Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұрмыстық заттардан құралған натюрморт

21 желтоқсан 2014, Жексенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Сабақтың тақырыбы: «Тұрмыстық заттардан құралған натюрморт»
Сыныбы: 2
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бір бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қалыптастыру, өзін - өзі сынай қарауға дағдыландыру, оқушылардың өзін - өзі тексеру, оқушылардың бірін - бірі тексеруі, оқушылардың
ойлау қабілетін арттыру.
ә) Дамытушылық: Оқушыларды сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту арқылы өз ойын тұжырымдауға және басқалардың көзқарасын сыйлауға үйрету.
б) Тәрбиелілік: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу, балалардың эстетикалық талғамын байыту. Өзін - өзі басқара іс атқаруға, шыншыл, әділетті, бір - бірімен ұйымшыл, дос болуға тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: мультимедиалық тақта, натюрморт суреттері, карандаштар, өшіргіш, қылқалам түрлері және т. б.

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Натюрморт жеке жанр болып бірден қалыптасқан жоқ, яғни суретшілер тек жансыз денелерден ғана тұратын картиналарды бірден жаза бастамаған. Жансыз заттардың неғұрлым шыншыл бейнелері Грекия мен Римде ерте замандарда пайда болды.
«Натюрморт» француз сөзі, дәлме - дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Натюрморт алғаш рет Голландияда пайда болды. Голландиялық натюрморттардың негізгі тақырыбы — таңғы ас. Суретшілер күмістен жасалған бағалы әрі мөлдір шыны ыдыстарды, жібек маталар мен ас мәзірін бейнелегенді ұнататын. Голландиялық суретшілердің натюрморттары адамдарды қоршаған барлық заттарға деген сүйіспеншілікке толы. Натюрморт көрерменді заттар дүниесінің сұлулығын танып білуге жетелейді.
XIX ғасырда натюрмортқа деген көзқарас өзгерді. Натюрморттың жемістер мен гүлдерді, аң - құстар мен балық аулау, тұрмыстық керек - жарақтар, таңғы ас, музыка аспаптары бейнеленген түрлері өркендей бастады.
Натюрморт дегеніміз – заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнелеген көркем шығарма.
Біз бүгін тұрмыстық заттардан құралған натюрморт суретін саламыз. Енді, натюрморт нұсқасына яғни, нәрселерге зейін қойып қараймыз. Ал, балалар тақтадағы суретке қараңыздаршы; Ыдыс - аяқтан құралған натюрморт тұр.

Натюрморттың симметриялы ортақ нүктелеріне назар аударсақ қарапайым заттардан орналасқан екен. Нәрселердің бір - бірінен көлемдік ерекшелігін, орналасу қашықтықтарын бақылаймыз.
Жазықтықта бейнеленетін заттардың конструкциялық құрылымын тіке және көлденең сызықтар арқылы жалпы пішіндері мен орналасу нүктелерін белгілейміз. Жазықтық бетінде олардың дұрыс орналасуын ескере отырып суретін саламыз. Суреті салынатын нәрселерді үйлестіріп орналастыру – композицияның бастапқы белгісі болып табылады. Натюрморт орындаудағы басты принцип тепе - теңдікті ұстау.

Сергіту сәті
Оқушылар музыкаға қосылып, түрлі дене жаттығуларын жасайды.

Сабақты бекіту

БЕЙНЕЛЕУ
ӨЛІ ТАБИҒАТ
ТЕПЕ ТЕҢДІК
РЕҢ ҚОЮЛЫҒЫНА
ЖАРЫҚ
МЕНШІКТІ КӨЛЕҢКЕ
ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫ
ЖАРТЫЛАЙ ЖАРЫҚ
ЖЫЛТ
1. Айналамыздағы өмір көріністерін жазықта, әрі кеңістікте суреттейтін өнер түрі;
2. «Натюрморт» француз тілінен аударғанда қандай ұғымды білдіреді?
3. Натюрморт орындаудағы басты принцип?
4. Заттарға түскен жарық олардың құрылысына, орналасуына қарай өзгеріп, әр түрлі рең......................... бөлінеді.
5. Заттың үстіне түскен сәуле?
6. Заттың бетіне жарық толық түспеген жерді не деп атайды?
7. Заттарды дұрыс, ыңғайландырып орналастыру орталығы не деп аталады?
8. Заттың үстіне жанама түскен жарықтан пайда болған көлеңкені не деп атайды?
9. Заттың үстіне түскен жарықтың ең ашық жерін не деп атайды?

Үйге тапсырма беру
Тұрмыстық заттардан /2 - 3 зат/ құралған натюрморт салу
Бағалау
7 932
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Натюрморт жанры
Натюрморт жанры
Натюрморт жанрын біледі, сала алады, заттардың орналасуын салыстырады. Натюрморт жанрын анықтайды, композициялық шешімін талдау арқылы жинақтайды.
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Бейнелеу өнерінің жанрларының бірі - натюрморт жайлы оқушыларды жүйелі таныстыру, және оның түрлерімен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің жанрларының бірі - натюрморт жайлы оқушыларды жүйелі таныстыру, және оның түрлерімен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
Натюрморт жанры
Натюрморт жанры
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, №5 орта мектептің бейнелеу өнері және сызу мұғалімі Оразалина Райхан Габдрахмановна
Натюрморт
Натюрморт
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, №5 орта мектебінің бейнелеу пәні мұғалімі Төлеубаева Райкүл Бақытжанқызы
Ұлттық натюрморт
Ұлттық натюрморт
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы Бирманов Н.А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×