Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күзгі бұтақ

03 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Сабақтың тақырыбы: Күзгі бұтақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: затқа қарап сурет салу, бояу арқылы заттың көлемін көрсете білу дағдыларын жетілдіру, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Дамытушылығы: пішіндерді бейнелеуде пропорциялық қатынастарды көре білу және оны қағаз бетіне түсіру дағдыларын дамыту.
Тәрбиелігі: акварель бояуды қолданудың әр түрлі тәсілдерін дұрыс пайдалана білуге үйрету.
Көрнекілігі: суретшілер шығармалары, ағаш бұтақтары.
Түрі: жана сабақ.
Әдісі: түсіндіру, көмектесу, практикалық жұмыс, сурет салу кезеңдері.
Керек құралдар: қағаз, қарындаш, акварель бояуы, т. б.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Құралдарың тексеру, түгелдеу.
Назарларын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: Оқушыларға күздің суретін тақтаға
іліп көрсету арқылы сұрақтар беріледі.
- Күзде жапырақтар қандай түске енеді?
- Қандай құстар жылы жаққа ұшып кетеді?
- Қандай құстар суыққа төзімді?
Оқушылар сурет бойынша сұрақтарға жауап береді, үйге берілген тапсырмалардың суреттерін бағалаймын.

3. Ой ашу. Енді, балалар, мен сендерге тақпақ айтамын.
Жиын терін болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз)
Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңін оқу.

4. Жаңа сабақ.
- Сонымен, балалар өткен сабақта алтын күз туралы өткен болатынбыз. Бүгінгі біздің тақырыбымыз «күзгі бұтақ» деп аталады.
Күзге байланысты күздегі ағаштардың бұтақтарын, жапырақтарын суреттеп дәптерімізге саламыз.
Ағаш бұтақтарына сипаттама беру.
- Біздің өлкемізде ағаштардың түрлері өте көп. Соның ішінде жеміс ағаштары да бар. Мысалы: алма, шие, қараөрік, қарақат т. б. Бұл ағаштар көктем айында гүлдеп, күзде жемісін беретін ағаштар.(оқушылар өздері алып келген ағаш бұтақтарының пішініне, түр - түсіне, жапырақтарына байланысты өз ойларын айту.)

5. Практикалық жұмыс.
Оқулықтағы үлгіге қарап ағаш бұтақтарының суретін саламыз.
Кезең бойынша:
1. Алдымен жапырақ пен бұтақтың суретін дәптерге қалай орналастыратынын ойлау. Перспектива заңдылығын орындау:
2. Қағаз бетіне сызық арқылы бұтақтағы жапырақтың суретін көрсету.
3. Акварель бояуымен жұмыс істеу әдістері еске түсіріледі.
(Алдымен бояуды жағып, жапырағына бұтағына өң береді. Бояу
Кепкеннен кейін екінші қабат бояуды жағып суретке қанық түс береді. Бояуды қажет жерінде қоюлату арқылы заттың көлемі айқындалады. Оқушылар жапырақтың түсі толық сәйкес келгенге дейін бояйды).

6. Сергіту сәті.
Су, су болған бояуым.
Қағаз бетін торлайды,
Шіркін сурет сабағы,
Мың құбылтып бояйды.
Оқушылар салған суреттерін бояудың алдында хормен айтады.

7. Сабақты қорытындылау.
Жаңа сабаққа байланысты сөзжұмбақтар шешу арқылы сабақты қорыту.

8. Үйге тапсырма:
Оқушылардың аяқталмаған жұмысын үйге беру.
8 335
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Күзгі ағаштар
Күзгі ағаштар
Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістер жайлы бейнелеу арқылы балалардың білімдерін кеңейту, оның құбылыстарын ажырата білуге үйрету.
Бояулар сыр шертеді
Бояулар сыр шертеді
Оқушылардың бейнелеу өнері жайындағы білімін толықтыру. Оқушыларды шапшаңдыққа үйрету, шығармашылықтарын дамыту. Оқушының ой – қиялын дамыту, олардың икемділігін, сурет салу шеберлігін арттыру.
Абай шығармаларына иллюстрация
Абай шығармаларына иллюстрация
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат селосы, Ш. Т. Еркінов орта мектебінің сызу, бейнелеу өнері пәні мұғалімі Қожағали Жеңісбек Қожағалиұлы
Күзгі табиғат көрінісі
Күзгі табиғат көрінісі
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласындағы Өнер мектебінің мұғалімі Адамиянова Сағат Советқызы
Натюрморт
Натюрморт
Қызылорда қаласы №11 орта мектептің сурет және сызу пәні мұғалімі Қонкаев Манарбек
Ұлттық натюрморт
Ұлттық натюрморт
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы Бирманов Н.А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.