Вайнер деген кім?

0 дауыс
Видео, сурет, фото бөлімінде 14 Там аноним сұрады
Вайнер деген кім?

2 Жауаптар

+1 дауыс
27 Қыр _GamerBeuYT_ (1,900 бал) жауап берді
4 күн бұрын Jadra таңдалды
 
Үздік жауап

Вайнер деген кім? Олар қалай ақша табады?

2016-06-17 by tabysker

Вайнер деген кім? Вайн бейнероликтері қазақстандық ғаламтор тұтынушылардың арасында нағыз қызығушылыққа ие. Әртүрлі өмірлік жағдайлар негізінде жасалған пародия – ең танымалы. Қызықты деген жазбалар мыңдаған көрілім жинап қана қоймай, бейнероликтердің иелеріне танымалдылық пен табыс әкеледі.

вайнер деген кім

Вайнның авторы болу кез-келген адамның қолынан келетін  іс. Түсірілім үшін профессоналды техника мен жарық көзі талап етілмейді. Вайншылар өз бетінше түсіріп, видеожазбаны монтаждап, басқалармен бөліседі.

Yuframe

Вайнер деген кім? Сол сұраққа «Yuframe» тобы жауап береді. Осы жобасында бес студент жұмыс жасайды. Ең жас қатысушы 18 жаста. Өздерінің алғашқы вайн жазбаларын осы жылдың  сәуірінде шығара бастады,ал қазір олардың парақшаларына 1 200 000  адам тіркелген.

вайнер деген кім

«Біз видеоларды трендтің пайда болуына дейін түсіре бастадық. Инстаграмда видео функциясы болмайтын еді,сондықтан Вконтакте жүйесіне салып журдік. Кейіннен алғашқы ғаламторлық  жобаларымыз пайда болды,оған салмақтылықпен қарап,бизнеске айналдыра бастадық», – деп «Yuframe» жобасының қатысушысы  Расул Абдулаев баяндап берді.

«Бізге айтатын: пайдасыз іспен айналысуды доғарып, оданша оқуға көңіл бөліңдер. Алайда алғашқы жарнамалық келісімшарт келіп, бізді іс-шараларға шақыра бастады.Көшеде танитындай дәрежеге жетті. Біздің нәтижемізді көргендер қол  ұштарын соза бастады.», – деп  «Yuframe» жобасының қатысушысы Расул Абдулаев бөлісті.

Вайн тақырыптары – актуалды әрі өмірдегі қызықты  жағдайлар. Видео авторлары ұсқынсыз болып көрінуден қорықпастан,танымал фильмдер мен бағдарламаларға пародия түсіре алады.Әр таңдап алынған тақырыптарына жеңіл әрі әзілмен қарайды.

Jokeasses

Вайнер деген кім? Образға кіре отырып, авторлар парик,орамал, жасанды мұрт пен көзілідіріктерді жиі қолданады. «Jokeasses» тобының вайнерлері принципиалды тұрғыда бұл дәстүрлі атрибуттарды  436 000 тіркелушілеріне көрсетпеді.

вайнер деген кім

«Жігіттеріміз әйел адамның ролін сомдамайды. Себебі көрермендеріміздің арасында жас балалар да бар. Балалардың ер адамның әйел болып киінуі дұрыс және жақсы нәрсе екен деп қабылдағандарын  қаламаймыз. Олай дұрыс деп ойламаймыз.Және оны жариялағымыз келмеді» – дейді «Jokeasses» тобының мүшесі  Бексұлтан Қазыбек .

«Видеоны көпшілікке арнап түсіргіміз келеді. Біз барлығымыз әртүрлі болғандықтан,әртүрлі көрермендер аудиториясын жинағымыз келеді. Алексей Воробьевтің қатысуымен видео түсіргеннен кейін, Ресей, Әзербайжан және Қырғызстаннан тіркелушілеріміз пайда бола бастады» – дейді «Jokeasses» мүшесінің бірі Бексұлтан Қазыбек.

Нұрлан Батыров

Кейде роликтерде жеке вайншы болып кететін кейіпкерлер пайда болып жатады. Нұрлан Батыровтың парақшасында   494 000  шамасындай тіркелушілері бар. Оның «ессіз әйел» бейнесіндегі бейнежазбалары ерекше танымалдылыққа ие.

қазақ вайнер

«Мен танымал фильмге пародия түсірдім, ал кейіпкері болса алғашқы кезден-ақ көрермендер көзайымына айналды. Біз оны «ессіз әйел» деп атадық. Ол кейіпкер әрбір қызда өмір сүретін сияқты. Тіпті ең момын деген қыздың мазасын алса, шыдамының таусылары анық . Тақырып өте актуалды,өйткені бұл шындық» –дейді  Батыров.

Әртістер де вайн толқының ұстап, түсірілімге қатыса бастады.

Вайншылардың танымалдылығы олардың парақшаларын тартымды ете түсіп,жарнамашылардың көңілін өздеріне аударады. Вайншылардың парақшаларына түсу-әркімнің қызығушылығына айналған. Себебі,бір күн ішінде олардың парақшаларына он мыңдаған көрермендер көз тастайды.

«Бұл табыс көрудің амалы емес, бұл ерекше болу дың мақсаты. Бізде баға тым жоғары,басты себебі-парақшаны қоқыстамау.Өйткені тапсырыстар өте көп. Мен пайдалы бола алатынын ғана таңдаймын. Кейде адамдар бағасын білу мақсатында жазады,ал администратор болса қалжыңдап 1 миллион теңге деп жауап қайтарады » –дейді  вайншы.

вайнер деген кім

Батыровтың мойындауы бойынша, расымен де, оның парақшасында жарнаманы жариялау  500 доллардан бастау алады екен. Кейде вайншылар қосымша бонус ретінде смартфон, фитнес клубтарға абонемент және сәнді электробордтар алады екен.

Вайнды түсіру – авторларға жарқын  жол ашқан. Нұрлан Батыровты музыкалды каналдардан көрсетеді. Ал жақын  уақытта ол қазақстандық арналардың бірінде жүргізуші ретінде шығады.»Yuframe» және  «Jokeasses» жобалары өздерінің туындыларын You Tube желісінде жарияламақ ойлары бар

0 дауыс
15 Там Жадыра жауап берді
Вайн – 2 - ден 22 секунд арасындағы түсірілген қысқа бейнеролик көбіне олардың ұзақтығы 6 секундты құрайды. Әртүрлі өмірлік жағдайлар негізінде жасалған пародия – ең танымалы. Мұндай қысқа бейнеролик VineVideo деп аталады. Мұндай минироликтің ерекшелігі көлемі кіші, қысқа болуымен қатар мағыналы болуы шарт. Автор әзіл немесе басқа әңгімені қысқа уақыт ішінде көрерменге сыйымды жеткізуге тиіс. Vine - ның сценарийі баршаға түсінікті әрі күлкі әкелетіндей құрылуға тиіс.

Осы қысқа бейнероликті жасаушы «вайнер» деп аталады. Кез келген адам вайнер бола алады. Ол үшін смартфонға бағдарлама орнату және күлкілі сценарий ойластыру керек. Бейнеге кім түсетіні автор өзі шешеді.
Білімділер порталының сұрақ жауап бөліміне қош келдіңіздер!

91 сұрақ

116 жауап

5 пікір

290 қолданушы

Көп қолданылатын ілмектер

педагогика аттестация психология өлең тақпақ синоним білім дыбыстар дауыссыз тіркелу қалай адам сайтқа қыз балаға есім ұл балаға есім әлемнің жаңа кереметі жеті керемет әлемнің жеті кереметі 84)= жауабын айтыңыздаршы еүоб(48 52 мақал мәтел айырмашылық алтын күз күз туралы өлең ең кіші екі таңбалы сан екі таңбалы сан пахлаваның рецепті рецепт пахлава туған күнге арнау құттықтаулар тілек таныстыру қыз бен ұл балаға таныстыру өлеңі күзгі бал бауыржан момышұлы күнделік сапалы дезодерант денсаулық дезодорант бір кем дүние шерхан мұртаза кайда туды кимге кызымет етти омири киім кешек мәтел киім жаңбыр табиғат нәресте шығару қарқынан қырқы отбасы туралы тақпақтар бала төлем жасай алмау банк несие жыр төлеген жібек қыз қаржы валюта теңеу теңге өсиет ұлағатты нақыл интернет вайнер тексеру теле2 берындершы тауып сөздер төл гүлдер қос жынысты кембридж сөз белгі құрметте өзге ғылым тіркелеміз генетика зерттейді математика жамандық жақсылық түскөру өлген тілі кітап пешене маңдайға жазылған
...