Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өрнек

07 желтоқсан 2014, Жексенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Сабақтың тақырыбы: Өрнек
Сабақтың түрі: Сәндік - қолданбалы өнер
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға өрнектің шығуы, түрлері, түстік үйлесімділігі, өзіндік ырғақпен жарасып келуі туралы толық мағлұмат беру, өрнек элементтерін бояумен орындау тәсілдерін үйрету.
дамытушылық: оқушылардың қолын жаттықтыруды, ойын, қиялын ұштауды, шығармашылық қабілетін еркін пайдалануды дамыту.
тәрбиелік: оқушылардың бойындағы эстетикалық талғамын, ұқыптылығын, адамгершілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабаққа керекті құралдар:
Мұғалімге: плакаттар, өрнекті ыдыстар, орамалдар.
Оқушыға: альбом, бояулар түстері, қылқалам, су құятын ыдыс.
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі.
Өткен сабақты қайталау.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Оқушылардың өзіндік жұмысы.
Жұмысты аяқтау бағалау.
Қорытынды.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі Амандасу, түгелдеу. Сабаққа дайындығын қадағалау.
Өткен сабақты қадағалау.
Өткен сабақтың тақырыбы: «Портрет».
Портрет дегеніміз не?
Адамның келбетін не бойынша саламыз?
Схемасын түсіндір.
III. Жаңа сабақты түсіндіру:
Жаңа сабақтың басында мынадай ойындар ойналады.
1) Сөзжұмбақ (суреті берілген)
1. бейнелеу өнеріне қажетті құрал
2. әлемнің жеті кереметінің бірі
3. негізгі бояудың бірі
4. адамның келбетін бейнелеу
5. мүсін жасауға керекті жұмсақ материал
6. табиғатты бейнелеу
7. қазақтан шыққан әйел суретшісі.
Түсті бағандағы жұмбақ сөз «Қастеев».
Қастеев деген кім?
Оның жұмыстарын ата.
2) Суретті жұмбақ «Ойлан тап» (сурет берілген)
Мына суретте қанша аң мен құс бейнеленген? Атап бер.
Жұмбақ суреттер көбінесе жеке кейіпкерлерге негізделген (хайуанаттар мен құстар немесе адамдар). Бұл жерде кейіпкерлер жасырылған. Жұмбақты суреттер оқушының көру қабілетін дамытып, шығармашылық ойын жетілдіру.
Жаңа сабақты түсіндіру.
«Өрнек» сөзі (латынша - ornamentum) әшекей дегенді білдіреді. Адамдар ерте кезден - ақ әртүрлі заттарды жасай отырып, әрқашан дерлік оларды пайдалы болып қана қоймай, сонымен қатар түрлі тартымды әдемі болатындай етіп жасауға ұмтылған. Бұған заттардың әр түрлі формаларын іздеп табу арқылы ғана емес, сонымен бірге олардың беттеріне суреттер, әшекейлер, өрнектер салу арқылы қоя жетті. Мәселен, күнделікті жұмыста жүрген заттар - тостағандар, кесе, шәйнек, тұз сауыт, ұршық - нағыз декорациялық – қолданбалы өнер шығармаларына айналады.
Өрнекпен жұмыс істеу түсті үйлестіруді, әсіресе ырғақты сезінуді дамытады. Ырғақ – деп бір элементтердің қайталануын немесе кезектесуін, ерекшеленіп көруін және белгілі бір қайталануда, негізінде, оларға екінші элементтердің бағындырылуын айтамыз. Ал бөліктердің бей - берекетсіз орналасуы тек кездейсоқ белгілердің жиынтығы болып шығады да, ешқандай эстетикалық әсер тудырмайды. өрнектерді өзіндік ерекшелігі – ұқсас элементтердің ырғақты түрде орын алмасып отыруы. Бір элемент немесе олардың бір тобы сансыз қайталануы мүмкін өрнектің мұндай қайталамайтын бөлігін – раппорт деп айтамыз, ал раппорт орналасқан жазықтық бөлігін - өрнек алаңы дейміз.
Өрнек құрылымы жағынан:
Ленталық өрнек,
Торлы өрнек,
Композициялық тұйық өрнек болып табылады.
Бүгін біз, композициялық тұйық өрнекке тоқталамыз. Бұл өрнекте басты мотив қайталанбай, безендірілген тұйық бетте бір - ақ рет қолданылады.
Композициялық тұйық өрнектер дегеніміз – шеңбер ішінде, түрлі бұрыштар ішінде орналасқан өрнектер. Оған мысал, сәнді табақшалар, орамал, бас киімдер бола алады. Көбіне ол симметриялы болады.
Өрнек композициясы біршама статикалық немесе динамикалық болуы мүмкін. Мысалы, ленталық өрнекте қырынан немесе оңға, солға бұрылып тұрған хайуанаттарды немесе құстарды көрсек, олар осы бағытқа қозғалып бара жатқан әсер тудырады. Бұл композиция динамикалық болады. Егер бұл құстар мен хайуанаттар бір - біріне қаратылып жұптастырып қойылса, қозғалыс жойылып, қозғалмайтын, симметриялы статикалық композиция болып шығады.
Егер өрнекте жалы оң жаққа бағытталған толқынның шартты бейнесі берілсе, өрнек біздің назарымызды оңға қарай аударады. әдемі иілген біз сызықтан тұратын мұндай өрнекті ертедегі гректер жасаған. Оны меандр деп атаған.
Ал өсімдіктер оң жаққа бұрылған бұтақтар және жапырақтар мен бейнеленсе, онда өсімдік бізге өсіп тұрғандай болады, оңға қарап қозғалып тұрғандай әсер береді.
Қимыл – қозғалыс әсері өздерінің формалары жағынан, жебеге, желкенді қайық, самолетке, ракетаға т. б ұқсас басқа геометриялық фигурамен де беріледі.
Өзіндік жұмыс.
Композициялық тұйықталған геометриялық фигура: сопақша ішіне өрнекті орналастыру. Мұндай өрнектің мотиві, бірегей, ол қайталанбайды.
Алдымен өрнек жасалатын алаңын белгілеп, осы сопақша дөңгелекте тепе – теңдікті сақтап, өсімдік өрнектерін пайдалана композициялық тұйық өрнектер бейнелеу.
Ол үшін, бояулар түстерін сумен ерітіп, басбармақпен бояуды алаңға бастырып гүлдер, жапырақтар өрнектерін бейнелеу.
Композициялық тепе – теңдігін сақтап, бояулар шешілімін анықтап, өрнектердің әсемдік, эстетикалық жағын қарастыру.
VI. Жұмысты аяқтау. Бағалау. Қорытындылау.
3 822
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Пейзаж - табиғатты бейнелеу
Пейзаж - табиғатты бейнелеу
Пейзаж жанры және Ә. Қастеевтің шығармаларымен таныстыру. Табиғат көрінісін бейнелеудің перспективалық заңдылықтарын ескере отырып, зат көлемін толық бейнелеуге үйрету, сурет салудың заңдылықтарына баулу, білімді өздігінен меңгеруге жағдай жасау.
Қысқы пейзаж
Қысқы пейзаж
Қысқы табиғат көрінісін көре білуге баула. Қыс айларындағы табиғат өзгерістерін, құбылыстарын бейнелеуге үйрету. бояу түстері арқылы оқушылардың ой өрісін, қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін өрістету.
Санды өрнектер
Санды өрнектер
Амалдар таңбалары және қажет болған жағдайда жақшалардың көмегімен сандардан құрастырылған өрнек санды өрнек деп аталады. Санды өрнектегі көрсетілген барлық амалдарды орындау нәтижесінде шыққан сан өрнектің мәні деп аталады
Сәндік қолданбалы өнер
Сәндік қолданбалы өнер
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ - нің бейнелеу өнері мен сызу пәні мұғалімі Қанжан Айжан
Ою-өрнек түрлері
Ою-өрнек түрлері
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қармақшы ауылы, №113 «Қаракөл» қазақ орта мектебі директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Байсалбаев Дархан Абдуллаұлы
Ою өрнек және сәндік декор
Ою өрнек және сәндік декор
Авторы: Бирманов Нуржан Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы Тақырыбы: Өрнектер және сәндік декор
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×