Негызы жане қышқылдық оксид терге Мысалы келтырындер

0 дауыс
Химия бөлімінде 24 Мам, 18 аноним сұрады
Негізі және қышқылдық оксидтерге мысал келтыр

2 Жауаптар

0 дауыс
29 Мам, 18 аноним жауап берді

Қарап көріңіз көмегі тиер: https://youtu.be/bOERrk85m2I

0 дауыс
27 Қыр, 18 _GamerBeuYT_ (1,920 бал) жауап берді

Сыныбы: 8 сынып

Күні:

№2-шы сабақ тақырыбы:     Негіздік, екідайлы және қышқылдық оксидтердің химиялық қасиеттері және қолданылуы.

Оқытудың мақсаты:  Негіздік, екідайлы, қышқылдық оксидтердің химиялық қасиеттері туралы білімді жүйелеп дамыту.

Реактивтер мен құралдар:     Кальций оксиді, фосфор(V)оксиді,мырыш оксиді,су,стақан, сынауықтар,сынауық тұрғы,индикаторлар,қышқыл,сілті ерітінділері.

Көрсетілім:                                   Кальций және фосфор(V)оксидтерінің суда еруі. Мырыш

оксидінің қышқыл және сілті ерітінділерімен әрекеттесуі.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Білім мен біліктерін тексеру: Оксидтердің жіктелуі бойынша сұрақ қойып мысалдар келтіру.                1.   Оксидтер неше топқа жіктеледі?

2.      Негіздік, екідайлы, қышқылдық оксидтерге мысалдар келтіріңдер.

                                                                                      Оксидтер

image

               

       Металл оксидтері                     айнымалы металл оксидтері         бейметал оксидтері  

Na2O,MgO,CaO,BaO,CuO                    AI2O3,ZnO,Cr2O3,BeO,                    CrO3,Mn2O7,SO3,P2O5,CO2

       Негіздік оксидтер                            Екідайлы оксидтер                       Қышқылдық оксидтер

 Тақтаға сабақ тақырыбы жазылады.Оқушыларға эксперименттік есептерді орындауды ұсынады.                        1.  Кальций оксиді – негіздік оксид екенін қалай дәлелдеуге болады?

Бір оқушыны тәжірибе жасайтын столға шақырамын. Ол кальций оксидін суда ерітіп, түзілген сілтіні индикатормен анықтайды. Екінші оқушы кальций оксидін лакмуспен боялған тұз қышқылында ерітеді. Содан кейін олар реакция теңдеулерін жазады.

                         2.  Фосфор(V)оксиді – қышқылдық оксид екенін қалай дәлелдеуге болады?

Эксперименттік тәжірибені мұғалім орындайды. Фосфор(V)оксидін  суда ерітіп, түзілген қышқыл ерітіндісін индикатормен анықтайды. Фосфор(V)оксидін сілтімен әрекеттестіреді. Ал оқушылар  реакция теңдеулерін жазады. Негіздік  және қышқылдық оксидтермен қатар екідайлы қасиет көрсететін оксидтерді де қарастыру. Мұндай оксидтер қышқылдармен де,негіздермен де реакцияға түсе алады, демек екідайлы қасиет көрсетеді. Тәжірибе көрсетіледі,теңдеулері жазылады:

          ZnO + H2SO4 = ZnSO4 + H2O;                 ZnO + NaOH = Na2ZnO2 + H2O

  Оқушыларды қатыстыра отырып, тірек - сызба таблицасы арқылы оксидтердің химиялық қасиеттері түсіндіріледі.

Өтілген тақырыпты бекіту:

1-тапсырма: Берілген формулалар:NaCI,SO2,CO2,H2O,HCI,H2SO4,KOH. Осылардың қайсысы кальций оксидімен әрекеттеседі. Тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар.

2-тапсырма: Берілген формулалар:H2O,BaO,SiO2,BaCI2,Ca(OH)2,Na,H2SO4. Осылардың қайсысы көміртек(IV) оксидімен әрекеттеседі. Тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар.

Оқытудың жоспарланған қасиетіСуда еритін және ерімейтін оксидтерге мысалдар келтіре отырып, екідайлы оксидтердің ерекше қасиеттерін тәжірибе қорытындысы бойынша түсіндіріп беруі қажет.

Білімділер порталының сұрақ жауап бөліміне қош келдіңіздер!

138 сұрақ

179 жауап

6 пікір

205 қолданушы

Көп қолданылатын ілмектер

педагогика математика өлең денсаулық тақпақ аттестация психология қазақ тілі банк несие қаржы синоним білім дыбыстар дауыссыз тіркелу қалай адам сценарий сайтқа өрт сөндіру нөмірі өрт сөндіру номері қауіпсіздік махаббат мерекесі махаббат күні министрлердің тізімі министрлік жарнама арқылы ақша табу социальная сеть әлеуметтік желі рамадан 2019 рамазан айы ораза 2019 үй жануарлары мысық гмо спорт олимпиада госакт на землю жер телімі госакт азық түлік тарнс майлар трансмайлар лексика адам болсан десениз мереке күндері теңдеуді шешу диалект сөздер диалект характеристика ковалентной связи. октетные формулы льюиса. термин теория электронных смещений химическая связь теория направленных валентностей тік төртбұрыштың ауданын табу тік төртбұрыш аудан табу формула тіктөртбұрыш периметр қазақ әдебиеті зар заман ақындары кекек әдемі есім ұл балаға есім таңдау қыз балаға есім таңдау есім таңдаң тамақ ауруы елің кім руың кім шежіре анаға арнау анаға өлең анаға тілек ауыл мен қала мемлекеттік қызметке орналасу мемлекеттік қызмет құжат бала құқығын қорғайтын заң бала құқығын қорғау үй соғу құрылыс жобалау құжаттар электронды цифрлы қолтаңба egov сайты электронды үкімет іш жүрмей қалса іш қату кредит жумыс издеу мамандык тойотаның соңғы шыққан моделдері тойота тәуелсіздік күні мереке ұңғыш президенттің күніне 1 желтоқсан желтоқсан
...