Несие бермей жатыр

+1 дауыс
Қаржы, бизнес бөлімінде 19 Қаз, 18 Жомарт сұрады

Несие бермей жатыр не істеуге болады?

1 Жауап

0 дауыс
19 Қаз, 18 Банкир жауап берді

Банк несие беруден бас тартқанда не істеу керек?
Банк несие алғысы келетін кей клиентіне түрлі себеппен қарызға ақша беруден бас тартуы мүмкін. Бірақ клиент нақтылап сұрап жатпағасын қызметкер де банктің не себепті несие бермегенін айтып, егжей-тегжейлі түсіндірмейді. Сонымен, қандай жағдайда несие берілмейді? Ондай кезде не істеуге болады? Бұл сұрақтарға бірнеше банктің несие беру жөніндегі мамандарына хабарласып, жауап алдық.

Несие тарихыңыз нашар болса…
Несие аларда банкке несие бюросындағы мәліметіңізді алуға келісіміңізді бересіз. Мекеме қазірге дейінгі қаржы тарихыңыз туралы ақпаратты банкке береді. Бұған тек несие бойынша қарыздарыңыз емес, сонымен қатар айыппұл, алимент, салық және коммуналдық қызметтердегі берешектеріңіз де кіреді. Егер несие тарихыңызда кешіктірулер мен төлемей жүрген қандай да бір қарыздарыңыз болса, онда сізге несие беруден бас тартуы мүмкін. Банк қызметкерлерінің айтуынша, несие тарихына соңғы 10 жылдағы мәлімет жазылады. Ол мәлімет кейін де жойылмайды, арxивке жіберіледі.

Не істеу керек?
Қарапайым мысалмен түсіндірейік. Мысалы, Kaspi bank сізге несие беруден бас тартса, онда “Сбербанкке” барыңыз. “Сбербанк” бермесе, Forte bank-тен несие рәсімдеп көріңіз. Себебі әр банктің несие тарихына қоятын талаптары әртүрлі. Forte bank-тің несие беруден бас тартуына 20 күн кешіктіруіңіз себеп болса, “Cбербанк” – 30, ал Kaspi 90 күн кешіктіргеніңіз үшін несие бермеуі мүмкін. Ал кей банктер несие тарихыңызға қарамай, қарызға ақша алу туралы өтінішіңізді қанағаттандырады. Бірақ несиенің үстемесін көбейтуі мүмкін.

Төлем қабілетіңіз төмен болса…
Банк алғалы жатқан несиеңізді ай сайын төлеп отыруыңыз үшін табатын ақшаңыздың шамамен 40-50%-ін ғана есептейді. Табыстың қалған бөлігін күнкөріске қалдырады. Демек, сіздің табысыңыз аз болып, оның жарты бөлігі ай сайынғы несиені төлеуге жетпесе, сізге несие берілмейді.

Не істеу керек?
Ай сайынғы төлемді азайту үшін несиені өтеу мерзімін өзгертіп көріңіз,  яғни несиені алты айға алу туралы өтінішіңіз қанағаттандырылмаса, онда 12 айға рәсімдеңіз. Сонда ай сайынғы банкке берешегіңіз азайып, сізге несие берілуі мүмкін.

Жасыңызға қарай шектеулер болса…
Кей банктер қарыз алушының жасына шектеулер қойып жатады. Мысалы, “Сбербанк” 21-ден 58-63 жасқа дейінгі, ал “Альфа-Банк” 21 жастан бастап 75 жас аралығындағы клиенттерге ақшалай қолма-қол несие береді. Бірақ 58-75 жас аралығындағы несие алушыларға 50 мыңнан үш миллионға дейін ғана беріледі.

Не істеу керек?
Егер жасыңызға байланысты шектеу қойылғанын білсеңіз, онда басқа банкті іздеуге тура келеді.

Қара тізімде болсаңыз…
Бұл заңмен реттелмейді, бірақ кей банк өздері үшін құпия тізімді жасай алады. Бұл тізімге енгіңіз келмесе, кезекте тұрып айқай-шу шығаруды, қызметкерге дөрекілік көрсетіп, әрекетіңізді смартфонға түсіруді тоқтатыңыз. Банк басшылығына олардың қызметіне көңіліңіз толмайтыны туралы хат жазуды да қойыңыз. Несиені уақытынан бұрын төлеу де сізге пайда әкелмеуі мүмкін. Себебі сізге берілген несие арқылы банк табатын пайдасынан қағылады.

Не істеу керек?
Банк сізге қара тізімді жасаудың критерийлерін айтпайды. Бірақ осы тізімге енбеу үшін олардың кеңсесінде жанжалдаспауға тырысыңыз.

Басқа несиеңіз болса…
Банк қызметкерлері сіздің басқа мекемелерге қарызыңыздың бар-жоғын да тексереді. Егер бірнеше несиеңіз болса, онда банк сізге несие беруден оңай бас тартуы мүмкін.

Не істеу керек?
Алдымен бұрын алған несиелеріңізді қайтарыңыз. Бұл банк үшін ғана емес, сіз үшін де пайдалы. Өйткені қарыздардың көбеюінен сіз оларды төлей алмайтын дәрежеге жетіп, күйзеліске тап болуыңыз мүмкін.

Біреуге кепіл болсаңыз…
Туысыңыз ипотекамен үй алмақшы болды делік. Әлгі туысыңыздан банк сақтық үшін ешқандай мекемеге қарызы жоқ адам табуыңызды сұрайды. Кепіл болуға келіссеңіз, туысыңыз қарызды өтей алмаған жағдайда сіз қайтаруға міндеттелесіз. Сондықтан несие тарихыңыздың жақсы болғанына қарамастан банк сізге қарыз беруден бас тартуы мүмкін.

Не істеу керек?
Жақын туысыңыз болса да біреуге кепіл болмай тұрып, жақсылап ойланғаныңыз дұрыс. Алдағы 10-15 жылда несие алу туралы ойыңыз болмаса, онда келісуіңізге болады. Егер туысыңыз ипотеканы уақытынан бұрын төлеп тастаса, онда сіз де кепілдіктен босатыласыз, яғни несие алуыңызға  ешқандай кедергі болмайды.

Зейнатақы қорында қаржыңыз болмаса…
Банк несие берерде сіздің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотыңызды да тексереді. Заң бойынша елімізде өз бетінше жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтін фрилансерлер БЖЗҚ-ға әр айдың 25-іне дейін алдыңғы айда түскен табысының 10%-ын аударуға міндеттеледі. Несие аларда банк БЖЗҚ-ға соңғы алты айда түскен ақшаны қарайды. Егер тұрақты қаржы түсіп тұрмаса, несие алу туралы ойыңыздан уақытша бас тартуыңызға болады.

Не істеу керек?
Осы себеппен несие берілмесе, онда бір айдан соң қайта рәсімдеп көріңіз. Банк қызметкерлерінің айтуынша, өтініш екінші рет берілгенде несие алуға рұқсат етілуі мүмкін. Ең дұрысы, БЖЗҚ-ға тұрақты ақша түсіп тұрғасын ғана барыңыз.

Білімділер порталының сұрақ жауап бөліміне қош келдіңіздер!

146 сұрақ

184 жауап

7 пікір

255 қолданушы

Көп қолданылатын ілмектер

педагогика математика өлең қазақ тілі денсаулық тақпақ аттестация психология лексика банк несие қаржы синоним білім дыбыстар дауыссыз тіркелу қалай адам сценарий сайтқа қолданылу өрісі тар лексика ұлтан мағынасы ұлтан сұлтан өрт сөндіру нөмірі өрт сөндіру номері қауіпсіздік махаббат мерекесі махаббат күні министрлердің тізімі министрлік жарнама арқылы ақша табу социальная сеть әлеуметтік желі рамадан 2019 рамазан айы ораза 2019 үй жануарлары мысық гмо спорт олимпиада госакт на землю жер телімі госакт азық түлік тарнс майлар трансмайлар адам болсан десениз мереке күндері теңдеуді шешу диалект сөздер диалект характеристика ковалентной связи. октетные формулы льюиса. термин теория электронных смещений химическая связь теория направленных валентностей тік төртбұрыштың ауданын табу тік төртбұрыш аудан табу формула тіктөртбұрыш периметр қазақ әдебиеті зар заман ақындары кекек әдемі есім ұл балаға есім таңдау қыз балаға есім таңдау есім таңдаң тамақ ауруы елің кім руың кім шежіре анаға арнау анаға өлең анаға тілек ауыл мен қала мемлекеттік қызметке орналасу мемлекеттік қызмет құжат бала құқығын қорғайтын заң бала құқығын қорғау үй соғу құрылыс жобалау құжаттар электронды цифрлы қолтаңба egov сайты электронды үкімет іш жүрмей қалса іш қату кредит жумыс издеу мамандык тойотаның соңғы шыққан моделдері тойота тәуелсіздік күні
...