Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түйінді батик өнері

07 ақпан 2015, Сенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Түйінді батик өнері

Батиктің шығу тарихы. Батик өнері ең алғаш рет Индонезиядағы Ява аралдарынан басталған өнер. Бұл матаны ерекше әшекейлеу болып табылады«Ba - tik» - Ba сөзі х. б. мата, ал tik – тамшы, нүкте деген мағынаны білдіреді.«Ambatik» - матаға сурет салу, нүктелермен толтыру немесе мата бетінде штрихтау деген сөз. Көптеген әлем халықтары үнділер, қытайлар, египеттіктер, перуандықтар бұл өнерді ерте кезден дамытқан. Бірақ ол ең жоғары деңгейде көркемдікке және техникалық әсемдікке тек Явада жеткен. Явалық батикке бүкіл әлем таң қалысады, ал Индонезиялықтар үшін ол жай ғана зат. Ява және Бали, Индонезия аралдарының тұрғындарына бұл күнделікті дәстүрлі киім.

Индонезияда батиктің қашан пайда болуы жайлы нақты деректер әлі күнге дейін пікір талас тудыруда. Ал батиктің Явада кеңінен таралған уақыты ХҮІІ ғасырда деп болжамдар айтылуда. Батикті адамдар алғаш рет киім ретінде пайдаланылған. Олар бастапқыда матаны түйіндеп байлау арқылы суреттер, кескіндер, сызықтарды салуды ойлап тапты. Қытай елінде ҮІІ ғасырда матаны түйіндеу әдісі жақсы дамыған. Түйінді батик өнері. Түйінді батик матаға сурет салудың ең оңай түрі болып табылады. Матаның ерекше және керемет түстермен бояу сәнді түйіндерден небір әдемі сурет шығуы ол адамның фантазиясына бірден - бір байланысты болып табылады. Матаны түйіндеп бояу әдісі кейбір дәлелдерге қарасақ Қытай елінде ҮІІ ғасырда пайда болған, ал бертін келе Индия елінде көп тараған өнердің бірі. Индияда «бандхей», «бандхана», «бандхни» сияқты атаулар қазақшаға тәржімалағанда «байла да - боя» деген мағынаны береді. Индияда бүгінге дейін түіндеу әдісі киімдерді әрлеуге қолданылып келеді.

Түйіндеу әдісін киімдерде ғана емес тұрмыстық заттарда – перделер, салфеткалар, жапқыштарда пайдалануға болады. Арнайы х. б. маталарды алып, көлемі 20 - 30, 20 – 20, 20 – 40 см қырқып, оларды бояуға дайындау керек. Салқын суға матаны жарты күнге салып қою керек. Сонда матаның бойына қосылған крахмалдар кетеді. Одан кейін матаны кептіріп, матаға тастарды түйіндеп байлау арқылы немесе төменде көрсетілген схемалар арқылы матаны түйіндеп байлап, оттың үстінде қайнап тұрған бояққа салып 20 – 30 минут қайнатамыз, бір қасық ас тұзын салып 20 минут қайталап қайнатамыз, осыдан барып әдемі, әрлі өрнектер аламыз. Tүйiндi батик өнерiнiн негiзгi салалары Батиктi жасау үшін қағаз мақта матаны пайдалана аламыз. Бiрiншiден алған матамыз бiртүстi және жұқа болуы керек. Бұл әдіспен жұмыс жасау үшін батист матасы өте ыңғайлы. Батист жұқа мата болғандықтан бояқты тез сіңіреді және оған оңай сурет салуымызға болады.

* Есiңiзде болсын. Матаны пайдаланбас бұрын, оны жуып, жақсылап үтіктеу керек.* Түйiндердi түйетін жіптер бояқ өткiзбейтiн және үзiлмейтiн болуы керек.* Мата бояу үшін мақта матаны бояуға арналған бояқтарды пайдалану керек.* Матаны түйіндеудің әдісі сан алуан. Ол сіздің ұшқыр қиялыңыздың нәтижесі екенін есте сақтаңыз.

1 – әдіс
Ява халқында алғаш матаны түйіндеу әдісі пайда бола бастаған сәтте, олар матаға табиғи тастарды түйіндеу арқылы небір түрлі өрнектерді ойлап тапқан.
Бiрiншi 20 - 20 см мата қиындысын аламыз, матаға тастардың орнын белгiлеймiз.
Матаның төрт бұрышынан және ортасынан тастарды түйіндеп аламыз.
Өзіңіздің үйлестіруіңізге қарай тастарды әртүрлі ара қашықтықта байласаңыз болады.

 Матаны бояу үшін төмендегілер қажет:
 Мақта матаға арналған бояқ.
 Шыны немесе әйнек ыдыс (банка).
 Көлемі кемінде 3литр су сиятын шыны ыдыс.
 Резина қолғап.
 Ағаш қысқыш. Ағаш таяқша. Полиэтилен пленка немесе клеенка.
 Көлемі 5 литрдан кем емес құты.
 Дәке.

2 - әдіс
 1. 20 - 20 см болатын мақта матаны алыңыз.
 2. Осы матаның ортасын тауып алыңыз
 3. Матаны бүктеңіз де 5/6 см - ден арақашықтық сақтап
 жiппен ораңыз (4 сурет).
 4. 6 см - ден арақашықтық сақтап бұл дайындықтағы
 матаның арасын жиi алып бүрмелер жасаңыз.
 5. 5/6 см - ден арақашықтық сақтап
 үзбей неғұрлым қаттырақ ораңыз

 3 - әдіс
 1. 30 - 30см болатын матаны алыңыз
 2. Суретте көрсетілгендей матаны екіге бөліп бүктеңіз.
 Бүктеменің ортасын табыңыз
 3қарандашпен аралары 2см болатын
етіп сызықтар белгілеңіз
 5. Матаны гармошка сияқты жиырып бүктеңіз
 6. Дайын матаны бірнеше жерден жіппен ораңыз

4 әдіс
 1. 20 - 40 см болатын мата алыңыз.
 2. Матаны тура ортасынан екіге қабаттастырып бүктеңіз.
 3. Жоғарғы және төменгі жақтарын теңдей бөліктерге бөліңіз, қарындашпен белгілеңіз.
 4. Белгіленген жерді жіңішке сызықтармен қосыңыз.
 5. Матаны сызық бойынша қабаттастырып жоғарғы жақтарын ішке қарай иіп бүктеңіз. 12 сурет
 Матаны жақсылап жіппен ораңыз. Оралған маталарды бояңыз.

Сіздермен іс тәжірибемді бөліскеніме қуаныштымын.
Назарларыңызға көп рахмет!
7 504
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Батик өнеріндегі табиғат көрінісін бейнелеу
Батик өнеріндегі табиғат көрінісін бейнелеу
Батик өнері өте ертеде дамыған. Индонезияның Ява аралында алғаш рет дүниеге келді. Алғашқы маталардың өндірісіне дейін малайзиялықтар заттарын алып келіп аралда, ағаштың қабығына, өрнектерді жабайы аралардың балқытылған балауызы арқасында, өсімдік
Бояулар сыр шертеді
Бояулар сыр шертеді
Оқушылардың бейнелеу өнері жайындағы білімін толықтыру. Оқушыларды шапшаңдыққа үйрету, шығармашылықтарын дамыту. Оқушының ой – қиялын дамыту, олардың икемділігін, сурет салу шеберлігін арттыру.
Матаны батик әдісімен әшекейлеу
Матаны батик әдісімен әшекейлеу
Жезқазған қаласындағы жалпы білім беретін №10 орта мектебінің бейнелеу өнері және технология пәнінің мұғалімі Шалмагамбетова Гаухар Мейрамована
Батик өнері
Батик өнері
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, №4 орта мектебі Имандосова Женисгуль Мырзабаевна
Қыртысы күрделі драпировканың тоны, жарық пен көлеңкесін салыстырып орындау
Қыртысы күрделі драпировканың тоны, жарық пен көлеңкесін салыстырып орындау
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, "Аудандық көркемсурет лицейі" МКҚК - нің сурет пәні мұғалімі Оразова Эльвира Мендикызы
Матаны пішуге дайындау жұмыстары.
Матаны пішуге дайындау жұмыстары.
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Әлжанова Роза Зейнуллақызы Сабақтық тақырыбы: Матаны пішуге дайындау жұмыстары. Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға мата туралы толық мағлұмат беру, мата пішудің әдіс –
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.