Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бояулар бізде қонақта

20 қазан 2012, Сенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Қызылорда облысы
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі
Есіркеев Қайрат Еленбайұлы

Сабақ тақырыбы: Бояулар бізде қонақта
Сабақ мақсаты: Оқушыларға бояулар туралы түсінік беру;
Балалар назарын негізгі түстерге көңіл бөлуге, түстерді ажырата білуге үйрету;
Негізгі бояуларды бір-бірімен қосу арқылы әр түрлі түстердің алу жолдарын үйрету. Жылы және суық түстерді меңгеру.
көрнекілік: қағаз беттері, бояу түрлері, әр түрлі суреттер.

Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгелдеу
Тақта көрнекілік ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақ
Түрлі түстерді қосу арқылы алуға болмайтын негізгі үш түс бар олар: қызыл, сары, көк ал екі түсті қосу
арқылы төмендегі түстерді алуға болады.
қызыл + сары - қызғылт
сары + көк - жасыл
көк + қызыл - сия көк
бұларды қосымша түстер деп атайды;
негізгі түстерді қосымша түстерге қосу арқылы басқа түстер алуға болады.

Түстерге байланысты ертегі.
Ерте, ерте. Ертеде хайуанаттардың түстері ақ болған екен. Бір күні жаңбырдан кейін аспанда
кемпірқосақ пайда болыпты. Кемпірқосаққа қызыққан түйе үстіне шығып қызғылт сары түстің үстімен
сырғанап түседі. Оны көрген басқа хайуанаттарда сырғанай бастайды. Сөйтіп айдаһар – жасыл арыстан - сары түлкі - қызыл түске боялады, кешке үйлеріне қайтып келгенде сарғыш түске боялған түйені сәбіз деп мазақ етеді, ашуланып ұялған түйе жасыл түстің үстімен сырғанап кәзіргі түсіне
боялады.
Оқушылар енді осы аңызға байланысты бояу түрлерімен жұмыс жасаймыз. Кемпірқосақ түстерін алып әр түрлі хайуанаттарды өздеріне тән түстерімен бояймыз.

IV. Қорытынды.
Балалар аяқтаған жұмыстарын талдап бояу.
Түрлерін атап ішіндегі негізгі және қосымша түстерді ажыратамыз
V. Үй тапсырмасы
Бояуларды пайдаланып әр түрлі жеміс-жидек салу, түстерін анықтау.
15 170
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнделікті сабақ жоспары Бейнелеу өнері 3 - сынып
Күнделікті сабақ жоспары Бейнелеу өнері 3 - сынып
Күнделікті сабақ жоспары, Бейнелеу өнері 3 - сынып. Бояу түстері жайлы терең мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін қалыптастыру. Түстерді бір - бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Сурет салғанда бояуды дұрыс қолдана білуге үйрету.
Бейнелеу пәні бойынша ойындар
Бейнелеу пәні бойынша ойындар
Әртүрлі пішіндер мен элементтерден өз бетімен өрнек құрастыру. Балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Көкөністер
Көкөністер
Мына суреттерді қарашы, біз қандай әдемі көкөністерді жинаанбыз! Қызыл қызанақ, жасыл бұрыш, сия көк баклажан... Қандай ашық, қанық түстер! Ашық бояулармен осы суретті қазір - ақ салғың келеді. Ал бұл жұмысты орындауға саған қосымша түстер
Түс және символ
Түс және символ
Жалпы түстер негізгі үш түске бөлінеді. Олар: қызыл, сары, көк. Ал қалған түстердің барлығы осы түстердің қоспасы. Мысалы, қызыл түспен сары түсті араластырғанда қоңырқай сары түс шығады.
Түстер және көңіл - күй
Түстер және көңіл - күй
Атырау қаласы, Абай атындағы орта мектептің бейнелеу пәнінің мұғалімі Дүйсенғалиева Гүлзада
Жылы және салқын түстер. Жылы түске натюрморт орындау
Жылы және салқын түстер. Жылы түске натюрморт орындау
Шалқар аудандық Көркемсурет лицейі Құндақбаева Тамара Живопись пәнінің мұғалімі Сабақтың тақырыбы: Жылы және салқын түстер. Жылы түске натюрморт орындау. Сабақтың мақсаты: білімділігі: Жаңа сабақты түсіндіре отырып, түстер, жылы және суық түстер
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×