Несиені төлей алмай жатырмын

0 дауыс
Қаржы, бизнес бөлімінде 5 күн бұрын аноним сұрады

Несиені төлей алмаған жағдайда қандай жеңілдік бар?

1 Жауап

0 дауыс
5 күн бұрын Банк менеджері жауап берді
4 күн бұрын Jadra таңдалды
 
Үздік жауап
Несиені алған кезде тұрақты табысыңыз болды делік, уақытында төлеп жүрдіңіз. Бірақ аяқасты жұмыстан қысқарып қалдыңыз немесе басқа да себеппен несиені төлей алмайтын болдыңыз. Банктен мұндай жағдайда қарызын өтеушілерге жеңілдіктер қарастырылған ба? Біз несие беретін бірнеше банкке хабарласып, сұрақтарымызға жауап алдық.

Несиені төлей алмасаңыз, не істеу керек?
Ең алдымен,  өзіңіз несие алған банктің бөлімшесіне жеке куәлігіңізбен барыңыз. Несие мамандарына мән-жайды түсіндіріп, арыз жазыңыз. Ешқашан банктен қашып, тығылудың қажеті жоқ. Себебі әр кешіктірілген күн үшін несиеңіздің пайызы артып, сіз ойлаған сомадан да артық төлеуіңіз ғажап емес.

Кей банкте мұндай жағдайға тап болған адамдарға бірқатар жеңілдік қарастырылған. Мысалы, “Халық Банкінен” алған несиеңізді төлей алмасаңыз, уақытша тоқтатуыңызға болады. Ол үшін нақты себебіңіз бен оны дәлелдейтін анықтамаларыңыз болуы керек. Жұмыстан шығып немесе қысқарып қалғандар, бала күтіміне байланысты демалысқа шыққандар және ауырып, еңбекке жарамсыз болып қалғандар несиені уақытша тоқтата алады.

Несие алған адам өмірден өтсе, қарызы жабыла ма?
Жоқ. Қарыз алған кісі өмірден өтсе, оның несиесі жұбайына немесе балаларына өтеді.  Отбасы болмаса, қарызды өтеу алыс-жақын туыстарына міндеттеледі. Егер сақтандыру қызметін қосқан болса, өмірден өткен жағдайда барлық қарызын сақтандыру компаниясы толық өтеп береді.

Қарыз алушының табысы азайса, жеңілдік жасала ма?
Табысыңыздың азаюына байланысты төлейтін сомаңыздың мөлшерін қысқартып, мерзімін ұзартуға да болады. Ол үшін бұған дейін жасалған келісімшартты бұзып, өзгерту қажет. Мысалы, “Альфа-Банктен” несие алғанда сақтандыру компаниясының қызметі қоса ұсылынады. Егер сіз 100 мың теңге көлемінде несие рәсімдесеңіз, оның 10%-ын сақтандыру компаниясына беріп, қолыңызға 90 мың теңге аласыз. Түрлі себеппен несиені төлей алмай жатсаңыз, сақтандыру компаниясы сіз үшін үш айға дейін несиеңізді төлеп береді. Ол үшін де нақты себеп пен анықтама болуы шарт.

“ЦентрКредит”, Home Credit пен Forte bank-те де қарызды төлей алмаған клиенттерге жеңілдіктер қарастырылған. “ЦентрКредитте” несиені уақытша үш айдан алты айға дейін тоқтатуға болады. Home Credit банкінде сақтандыру компаниясының көмегімен екі айға дейін кешіктіріп төлей аласыз. Бірақ ол үшін несиеге тағы қосымша пайыз қосылады.

Kaspi bank-те несиені төлей алмағандарға жеңілдік жоқ, оны уақытша тоқтата да алмайды. Бұл банктен несие алсаңыз, келісілген мерзім бойынша қарызды өтеп шығуыңыз қажет.
Білімділер порталының сұрақ жауап бөліміне қош келдіңіздер!

91 сұрақ

116 жауап

5 пікір

290 қолданушы

Көп қолданылатын ілмектер

педагогика аттестация психология өлең тақпақ синоним білім дыбыстар дауыссыз тіркелу қалай адам сайтқа қыз балаға есім ұл балаға есім әлемнің жаңа кереметі жеті керемет әлемнің жеті кереметі 84)= жауабын айтыңыздаршы еүоб(48 52 мақал мәтел айырмашылық алтын күз күз туралы өлең ең кіші екі таңбалы сан екі таңбалы сан пахлаваның рецепті рецепт пахлава туған күнге арнау құттықтаулар тілек таныстыру қыз бен ұл балаға таныстыру өлеңі күзгі бал бауыржан момышұлы күнделік сапалы дезодерант денсаулық дезодорант бір кем дүние шерхан мұртаза кайда туды кимге кызымет етти омири киім кешек мәтел киім жаңбыр табиғат нәресте шығару қарқынан қырқы отбасы туралы тақпақтар бала төлем жасай алмау банк несие жыр төлеген жібек қыз қаржы валюта теңеу теңге өсиет ұлағатты нақыл интернет вайнер тексеру теле2 берындершы тауып сөздер төл гүлдер қос жынысты кембридж сөз белгі құрметте өзге ғылым тіркелеміз генетика зерттейді математика жамандық жақсылық түскөру өлген тілі кітап пешене маңдайға жазылған
...