Шерхан Мұртазаның бір кем дүние атты жазбалары бар ма?

0 дауыс
Ұлағатты сөздер бөлімінде 11 Қаз аноним сұрады
Шерхан Мұртазаның бір кем дүние атты жазбалары бар ма?

1 Жауап

0 дауыс
11 Қаз Жадыра жауап берді

Көрнектi жазушы Шерхан Мұртазаның "Бiр кем дүние" атты кітабынан тұщымды ойларды тізбелеп көрдік. Бір кем дүние - мол кем дүние... Бірген оқиық!

Дуананың жирен қасқасы

 Қасиетті қарт Қаратаудың қойнында Қарағай деген байдың тоқсан тоғыз (99) жирен қасқа тұлпарлары болыпты. Қанша дәулет бітсе де бай қуанар егізге дегендей, байекем сол сәйгүлік жирен қасқалар жүзге жетсе екен деп армандапты.

Бірақ, Құдайдың құдыреті, биелері қайтып жирен қасқа құлын тумай қойыпты. Сондай күндердің бірінде бай ауылына ел кезген бір дуана келе қалады. Қараса, астындағы аты жирен қасқа! Бай жігіттерін жұмсап, дуананың атын тартып алады. Бұдан асқан қорлық, бұдан асқан сорақылық бола ма?!

Сөйтсе, дуана – жай дуана емес, қызыр шалған әулие кісі екен, таудан арқырап аққан асау өзенді бөгеп тастап, жирен қасқасымен өрге шапшып, бай ауылын қарғап кетіпті.

Бай дәулеттен айырылып, қайтып мал-мүлік құтаймай қойыпты. Тоқсан тоғыз жирен қасқа хикаясы осылай аяқталған деседі. Біреуі-ақ жетпеген.

***

Арман

Балалық шаққа

Қайта алмайсың.

Бір кем дүние.

Құдайға сыйынған құстай ұшады,

Адамға сыйынған мұрттай ұшады.

 ***

Нысап 

Кедей – бай; бай – Құдай болсам дейді.

Нысапсыздық жаман.

Бір кем дүние.

***

Құдырет

Бидайын алып, сабанын қойған Құдай.

Жақсысын алып, жаманын қойған Құдай…

Бір кем дүние.

***

Қайдан…

Кедейді бай, азды көп қылған патша данышпан.

Бір кем дүние.

*** 

Асқанға – тосқан

Толдым деген төгіледі,

Жеттім деген жығылады.

Бір кем дүние.

***

Құнықпа

Алтын өзі тотықпайды,

Адамдардың жанын тотықтырады.

Бір кем дүние.

***

Өкінішті

 Атадан алтау тусаң да бір жалғыздық.

Бір кем дүние.

***

Тым… тым…

Патшаға тым жақындама,

Тым алыстап та кетпе.

Ол да от сияқты: Тым жақындасаң күйіп өлесің,

Тым алыстасаң үсіп өлесің.

Бір кем дүние.

***

Маймыл ғұрлы жоқсың ба?

Жазушы Дидахмет Қалтайға: – Машина сатып алайын десем, айдай білмеймін. Правом жоқ, – дейді. Сонда Қалтай: – Ей, циркте маймыл да велосипед теуіп жүр ғой. Маймыл ғұрлы жоқсың ба?! – деген ғой.

*** Дәнек Кейбір бастар ішінде дәнегі жоқ жаңғаққа ұқсайды.

Ондайлар көп қой.

Бір кем дүние.

***

Ойшыл қарға

Түнімен – жаңбыр.

Таңертең – қар.

Жалаңаш ағаш мүлгіп тұр.

Төбесінде – қарға.

Ойланып отыр.

Не ойлайды? Қарғаның тілін білмеймін. Әйтпесе сұрар едім: – Оу, Қареке, ертең не болады? – деп. Ол көп біледі. Жүз жасаған ғой. Ол Мұсаның оқыстан өлетінін білген. Көп шуылдап, көп қарқылдаған. Оны біз түсінбедік.

Бір кем дүние.

***

Сарыала қаз

Жазушы Оралхан Бөкей: –

Елімнің бір жайлауы Құрымбай саз,

Жайлаған алты ай жазға сарыла қаз.

Шолпандай таң алдында туып батқан,

Қайтейін, о дүние, ғұмырым аз, – деп ән салушы еді.

Бір кем дүние екенін білген ғой.

***

Ұятсыз болма

Адамға бала жастан ең керегі – Ұят деген қасиет. Ол туа бітеді. Бірақ кейбіреуі өсе келе, үлкейе келе ұяттан жұрдай болады.

Бір кем дүние.

***

Ай мен Күн туралы

Бұлар туралы ақын Гете жазып кеткен. Ол да біреуден естіген. Біз де елден естігенімізді, оқығанымызды жазамыз. Аспанда Ай мен Күн бір-бірінен ажырап, адасып қалғанда, жердегі пенделерге не жорық?! Қыз Жібек пен Төлеген, Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиха, Сейпілмәлік – Жамал – қайсы бірін айтасың, бір-біріне қосыла алмай кеткен, шын ғашықтар ғой. Дүние жаралғалы бері Ай Күнге жете алмай келеді. Олар о басында ерлі-зайыпты екен, екеуінен жұлдыздар туған. Әзәзіл ажыратқан. Бір-біріне шын ғашық болып, қосыла алмау дүниедегі кемдіктің ең ұлысы.

Білімділер порталының сұрақ жауап бөліміне қош келдіңіздер!

127 сұрақ

161 жауап

6 пікір

223 қолданушы

Көп қолданылатын ілмектер

педагогика математика өлең аттестация психология қазақ тілі денсаулық тақпақ банк несие қаржы синоним білім дыбыстар дауыссыз тіркелу қалай адам сценарий сайтқа лексика адам болсан десениз мереке күндері теңдеуді шешу диалект сөздер диалект характеристика ковалентной связи. октетные формулы льюиса. теория электронных смещений химическая связь теория направленных валентностей тік төртбұрыштың ауданын табу тік төртбұрыш аудан табу формула тіктөртбұрыш периметр қазақ әдебиеті зар заман ақындары кекек әдемі есім ұл балаға есім таңдау қыз балаға есім таңдау есім таңдаң тамақ ауруы елің кім руың кім шежіре анаға арнау анаға өлең анаға тілек ауыл мен қала мемлекеттік қызметке орналасу мемлекеттік қызмет бала құқығын қорғайтын заң бала құқығын қорғау үй соғу құрылыс жобалау құжаттар электронды цифрлы қолтаңба egov сайты электронды үкімет іш жүрмей қалса іш қату кредит жумыс издеу мамандык тойотаның соңғы шыққан моделдері тойота тәуелсіздік күні мереке ұңғыш президенттің күніне 1 желтоқсан желтоқсан қыз балаға есім ұл балаға есім әлемнің жаңа кереметі жеті керемет әлемнің жеті кереметі ауыл 84)= жауабын айтыңыздаршы еүоб(48 52 мақал мәтел айырмашылық алтын күз күз туралы өлең ең кіші екі таңбалы сан екі таңбалы сан пахлаваның рецепті рецепт пахлава туған күнге арнау құттықтаулар тілек таныстыру қыз бен ұл балаға таныстыру өлеңі күзгі бал бауыржан момышұлы күнделік сапалы дезодерант
...