Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құрылыс сызбаларының ерекшеліктері

10 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Сабақтың тақырыбы: Құрылыс сызбаларының ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты:
а/ Оқушыларға құрылыс сызбаларын кескіндеу жолдары жайлы түсінік беру.
ә/ Құрылыс сызбаларын салу жолдарын талдауға, елестету, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
б/ оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Сызбалар, сызба аспаптары, слайдтар, т. б.
Пайдаланған әдебиеттер: Сызу. 9 - сынып
Сызу.Дидактикалық материалдар/
Сызу./электронды оқулық/
Сызу./міндеті графикалық жұмыстар/
Пәнаралық байланыс: геометрия, технология, алгебра, бейнелеу өнері
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі:
Түсіндірмелі, ақпаратты технологияларды қолдану.
Керекті құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта, сызба аспаптары.

Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а/ сәлемдесу.
ә/ оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
Эскиздердің атқаратын қызметі және оның орындалуы.\түсінік беру\
Бекіту сұрақтары:
1. Эскиз дегеніміз не?
2. Эскиздің сызбадан айырмашылығы неде?
3. Эскизді қандай ретпен орындайды?
2, 2. Өлшеу аспаптарымен жұмыс.

3. Жаңа сабақ.
Құрылыс сызбаларының ерекшеліктері жоспары;
а/ құрылыс сызбаларын кескіндеу.
ә/ құрылыс сызбаларын оқу.
Көне заманнан өзінде қандай да бір ғимарат тұрғызу үшін сызбаны қолданған.
Олар жетілмеген түрде орындалды және сызбадан гөрі суретті көп елестететін.
Индустрияның дамуына байланысты сызбалар көптеп пайда бола бастады. Біздің айналамыздағы аспан тіреген зәулім үйлерді, шағын ғана саяжай үйлерін, зауыттарды, спорт кешендерін, дүкендерді, аялдамаларды - барлығын құрылыс сызбаларынсыз тұрғызу мүмкін емес.
Ең алдымен кез келген құрылыс жобалаудан басталады. Содан соң жұмыс сызбалары орындалады. Құрылыс сызбалары да біз өткен ережелер мен безендірулерге сәйкес орындалады. Дегенмен құрылыс сызбаларының ерекшеліктері де бар.

Құрылыс сызбаларын кескіндеу
Ғимараттағы сәулет - құрылыс сызбаларының негізі - қасбет\фасад\, жоспары және оның жасалған тілік беті болып табылады. Олар ғимараттың сәулеті, нысанды жобалау және оның өлшемдері, қолданылатын материалдары мен негізгі элементтері туралы толық мағлұмат береді.
Қасбет дегеніміз ғимараттың алдыңғы көрінісі\негізгі көрінісі\. Негізгі қасбет
бұл ғимараттың көше жағынан қараған көрінісі, сол және оң жақ көріністері - жанынан қарағандағы қасбеті. Артқы көрінісі - аула қасбеті
Қасбеттерді кішірейтілген масштабтарда орындайды. 1; 50, 1; 100, 1; 200, 1; 400.
Ғимарат жоспары \үстінен қараған көрінісі\- ғимараттың шартты тілігі, ол
терезе алды тақтайынан сәл биік алынады. Жоспар сызбаларында қиюшы жазықтықтың өткен жерін және одан төмен жатқан элементтердің барлығын көрсетеді.
Қажет жағдайда, жоспардың жекелеген бетін қасбетке қарағанда ірі масштабпен
кескіндейді.
4. Сызба жұмысы.
Саяжай үйінің құрылыс сызбасын сызу.
5. Тест тапсырмалары.
6. Сабақты пысықтау, бекіту.
Сұрақтары:
1. Құрылыс сызбаларында өлшемдер қолданыла ма, қандай?
2. Құрылыс сызбаларында қандай масштабтар қолданылады?
3. Қасбет дегеніміз не?
Бекіту. Инсерт әдісі.
Не білдім?
Нені үйрендім?
Білгім келеді?

7. Үйге тапсырма.
Құрылыс сызбаларының ерекшеліктері \түсінік беру\,\сызба сызу\
8. Оқушыларды бағалау
15 441
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көріністерді сызбаларда салу. Сызудан қосымша практикалық сабақ жоспарлары
Көріністерді сызбаларда салу. Сызудан қосымша практикалық сабақ жоспарлары
Бір көрінісімен анықталатын заттың сызбаларын орындау, өлшемдерін түсіру. 1 - тапсырма: Қалыңдығы 2 мм, ұзындығы 50 мм, ені 25 мм болатын тік бұрыштық сызбасын сызу, қажетті өлшемдерін түсіру.
Музыкалық аспаптардың құрылыс ерекшеліктері
Музыкалық аспаптардың құрылыс ерекшеліктері
Музыкалық аспаптардың құрылыс ерекшеліктерімен таныстыру. Музыкалық аспаптар туралы толық мәлімет беру
Геометриялық денелердің сызбалары
Геометриялық денелердің сызбалары
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, «№7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Мендигалиева М. К.
Эскиздеу (тілікпен)
Эскиздеу (тілікпен)
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі мұғалімі Джайлибаева Жайнагул Абдигалиевна
Тетікбөлшек эскизі
Тетікбөлшек эскизі
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі инженерлік графика, сызу пәні оқытушысы Куспанова Сауле Умбеткалиевна
Проекциялау
Проекциялау
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі инженерлік графика, сызу пәні оқытушысы Куспанова Сауле Умбеткалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×