Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Болашақта кім боламын?

27 сәуір 2014, Жексенбі
Категориясы: Шығарма конкурсы
Жолаушы Ғалымбек 9 жаста
Шығарма Болашақта кім боламын?

Маған «Болашақта кім боламын?»
тақырыбына шығарма жазуға мұғалім тапсырма берді. Әрине, ойыма бірден ертең есейіп ер жеткенде, қандай мамандық иесі болатынымды қалай армандап жүргенімді жазатыным оралды. Ес біліп жан – жағын танып келе жатқан әр баланың қиялы «Кім болғым келеді?» деген сұраққа әр кезде әрқалай жауап беретін сияқты көрінеді. Өйткені мен өсіп келе жатқан бұл заман - дамыған заман және менің кіндік қаным тамған туған елім егемендігінің арқасында бәсекеге қабілетті елдермен иық тіресе дамып келе жатқан ел емес пе? Ендеше «Болашақта кім боламын?» деген сұраққа мен ең алдымен адамгершілігі мол жақсы адам, білімді оқушы, елімнің патриоты болғым келеді деп жауап бергенді жөн көріп отырмын. Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алынып жатқан қазіргі уақытта мәдениетті елдердің озық өркениетінен үлгі алу арқылы көпті көріп өсіп келеміз. Қазіргі таңда оқу оқып үйренемін, белгілі бір кәсіппен айналысамын деген жастарға жол айқара ашық екен. Сондықтан әр адам тек ерінбей еңбек етуі қажет.

Мысалы, менің отбасымда әкем ағаштан түйін түйген шебер, ал анам мұғалім болып жұмыс атқарады.
«Болашақта кім?» тақырыбында біздің отбасымызда әңгіме жиі қозғалады.
Менің ата – анамның мамандық таңдау туралы сөз қозғауы өздерінен басталады.
Мысалы анам жоғары білім алу арқылы мұғалім атанса, әкемнің жолы бір бөлек.
Менің әкем орта білімді адам. Яғни, суретші және безендіруші мамандығын игерген. Алайда оның қазіргі кәсібі - ағаш шебері. Қолөнершілікпен айналысатын әкем бұл кәсіпті оқымаған, оның айтуынша, ол шеберлік атадан балаға мирас болып келе жатқан кәсіп көрінеді. Менің атам, арғы атам ағаш шебері және ұста болған екен.

Бір кездері арғы атамның ұсталық шеберлігін бағалағандықтан, оны тіпті сонау Мәскеуге кремльге жіберген екен. Әкемнің аталарымның шеберлігі жайында айтқан әңгімелері мені қызықтырады. Ал әкемнің қазіргі таңда ағаштан түрлі бұйымдар жасағаны менің қызығушылығымды тіпті арттыра түсті. Әрине, меніңше, бұл қызығушылық маған қанмен дарып келіп тұр деп ойлаймын. Сондықтан мен болашақта қолөнершілікпен айналыссам деймін. Әкем ағашты бағындыра алады және суретті шебер салады. Оның жасаған әр заты сұранысқа ие. Мен әкем сияқты шебер болғым келеді. Өйткені оның қолынан шыққан бұйымдары қайталанбайтын өнер туындысы. Менің әкем мені қазір ақырындап өзінің білгеніне баулуда. Баули отыра болашақта бір маман иесі болу керек екенімді айтады. Қазіргі таңда қолөнеріңді дамытуға мүмкіндіктер жасалуда және сол үшін түрлі оқу орындарына түсіп, жоғары білім иесі бола аласың деп ойлаймын. Тіпті шебердің қиын еңбегін жеңілдету үшін түрлі құралдар пайда болуда.

Сол құралдармен жұмыс жасай білу үшін де білім керек емес пе? Тағы бір кезекте шебер болу үшін адамға шексіз қиял керек деп ойлаймын. Ал сол үшін мен білімімді нығайту керекпін. Қазақта «Шебердің қолы ортақ» деген сөз бар. Шебер болған адамның қолы жан – жақты епті болады екен. Ұшқыр қиялының арқасында қолының ептілігі көп жағдайда өзінің ыңғайын көрсетіп жатады. Мен ендігі кезекте өлең шығарумен де айналысамын. Анам кейде оқып: «Барлық ақындар осылай бастаған, ақырын жаза бер, сосын қаламың ұштала түседі»,- дейді. «Қай маман иесі болсаң да, сол ісіңнің шебері бол»,- деген сөздер біздің үйде үнемі айтылады. Тағы да айтатыным біздің үйде менен кейінгі інім мен қарындасым да шебер болатындықтарын айтады. Сонда қарап отырсам, адамның кім болатындығына ата – бабасының ерекше қабілеттері де әсер етеді екен. «Тұқымында сондай адамдар болған» деген сөздер сондайды айтады – ау деп ойлаймын.
Қазір мен өзімше арман қиялында жүрген сияқтымын, бірақ арманыма жету үшін тырысып жүрмін.

Мәңгі лаулап қалу үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға.
Бұл өлең шумақтарын Мұхтар Шаханов атамыз бекер айтпаған шығар. Тек биік арман ғана адамды өз мақсатына жеткізеді. Ал адам өзінің қамшының сабындай қысқа өмірінде мамандық таңдауында қателеспесе, ол өмірінің мәнді де сәнді болғаны деп түсіну керек сияқты.
32 789
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мамандығым мақтанышым
Мамандығым мақтанышым
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Өмірде тек екі нәрседен қателеспеу керек.
Эссе: Менің қызығушылықтарым
Эссе: Менің қызығушылықтарым
қазіргі кезде мектепте жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы алдымен мұғалімге байланысты
Менің болашақ мамандығым
Менің болашақ мамандығым
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы физика - математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Джаламанова Гүлбаршын Яхупқызы
Болашақта кім болам?
Болашақта кім болам?
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А. С. Макаренко атындағы № 6 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 сынып оқушысы Өтепкалиев Нұржан Ерболұлы 11 жас Қатысатын бәйгесі: шығарма конкурсы (шығарма жазудан) Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Ракишева
Болашақта кім болам?
Болашақта кім болам?
«Болашақта кім боламын?» деген сұрақ бәрімізді мазалайды деп ойлайын.
Мамандықтар шеруі
Мамандықтар шеруі
Рсаева Айман №11 орта мектеп Қызылорда қаласы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×