аты аңызға айналган казак хандары

0 дауыс
Қазақстан тарихы бөлімінде 26 Ақп аноним сұрады

2 Жауаптар

0 дауыс
27 Ақп Жадыра жауап берді

Қазақ хандары тізімі

1465 - 1473 жж. – Керей хан. Керей – Болат сұлтанның ұлы.

1473 - 1480 жж. – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы.

1480 - 1511 жж. – Бұрындық хан қазақтарды басқарды. Керей ханның баласы.

1511 - 1518 жж. – Қасым хан билігі. Әз Жәнібектің ұлы

1518 - 1523 жж. – Қасымның баласы Мамаш хан болды

1523 - 1532 жж. – Қасымның немере інісі Тақыр хан болды

1533 - 1534 жж. – Бұйдаш хан Тақырдың інісі хан болды

1534 - 1535 жж. – Қожа Мақмұт хан болды

1535 - 1537 жж. – хан атағы болған сұлтандар: Тоғым хан, Ахмет хан, Хақназар, Наурыз - Ахмет хан.

1538 - 1580 жж. – Хақназар Қазақ хандығының ханы болды, Қасымның баласы.

1580 - 1582 жж. – Жәнібектің немере інісі 80 жастағы Шығай таққа отырды.

1582 - 1598 жж. – Шығай қайтыс болып, орнына баласы Тәуекел отырды.

1598 - 1628 жж. – Есім хан билігі. Шығайдың баласы, Тәуекел ханның інісі.

1613 - 1627 жж. – Тұрсын хан билігі.

1628 - 1652 жж. – Жәңгір хан болды. Есім ханның баласы.

1680 - 1715 жж. – Әз - Тәуке хан билігі. Салқам Жәңгірдің баласы.

1718 - 1726 жж. – Батырдың билігі.

1726 - 1730 жж. – Болат хан билігі. Болат – Тәуке ханның баласы.

1720 - 1740 жж. – Ұлы жүзді Жолбарыс хан басқарды.

1718 - 1748 жж. – Әбілхайыр Кіші жүзге хан болды.

1748 - 1786 жж. – Нұралы Кіші жүзге хан болды.

1791 - 1794 жж. – Ералы Кіші жүзге хан болды.

1795 - 1797 жж. – Есім Кіші жүзге хан болды.

1797 - 1805 жж. – Айшуақ Кіші жүзге хан болды.

1805 - 1824 жж. – Шерғазы Кіші жүзге соңғы хан болды.

1716 - 1719 жж. – Орта жүз ханы Қайып хан билігі.

1719 - 1734 жж. – Орта жүз ханы Сәмеке хан билігі.

1734 - 1771 жж. – Орта жүз ханы Әбілмәмбет билігі.

1771 - 1781 жж. – Үш жүздің ханы Абылай билігі.

1781 - 1819 жж. – Орта жүз соңғы ханы Уәли билігі.

1815 - 1817 жж. – Орта жүз соңғы ханы Бөкей билігі.

1841 - 1847 жж. – Кенесары қазақтың соңғы ханы. Кенесары – Абылай ханның немересі.

0 дауыс
28 Ақп Жадыра жауап берді

Аты аңызға айналған қазақ хандары

Жәнібек пен Керей 1465 - 1466 ж. Шу, Сарысу бойында Қазақ хандығын құрды. Олар қазақ мемлекетінің негізін салушы ретінде тарихта қалды.


Қасым хан Жәнібектің баласы. 1511 – 1518 жж. Билік жүргізді. «Қасым ханның қасқа жолы» заңын жасады. Халқының саны 1 млн - ға жетеді.
Хақназар хан Қасымның баласы. 1538 - 1580 жж. ел биледі.
Өзбек хандығына Көшімге қауіп төндірді.
Тәуекел хан Шығай ханның баласы. 1582 - 1598 жж ел биледі. 1598 – 1599 жж Өзбек ханның біраз жерін басып алып, қазаққа қосты.
Есім хан Тәуекел ханның інісі. 1598 – 1628 жж. ел билеген. «Есім ханның ескі жолы» заңын жасады.

Салқам Жәңгір Есім ханның баласы. 1628 - 1652 жж. ел билеген. 1643 ж Орбұлақ шайқасында 50 мың жоңғарға қарсы 600 сарбазбен тойтарыс берді.
Тәуке хан Жәңгір ханның баласы. 1680 – 1715 жж. ел биледі. «Жеті жарғыны» жасады, өлім жазасын тоқтатты.

Білімділер порталының сұрақ жауап бөліміне қош келдіңіздер!
...