Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Автопортрет

03 қараша 2011, Бейсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Автопортрет

Автопортрет

Біздің көз алдымызда бір егде тартқан кісінің дидары тұр. Оның көруші жүзіне үңілген байсалды жанарында әлде бір тұңғиық мұң бар. Шытыныңқы қабағында шытырман ойлар таңбасы жатқандай, бірақ біз оның шабытты, тәуекелге берік, сабырлы жан екенін қапысыз танып тұрғандаймыз.
Бұл – Рембрандтың автопортреті, немесе суретшінің өзін бейнелеген шығармасы. Ол айнаға қарап, өзінің бет-әлпетін әбден қадағалай зерттеп отырып кескіндеген.

Суретшілер адамдардың портретін салады. Сонда олар қандай мақсат көздейді? Белгілі бір жандардың дидары кейінгі ұрпақтың көз алдында тұрсын дей ме екен? Жоқ, тек ол ғана емес. Портретте суретші адамның жан дүниесін, оның мінезін, ой-сезімін жарқырата ашып беруді мұрат етеді.

Кейде біреу кенет ойға шомса, не күліп жіберсе, біз оның бет-әлпетінен бұрын соңды байқала қоймаған жаңа бір сипат көргендей боламыз ғой. Суретші де өзі бейнелеп отырған адамның жан-дүниесін жете тану үшін осындай тосын сәттерді аңдиды. Кенеп бетіне өзі реттеп отырған кескіннің әлгіндей ең басты, ең маңызды деген сипаттарын ғана түсіреді. Сондықтан да портрет өзі кескіндеп отырған адамның сыртқы ұқсастығын дәл жеткізумен шектелмейді. 17 ғасырда өмір сүрген ұлы голланд суретшісі Рембрандт ван Рейн көптеген автопортреттер тудырған. Оларға қарап отырып, суретшінің күллі өмір жолына, ойлары мен бастан кешкен сан алуан көңіл-күйіне әбден қаныққандай боласыз.

Міне, ол өзінің жап жас жары Саскияның қасында. Өне бойын күш кернеген, тепсе темір үзетін жас жігіт. Оған өмірдің өзі бар мейірін аяусыз төгіп тұрғандай: сүйікті жар, сүйкімді балалар, ел танитын атақ-даңқ – бәрі бір басында. Сондықтан ол бұл автопортретте ешқандай уайым-мүңсыз, жадырай күлімдеп, жайбарақат тұр.
Бірақ жылдар өтіп, егде тартқан сайын Рембрандтың бет-әлпеті сан қилы құбылады: бірде ол өзіне-өзі нық сенетін байсалды қалып танытса, екінші бір жолы әбден қажыған қаяу кейіп байқатады, ал үшінші автопортретте әлденені, әлдекімді кекете күлімдейді.

Рембрандт өзінің қартайған кезін талай рет бейнелеген. Ол тұстағы шығармаларынан бастан кешірген қайғы-азаптарының лебі еседі.

Суретшілердің өз портреттерін салмағаны жоқ деуге болады.
Әйгілі «Помпейдің ақырғы күні» картинасының авторы Карл Брюллов өзін айықпас ауруға шалдыққан кезінде бейнелеген. Әбден сүлдері құрып, шалқақ сәкіге шалқалай құлаған; қолдарынан да әл кеткен былқ-сылқ; картинаның нарт қызыл фонында әлсіз кісінің құп-қу солғын өңі бозарады. Бұл шығармаға қарап отырып, көз алдыңызға адамның әбден можаған ауру адам екенін айтпай-ақ білесіз.
4 394
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Қарым - қатынасты дамытуға арналған жаттығулар
Қарым - қатынасты дамытуға арналған жаттығулар
“Бет - әлпетті еске сақтау” Өзіңді қоршаған адамдардың бет - әлпетін сақтауға дағдылан. Қарап ал да, көзіңді жұм, көргеніңді түгелдей еске түсір. Толық еске түсіруге қиналсаң, қайта қара. Осылайша бірнеше рет қайтала.
Суретшілер шығармаларын талдау
Суретшілер шығармаларын талдау
Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру. Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру. Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Қазақ Халқының кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығы
Қазақ Халқының кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, «Шалқар аудандық көркемсурет лицейі» МКҚК - нің Өнер тарихы мұғалімі Садықова Гүлбану Әмірқызы
Музыка және сурет өнеріндегі өнерпаз бейнесі
Музыка және сурет өнеріндегі өнерпаз бейнесі
Ақтөбе қаласы, №50 орта мектептің музыка пәні мұғалімі Мектепова Жайнагул Ермековна
Автопортрет
Автопортрет
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі, Халық ағарту ісінің озық қызметкері Балова Леля Батимовна
Портрет
Портрет
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сапақкөл орта мектебінің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Дүсіпов Темір
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.