Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қар суретін салайық

03 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Сабақтың тақырыбы: Қар суретін салайық..
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың назарын аударып, жыл мезгіліне байланысты табиғат бояуларының өзгеруін айта отырып ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Дамытушылығы: Оқушыларды қыс мезгілімен таныстыру, елестету қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Табиғат көрінісін бейнелей отырып, туған жерді сүюге тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ..
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын элементтерін қолдану.
Көрнекілігі: Кеспе қағаздар, суреттер, сөзжұмбақ..
Құрал - жабдықтары: Альбом, қарындаш, өшіргіш, су құятын ыдыс, қылқалам т. б.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Амандасу, түгендеу, құралдарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: оқушылардан өткен сабақ бойынша кеспе қағаз таратып, ондағы берілген сұрақтар бойынша жауап беріп тақтаға гүл суретін құрастыру.
Кеспе қағаз сұрақтары: 1. Ою - өрнек бейнелеу өнерінің қай түріне жатады?(Сәндік қолданбалы өнер түріне жатады.)
2. Жауқазын өрнегі қандай өрнек түріне жатады? (Өсімдікке байланысты өрнек.)
3. «Оюшы» деп кімді атаймыз? (Ою оятын адам)
4. Өрнек неше түрге бөлінеді? (300 - ден астам)
- Жарайсыңдар, балалар, бәріміз бірігіп тақтаға қандай сурет құрастырдық? (Гүлдің суреті)
- Үйге қандай тапсырма беріліп еді?
- Өсімдік өрнегіне байланысты гүл өрнегін бейнелеу.
- Олай болса, дәптерлеріңізді ашып қойыңыздар, жұмыстарыңызды тексеріп, «өте жақсы»деген оқушылардың жұмыстарын атап көрсетемін, ал қалған оқушылардың жұмыстары «жақсы»деп бағаланады.

3. Жаңа сабақ
- Балалар, біздер қазір жаңа сабақты бастамас бұрын мына жұмбақты шешіп көрелік.
Кезіп жүрер даланы,
Ашылмайды қабағы.
Киінбеген баланы,
Шымшып - шымшып алады.
(Аяз).
- Қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс мезгілі).
Бүгінгі біздің жаңа сабағымыз қыс мезгіліне байланысты болмақ. Қыс мезгілі біздердің асыға күтіп қарсы алатын кездеріміз. Қыс айларында балалар шанамен сырғанауды, шаңғымен сырғанауды,
қар атысып ойнағанды, аққала жасағанды, түрлі қысқы спорттық ойындар ойнағанды ұнатады. Қыс мезгіліне байланысты қазақтың ұлы суретшісі Ә. Қастеев көптеген жұмыстар жасаған. қыс мезгіліне
арнап балалардың да салған суреттері бар. Абай атамыз да өзінің өлеңдерінде керемет суреттеген. Мысалы: «Қыс» өлеңін тыңдайық..(Үнтаспадан «Қыс) өлеңін тыңдату.
Мұнда ақын табиғатты адамдармен байланыстыра суреттейді.
Бүгінгі сабағымызда қыс мезгілін ойша елестету арқылы бейнелейміз. Жалпы қыс мезгілінде күн суық,, ағаштар ақ қардан ақ тон киіп, күн шығып тұрғанда қардың түсі ашық, жарық түскен жерлер алтын түстес болып түрлі түсті реңкке бөленеді.

4. Практикалық жұмыс:
Сурет салдыру кезіңде
1. Негізгі суретті бейнелеу.
2. Қағаз бетіне дұрыс орналастыру.
Қыс мезгіліне байланысты кар суретін салу. Иә, қар тез еріп кетеді,
себебі мұзға айналған су түйіршіктері. Көріп үлгергенді ғажайып деуге болады. Қар қиыршығы бір - біріне ұқсамайды және олар өте әдемі!
Олай болса елестету арқылы сурет салу.

5. Сергіту сәті:(аққала суретінің қатесін табу).
6. Бекіту: Қыс мезгіліне байланысты ән айту.
7. Бағалау:
8. Үйге тапсырма. Қыс мезгіліне байланысты сурет салу.
3 957
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Бейнелеу пәні бойынша ойындар
Бейнелеу пәні бойынша ойындар
Әртүрлі пішіндер мен элементтерден өз бетімен өрнек құрастыру. Балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Қысқы пейзаж
Қысқы пейзаж
Қысқы табиғат көрінісін көре білуге баула. Қыс айларындағы табиғат өзгерістерін, құбылыстарын бейнелеуге үйрету. бояу түстері арқылы оқушылардың ой өрісін, қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін өрістету.
Өрнек түрі
Өрнек түрі
Ұлттық сәндік қолданбалы өнер, ою - өрнектердің түрлері мен қолданылуы және бейнеленуіндегі композициялық заңдылықтар туралы мағлұмат беру.
Аппликация
Аппликация
Құрманғазы ауданы, Н. К. Крупская атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тастемирова К.Е.
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз
Ақтөбе облысы, Алға ауданы Үшқұдық мектеп – бақшасының бастауыш класс мұғалімі Нажимова Асель Ниязгалиевна
Табиғат көрінісін бейнелеу
Табиғат көрінісін бейнелеу
Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы Бирманов Нуржан Аманкелдиулы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.