Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сувенирлер

30 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Сурет және сызу
Пән: Сәндік - қолданбалы өнер.
Сабақтың тақырыбы: Сувенирлер
Сабақтың мақсаты: Студенттерге сувенирлерді көркемдеп жасау тәсілдерін меңгерту
Міндеттері: 1. Студенттерге көркемдеп өңдеу әдістерін меңгерту үшін әр түрлі сувенирлермен таныстыру.
2. Студенттердің икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа, ерік күшін дамытуға ықпал ету
3. Студенттерді еңбекқорлыққа және эстетикалық тәрбие беру
Көрнекілік: Түрлі - түсті қатырма қағаздар, гуашь, пластикалық бөтелке, табиғи материалдар, майлы бояу, лак, интерактивті тақта, шығармашылық жұмыстар және т. б.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, үйрету.
Пән аралық ықпалдастық Интеграция: Дүние тану, өзін - өзі тану, бейнелеу
өнері, психология.
Құндылық: Сүйіспеншілік.
Қасиеттері: Ерік - күш, еңбекқорлық, табандылық.

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Мақсат қою кезеңі
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
IV. Жаңа материалды түсінгенін тексеру.
а) Практикалық жұмыс:
V. Қортынды
VI. Үйге тапсырма беру.
ІІ. Мақсат қою кезеңі
Бүгінгі сабағымызда біз сіздермен жақындарымызға сыйлық ретінде әр түрлі сувенирлерді жасаймыз.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
«Адам - өз өмірінің суретшісі, ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді», деп Баубек Бұлқышев айтқандай сәндік - қолданбалы өнер дегеніміз, ғасырлар бойы қазағымыздың өз өміріне енгізіп, ерекше орын беріп отырған өнер туындыларының бірі, біз бүгін сабақта осы ұлы сөзге сүйене отырып, адам өз өмірін, қандай заттармен және қуаныш - қызықтарын қалай бөліседі екенін білеміз
Кез - келген адамның ғұмырында бақытты кездері аз болмайды. Олар: туған күн, мектепті, жоғары оқу орнын бітіру, атақ, дәреже, мемлекеттік наградалар алу, жаңа үйге кіру, қымбат автокөлік міну және тағы да басқа оқиғалар мен мерекелер, мерейтойлар. Мұндай кездері адамдар өздерінің қуаныш - қызықтарын жақын туған - туыс, дос, жолдас, көршілерімен ақ дастарқан басында, ән - күй құшағында бірге бөліседі. Шақырылған қонақтар түрлі сыйлықтар әкеледі.
Сыйлықты бұлардан басқа жәй күндері де ізгі құрмет белгісі ретінде ұсынуға болады. Әдейі жіберілген сыйлық, мейлі гүл шоғы, ашық хат болсын, бағасы қымбат болмаса да, ол адамға қуаныш сыйлайды, көңіл күйін сергітеді, достық, туыстық қарым - қатынасты нығайтады. Сыйлық алған адам өзгенің өзіне деген ілтипатын, қамқорлығын сезінеді, рухани шабытқа бөленеді.
Бүгінгі сабағымызда біз сіздермен жақындарымызға сыйлық ретінде әр түрлі сувенирлерді жасаймыз,
Сувенир – француз тілінен аударғанда –«естелік», «еске сақтау» мағынаны білдіреді. практикалық жұмысты бастамай отырып сіздерге сұрақ қойғым келеді.

IV. Жаңа материалды түсінгенін тексеру.
1. Қазақ халқында қандай сувенирлер кеңінен таралған?
2. Сыйлықты қашан береді?
3. Сапардан сыйлық әкелу
4. Сыйлық таңдау талғамы
5. Кімге қандай сыйлық ұсынады?
6. Сыйлықты қалай ұсынған жөн?
7. Сыйлықты қалай қабылдаған жөн?

Әр халықтың өзіне тән қалыптасқан салт - дәстүрлері бар және де ол әр елде әрқилы. Мысалы: Кения, Танзания елдерінде осы елдердегі масай деген халықта үйленетін жігіт болашақ жарының аяғының астына өзі аулап өлтірген арыстанның терісін тастайды. Бұл болашақ балаларының арыстандай өжет, батыл, қайратты болып туып, өсуі үшін.
Осы сияқты тағы қандай салт дәстүрлерді білесіңдер?
Студенттердің жауабы.

Практикалық жұмыс:
Жұмысқа дейін:
1. Жұмысқа қажетті құрал саймандарыңды түгендеп, мұқият тексер
2. Жұмыс орныңды, саймандарыңды ережеге сай орналастыр.
3. Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын.
4. Қауіпсіздік ережені сақтау.
Слайд. Алдын ала берілген тапсырмалардың көрінісі.
Әр түрлі сувенирлерді көркемдеп өңдеу үшін композициялық пішін арқылы жаттығып көреміз.

V. Қортынды:
Студенттердің жұмыстарын талдау, бағалау, және көрме ұйымдастыру.
VI. Үйге тапсырма беру.
Технологиялық карта сызу.
4 465
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнбағыс панносы
Күнбағыс панносы
Оқушыларға «Күнбағыс» панносын жасауды үйрету. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту. Эстетикалық тәрбие беру.
Крейзи вул
Крейзи вул
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылындағы өнер мектебі Сәндік қолданбалы өнер сыныбының оқытушысы: Түзелбаева Арай
Сәндік қолданбалы өнер. Шығармашылық жұмыс
Сәндік қолданбалы өнер. Шығармашылық жұмыс
Қызылорда обылысы, Шиелі ауданы, №142 орта мектебінің технология пәні мұғалімі Жүсіпбаев Талғат Кеңесұлы
Технологиядан сабақ топтамасы
Технологиядан сабақ топтамасы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №4 Алға орта мектебінің технология, сызу пәні мұғалімі Мухатаев Асылан Балықбайұлы
Былғарымен жұмыс
Былғарымен жұмыс
Өміржанов Сәрсенбек Қаукенұлы № 7 мектеп, Рудный қаласы
Сәндік қолданбалық өнер
Сәндік қолданбалық өнер
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп – гимназия Технология пәнінің мұғалімі: Кадирбаева Мереке Ашимхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×