Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ Халқының кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығы

28 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Тақырыбы: «Қазақ Халқының кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығы»

Мақсаты: Ә. Қастеевтің өмір баяны, шығармашылығы туралы мәлімет беру. Оның бойындағы өнерді дамытуға себепкер болған қасиеттерге тоқтап, оқушыларға өзін тәрбиелеуге бағыт беру. Бейнелеу өнері сабағынан алған білімдерін тексеру, сабақта көркем – эстетикалық білікті дамыту және өнер шығармаларын қабылдаудағы көркем бейнелі ойлауды қалыптастыру көзделді. Оқушының өз бетімен ойлау қабілетін, көркем және логикалық ойлауын, танымдық белсенділігін дамыту.
Әдісі: әңгіме, сұрақ - жауап, суретшілер шығармалары туралы пікір алмасу, ойларын ортаға салу.
Жабдықтары: Ә. Қастеевтің шығармаларынан репродукциялар, живопись және графикалық жұмыстар.

Сабақтың кезеңдері: 1. Өткен сабақтарға шолу
2. бейнелеу өнері түрлері мен жанрлары.
3. Ә. Қастеевтің өмір баянымен танысу.
4. Суретші шығармасы туралы пікір алмасу.
5. Қорытынды: ортақ түсінік табу.
Бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлерінде салыну техникасы және мұғалім жұмысы көрсетіледі. Оқушылар олардың түрлері мен жанрларын анықтайды.

Сабақ барысы:
1. Өнер түрлі болады. Біреулер үй салады, арық қазады, етік тігеді, арба істейді, киіз басады, ыдыс істейді. Тағысын тағы сол сияқты шаруаға керек нәрселерді жасайды. Біреулер көрікті мешіт, көрнекті сүрет салады. Әдемі ән, әсерлі күй, ажарлы сөз шығарады. Алдынғы өнер шыққан нәрселер күн көру ісіне керек шаруа керек – жарақтары. Мұны істегенде « Сұлуынан – жылуы» дегендей көркем болуын көздемейді, тұтынуға қолайлы, жайлы, берік болу жағын көбірек көздейді. Екінші өнерден шыққан нәрселер – жылуынан гөрі сұлу болуы көбірек. Көзделгеннен көзге көркем, көңілге жағымды болып істелген нәрселер: алдыңғы нәрселер адамның мақұлықтық жан сақтау керегінен шыққан нәрселер, соңғы нәрселер адамның жан қоштау керегінен шыққан нәрселер. Сондықтан алдынғы нәрселерді жасауға жұмсалатын тірнек өнері болады да, соңғы нәрселерге жұмсалатын өнер – көркемшілік үшін көрнек өнері болады.» ( А. Байтұрсынов)
(Өткен сабақтарға шолу, үй тапсырмасын тексеру)
2. Бейнелеу өнері түрлері мен жанрлары.
Анықтамалар схема түрінде беріледі, мысалы:

Анықтама түрлері: Бейнелеу өнері деген не?
Суретші қоршаған ортаны бейнелеп өнер туындыларын орындайды. Суретші тек сурет салып қоймай, сонымен бірге неше түрлі заттарды әшекейлейді.
(Әр түрлі суретшілердің шығармаларын көрсету. Авторы көрсетілген.)
3. Ә. Қастеевтің өмір баянымен танысу.

Суретші Әбілхан Қастеевтің өмірі мен өнер жолдарын бір сағатқа сыйғызу мүмкін емес, дегенмен ұлы тұлғаны тану, дәріптеу, оқу - бәріміздің парызымыз. Өнер кереметі мәңгі жасайды, өнерін өз халқына арнаған сыршыл суретші өмірімен танысайық.
Өнер кез келгеннің бойына ене бермейтін қасиет екені баршамызға белгілі. Сондай қасиетті өнер иесі халқымыздың аяулы перзенті, еліміздің мақтанышы, кәсіби суретші ұлы, тұлғалардың бірі - Әбілхан Қастеев. Ол Алматы облысының (бұрынғы Талдықорған облысы ) Жаркент ауданындағы Шежін ауылында 1904 жылы 1қантарда дүниеге келген.

2004жылы ЮНЕСКО көлемінде өлшеусіз өнер иесі Ә. Қастеевтің 100жылдық мерейтойы аталып өтті. Бұл той - суретшінің балаларының, туған - туыстарының болуына әсер еткен қуанышы ғана емес, бүкіл қазақ халқының, байтақ даланың қуанышы.
Анасының жанында жүріп, сұлулыққа сұқтана қарап, көргенін бейнелеуге бейім өсті. Ана баласы өмірге келгенде оны аспандата көтеріп тұрып, айлы түнде бата сұраған екен деседі. Сол кезде Қызыр - әулие ту сыртынан «әумин»деп елес болып өтсе керек.
Әбілханның Шежін өңірінде бармаған тауы, баспаған тасы жоқ десек қателеспейміз. Әкесінен қаршадайынан жетім қалып, «көк жетім»деген жаман атты жиі естіп, қоранып өскен, өр кеуделі қайсар бала барлығына төзе біледі. Анасы демеу, сүйеу болады.

Болашақ суретші 1929 жылдары Алматы қаласындағы №12 мектептің ересектерге арналған кешкі оқу бөліміне қабылданады. Сол жерде білім ала жүріп, өзінің бірінші ұстазы болған, Кәсіби суретші Н. Г. Хлудовтың көркемсурет студиясына барғанда, өзінің қағаз бетіне түсірген суреттерін кәсіби суретшінің алдына жайып салады. Қазақтың қара домалақ баласы мұндай өнерден хабары бар екеніне қайран қалып, қайдан және кім үйреткенін сұрағанда, Әбілхан Қастеев:
„Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан
Анамның киізінен,
Ешкімнің мүйізінен“,- деп жауап берген екен.

4. Суретші шығармасы туралы пікір алмасу:
Суретшінің шығармаларының репродукциялары көрсетіледі. Оқушының өз бетімен ойлау қабілетін дамыту үшін, оқушыға шығарманы өзінің жеке басымен қабылдауы үшін 1 - 2 минут беру керек. Оқушы тыныштықта көркем шығарма мазмұнына, бейнеге енеді. Оқушының қызу сезім әрекеті оның ұзақ үнсіз қалуына жол бермейді. Олар салынған суреттен көргендеріне байланысты өзінің сезімін дауыстап айтуға кіріседі.
Сұрақтар қойылады: (Сұрақ олардың қызу сезім кешкен сезім арнасына қосылып бірігіп кететіндей сұрақ болуы шарт.)
- Салынған сурет сендерді қандай көңіл – күйге түсіреді?
- Салынған суретке қарап тұрып не сезінесің?
- Суретші бұл шығарма арқылы қандай күй кештіреді?
- Суретші қандай құралдарды пайдаланды?»
- Біздің қуаныш, толғаныс, қайғы, қорқыныш сезімдеріне бөлінуімізді ненің көмегімен бере алады?»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 820
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Пейзаж - табиғатты бейнелеу
Пейзаж - табиғатты бейнелеу
Пейзаж жанры және Ә. Қастеевтің шығармаларымен таныстыру. Табиғат көрінісін бейнелеудің перспективалық заңдылықтарын ескере отырып, зат көлемін толық бейнелеуге үйрету, сурет салудың заңдылықтарына баулу, білімді өздігінен меңгеруге жағдай жасау.
Әбілхан Қастеев туындылары. Қалау рай
Әбілхан Қастеев туындылары. Қалау рай
Қалау рай туралы мәліметтерді есте сақтап, берілген етістіктерден қалау рай формасын жасап, сөйлемдер құраңдар. Бару, болу, көру, салу, үйрену, жазу.
Әбілхан Қастеев
Әбілхан Қастеев
Етістіктің рай категориясын топтастыра отырып, қалау райдың жасалу жолдарын игеру. Жаттығу жұмысын орындау
Қазақстанның көрнекті суретшілері
Қазақстанның көрнекті суретшілері
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат селосы, Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінің бейнелеу және сызу пәні мұғалімі Қожағали Жеңісбек Қожағалиұлы
Қазақстандағы бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің көшбасшылары
Қазақстандағы бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің көшбасшылары
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылындағы өнер мектебі Сәндік қолданбалы өнер сыныбының оқытушысы Түзелбаева Арай
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×