенек тыққан екен ғой.
Қуыршақ: Ашулы Тікенек оны қалай сиқырдан арылту керек екенін ұмытып қалыпты, біз оған көмектесіп жүрміз.
Ашулы Тікенек: Саңырауқұлақ, сен маған ренжіме. Жазды сиқырлап тастадым, енді алдағы уақытта мейірімді боламын /шар жарылады/.
Саңырауқұлақ: Жақсы, мен сендердің көңілдеріңді көтеремін, сендермен ойын ойнаймыз. Демалған соң, жолға шығарсыңдар. Бізге Жазсыз болмайды.
Ойын? /ойынды Саңырауқұлақ өткізеді/
/Бұл уақытта Ашулы Тікенектің тағы да бір шары жарылып, ол арықтап кетеді./
Қуыршақ: Біздің Жазымыз бостандықта. Рахмет саған, Саңырауқұлақ, бізбен бірге қал.
Ашулы Тікенек: Мен қандай арықпын, әрі мейірімдімін. Қараңдар, әнеки, Жаз да келе жатыр.
Жаз шығады.
Жаз: Сәлем, достарым, сендермен кездескеніме қуаныштымын. Сендер өсіп, есейіпсіңдер. Мен өзіммен жылу әкелемін, өзендерді жылытамын, сендерді шомылуға шақырамын, сол үшін сендер мені жақсы көресіңдер. Айтыңдаршы мен кіммін?
Балалардың жауабы: Жаз.
1 бала: Біз сені ұзақ күттік, сені ұзақ шақырдық. Біздің қызыл жазымыз, сыңғырлаған ақыры келді – ау. Қанша бақыт әкелді, қанша жылу мен жарық берді!.
2 бала: Сен біздерге не сыйлайсың?
/Осы жерде Жаз өзі туралы мәнерлеп тақпақ айтады/
Жаз: Рахмет, менің, достарым! Сендер мені Ашулы Тікенектің сиқырынан құтқардыңдар. Мен сендерге өзімнің алғысымды білдіргім келеді. Ол алғыс ретінде мен сендерге сыйлық әкелдім, ол тәтті торт. Сыйлықты бермей тұрып мен сендерді алдыменен өзімнің көмекшілерімен таныстырып кетейін.
Олар, Күн шуағы – бұл маусым /Маусым туралы төрт шумақ айтады/
Түймедақ – бұл шілде /Шілде туралы төрт шумақ айтады/
Саңырауқұлақ – бұл тамыз. /Тамыз туралы төрт шумақ
айтады/
/Үшеуіде шығып өздерін таныстырады/
Жаз: Ал, енді менің көмекшілерім сендерге менің сыйлығымды үлестіреді.
/Үш көмекші шығып балаларға тортты әкеліп балаларға үлестіреді/.
Жаз: Енді балалар, бәріміз тұрып билейік, көңіл көтерейік.
/Балаларды көңілді әуенге билетеді/
Жаз: Көп рахмет, сендерге менің достарым, менің әліде баратын жерлерім бар, сондықтан мен сендермен қош айтысамын, бірақта мен әлі сендерге келемін.
/Барлық кейіпкерлер кетеді./
Қуыршақ: Міне біздің мерекемізде аяқтала келді. Балалар, бәріміз Жазға «Қош сау бол»деп айтайық.
/Балалар қолдарын бұлғап «Қош сау бол» дейді./
Меңгерушіге Құттықтау сөз беріледі.

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,
Мерген ауылы МКҚК "Балбөбек" балабақшасының әдіскері
Сиражева Светлана Халеновна
36 609
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қуыршақ бізде қонақта
Қуыршақ бізде қонақта
Тәрбиешінің үлгісі бойынша сөйлем құрап, айта білуге үйрету. Балалар қуыршақтың келбетіне қарап, оның шашының, көзінің түсін, көйлегін, аяқ киімін өз беттерінше суреттеп әңгімелеу.
Мейірім мен сыпайы біздің жанымызда ойын - сауық
Мейірім мен сыпайы біздің жанымызда ойын - сауық
Балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлау, адамгершілікке, мейірімдікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Алақай, жаз келді.
Алақай, жаз келді.
1 - маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні.(Хормен). Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.
Қуыршақ, бізге қонаққа келді
Қуыршақ, бізге қонаққа келді
Үлгі бойынша балалардың ойыншықтарды сипаттай білуі білігін жетілдіру, өз ойын еркін жеткізуге, жаңа сөздерді меңгертуге баулу. Эстетикалық талғамын арттыру. Балаларды ойыншықтарды ұқыпты, таза ұстауға баулу. Бірін - бірі сыйлауға, кішіпейілділікке
Жаздың хикаялары
Жаздың хикаялары
Бүгін жаздың бірінші күні. Жаз мезгілі басталды. Жазда күн жылы болады. Айнала жап - жасыл болып, теректер жапырақтарға оранады, гүлдер өседі, жеміс - жидектер піседі. Күн ұзарады, түн қысқарады.
Сәлем жарқын жаз
Сәлем жарқын жаз
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ашып көрсетілген «Қазақстан – 2050» Стратегиясының
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×