Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлттық жәдігерлерімізді жаңғырту, жалғастыру біздің міндетіміз

18 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Баяндама
Тақырыбы: Ұлттық жәдігерлерімізді жаңғырту, жалғастыру біздің міндетіміз

«Қазақстан - 2050» Жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыруда бізге – қазақ халқына айырықша жауапкершілік жүктеледі.
Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз....
Қ Р президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан.

1. Еліміздің тәуелсіздік алуымен қазақтың өткен тарихына, әскери өнерінің, қару – жарағының тарихына деген қызығушылық арта түсуде. Сол көне жәдігерлерімізді жоғалтып алмай, өскелең ұрпаққа насихаттау, ұстаздардың ғана емес, бүкіл қазақ халқының міндеті. Қазақ халқының қолөнері көне заман тақырыбымен дамып, біте қайнасып, мирас болып қалған баға жетпес бай қазына. Сондай ұлтымыздың өнер туындыларын оқушыларға мұражайлардан, кітаптардан көрсете отырып халқымыздың тұрмысымен түпсіз терең тарихымен таныстыру. Оқушыларға өз халқының мәдениетін терең, жан - жақты үйрену, қолөнерге құрметпен қарау, қадірлей білу, ұлтжандылық пен еңбекқорлыққа үйрету, ол біздің міндетіміз.

Еркіндікті аңсаған ата - бабамыз, батырлығымен бес қаруы арқылы ұлтарақтай даламызды қорғап, осы күнге жеткізді. Сол себепті батырдың дулыға, сауыт және қару - жарағын оқушыларға насихаттай отыра тарихымен таныстыру. Еліміздегі этнографиялық мұражайларындағы оюмен көмкерілген, кең дала төсінен табылған қару - жарақ, киімдері қазақ халқының мәдени өмірінің шежіресі дейміз. Қазақтың дәстүрлі қару - жарағын еліміздің көптеген этнограф - тарихшылары зерттеп келеді. Соның ішінде ең алғаш зерттеген қазақ ғалымы Ш. Ш. Уәлиханов болатын. Сонымен қатар қазақтың дәстүрлі қару - жарағының тарихын, формалары мен түрлерінің қалыптасу тарихын нақтылауда көшпелі халықтардың өздері тудырған бейнелеу өнері ескерткіштері – балбал тастар мен әр замандағы тасқа салынған петроглифтер, Қазақстанды мекен еткен көшпелі халықтармен әр заманда көршілес болған қытай, иран, орыс, түрік, монғол т/б. халықтардың өнер туындыларынан көруге болады. Қазақтың дәстүрлі қару – жарағын – «ер қаруы – бес қаруды» қорғанудың немесе атыс - шабыстың құралы ретінде ғана қарастыру тым жеткіліксіз. Өйткені, мұндай ұстанымның ақыры дәстүрлі қару - жарақты түптеп келгенде жеке тұлғалар – батырлардың қарулары дегенге ғана сыйдырады.

Осыған орай мектеп қабырғасында оқушыларға қазақтың жауынгерлік қару – жарағы туралы танымы мен түсінігін кеңейтіп, ұмытылып бара жатқан қазақтың кәсіби қолөнерін бойларына сіңдіре білсек ұтарымыз көп. Жас ұрпақты ұлтымыздың көнеден келе жатқан тұрмыс – салтымен, өмірімен, соның ішінде қару - жарақтың жасалу тарихымен таныстырып, олардың үйірме жұмыстарында немесе еңбек сабағында икемділігі мен шеберлігін, өнерге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру мақсатында «Жауынгерлік қару - жарақ және қосалқы бөлшектері» деген тақырып бойынша 11сынып және 7сынып оқушылары «Ұлттық қолөнер» атты үйірмесінде жұмыстанды. Ұлттық қолөнерді дәріптеу мақсатында, технология сабағында «металды өңдеу» тарауы бойынша 9сынып оқушылары батырдың дулыға - сауытын жасай отырып, ерекше ою - өрнек арқылы безендіріп, шекімдеу әдістерімен танысты. Осындай ұлттық тәрбие нәтижесінде үйірме және еңбек сабақтарында оқушылар өзіне мынадай дағдылар қалыптастырады:
* Ізденімпаздық;
*Шыдамдылық;
*Іскерлік;
*Рухани мәдениет;
*Отан сүйгіштік.
1. 2. Егерде қазақтың дәстүрлі қару – жарағының этнографиясымен танысатын болсақ әр ру - тайпалардың өзіне сай қару - жарағы, жауынгерлік киімімен қосалқы бөлшектері болған. Сол себепті өзіміздің мектеп қабырғасында оқушылармен бірге жасаған қазақ батырының қару - жарағы соның бір айғағы. Қару - жарақты жасамас бұрын шығу және жасалу тарихымен танысып, әр рудың қару - жарағын зерттейміз. Себебі біз жасаған қазақ батырының қару - жарағы әр рудан алынған, бірақ та ру атауы бөлек болса да, тегі қазақ, яғни біз қазақ батырының қару - жарағын жасап шығардық. Ол өнер туындысын жасамас бұрын оның бір тұтас классификациялық сұлбасын жасап алуымыз шарт.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 932
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық киімдер туралы мәліметтер. Бас киімдер жасау
Ұлттық киімдер туралы мәліметтер. Бас киімдер жасау
Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы — киім тігу.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері Құрметті қазақстандықтар! Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірибесінен, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жария етілді.
Ою өрнек туралы мағлумат беру
Ою өрнек туралы мағлумат беру
Қазақ халқының қолөнерінің саласында кең қолданып келген, өнердің өте көне, әрі күрделі түрі – ою - өрнек өнері. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі. Ою - өрнек өнері ежелгі замандарда қалыптасып, дамып,
Сіріңке талынан қылқобыз жасау
Сіріңке талынан қылқобыз жасау
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Новенький орта жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы: Елюбаев Мадияр, Жылқыайдаров Рустам Жетекшісі: Бейбіт Маратұлы Муканалиев, технология пәнінің мұғалімі
Тақырыптық жоспар
Тақырыптық жоспар
Оқушыларға өз халқының мәдениеті мен этнографиясын таныту, насихаттау басты міндетіміз. Себебі, «тәрбие – тал бесіктен басталады» дейтұғын дана халқымыз қашанда дәстүрге берік болып, салтын сақтай білген.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×