Білімділер поралы
загрузка...

Натюрморт

Бейнелеу өнері сызу, технология пәндерінің мұғалімі Мира Кумаржанова

Бейнелеу өнері 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Натюрморт
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға натюрморт ұғымын қайталата отырып, толық мағлұмат беру. б) Натюрморт салдыру арқылы оқушылардың шығармашылықтарын дамыту.
в) Оқушыларды еңбексүйгіштікке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекіліктер: Оқу плакаттары.
Қажетті құралдар: Сурет салуға арналған альбом, әр – түрлі бояулар т. б.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Жаңа сабақ: Натюрморт жанрын француздар «өні табиғат» десе, немістер мен ағылшындар «қозғалмайтын өмір» немесе «тыныштық» деп атайды. Натюрморт XVII ғасырдан бастап жанр ретінде қаранды. Өнердің бұл жанр түрі «кіші голландықтар» деген атпен жарыққа шықты. Жанрдың осылай аталуы орындалған жұмыстың кішкене көлемде орындалуыма, әлде «тыныштықтағы заттар» деген атына байланысты ма, бұл жанр сондай маңызды болмады.
Кіші голландықтар үстелдегі әдемі тағамдарды, заттарды, әдемі ыдыстардың суретін салуды ұнатты. Олар натюрморт жұмыстарын «таңертеңгі ас» жеп жиі атады. Голландықтар сондай сүйіспеншілікпен салған заттарын картиналарында көрсете білді. Мына заттарды ар жағындағы дүниелердің көрінуі, темірдің жылтыны, жапқыштағы қыртыстар, кесілген жемістерді, аң – құстарды тұп – тура шынайы өмірдегідей етіп көрсетті. Олардың ұқсастығы соншалық заттың өзі екен деп қаласың. Натюрморт жанры негізінде жаңа суретпен айналысып жүргендерге өте қолайлы. Натюрморттан суретті қарап салып үйренуге болады. Заттың пішінін, әрбір бөлшектерін өз суретіңмен салыстырмалы түрде қарап салуға өте қолайлы. Ал пейзаж жанрында табиғат мезгілінің өзгеріп тұруына байланысты сурет салып үйрену қиынырақ салған натюрморттары көрерменге ой тудырса, сол шығарма маңызды деп санайды. Мысалы, бір заттан орындалған кесе суреті, тіпті ол әдемі болса да, натюрморт болып есептелмейді. Егер кесенің қасына торт және гүл қойып суретін салса, онда ол үлкен мазмұнды, тақырыпқа байланысты орындалған натюрморт болып есептеледі. Мысалы: «Мейрам», «Туған күн» т. б.
Қазіргі кезеңде Қазақстан суретшілері натюрморт жанрынан көптеген картиналар салып, қазақ дәстүрін шетелге танытты: Олар: Айша Ғалымбаева, Гульфайрус Ысмайылова, Т. Тоғысбаев, С.Айтпаев, М. Нұрлыбаев т. б. суретшілер.

Қорытынды: Осы сабақты қорытындылай отырып, тақырып бойынша, 119 – суретте көрсетілген, әр – түрлі натюрморттарға қарап, сол натюрморттардың біреуін сурет дәптерлеріне салғызу.
Үйге тапсырма: Натюрморт тақырыбын оқып, сыныпта бастаған жұмыстарын аяқтап келу.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Бәйге бөлімі
  • Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында

    Ұлы Отан соғысы жайлы түсініктерін кеңейте отырып, жеңістің оңайлықпен келмегеніне көздерін жеткізу және шығармашылық жұмыспен шұғылдануына бағыт беру.
  • Наурыз мейрамы

    Наурыз және қазақ халқының басқа да ұлттық мерекелері туралы оқушыларға жалпылама мәлімет бере отырып, мерекелердің маңызын ұғындыру.
  • Қаратпа сөз

    Қаратпа сөз туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау; оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке ...
  • Би музыкасы

    Қазақ халқының салт - дәстүріндегі бидің алатын орны, Шара Жиенқұлованың өмірімен және билерімен танысу. Оқушылардың музыка пәніне қызығушылығын дамыту, сүйіспеншілігін ояту арқылы әсемдікке ...
  • Microsoft Word редакторының графикалық мүмкіндіктері

    Microsoft Word редакторының графикалық мүмкіндіктерін көрсете отырып түсіндіру. Оқушылардың ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білуге үйрету, өз ойын еркін жеткізе білу
  • Спортпен айналысамыз

    Берілген материалдың мағынасын түсінеді, сөздерді жіктейді, есімдіктерді, демеулік шылауларды атап, мысалдар келтіре алады.
  • Қош келдің – әз Наурыз!

    Наурыз қазақтың ұлттық мейрам екенін ашып көрсету; балалардың санасына халқына деген мақтаныш сезім ұялату; мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына қарай балаларды адамгершілікке, елін, ...
  • Қайталау. 400 - 406 - жаттығулар

    Оқушыларды қазақ халқының дәстүріне деген сүйіспеншілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Үздік жаңалықтар
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 120
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 119
Роботтар: 3
Аруна Сегізбай
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • БГК
    Жазған: БГК
  • Венерок
    Жазған: Венерок
  • guizira1983
    Жазған: guizira1983
  • Кеулимжай
    Жазған: Кеулимжай
  • Арнұр
    Жазған: Арнұр
    Мына жаңалықта: Қимылды ойындар
  • ALTUH79
    Жазған: ALTUH79
  • Aiman Bolatbek
    Жазған: Aiman Bolatbek
  • Гүлнар Жолдасова
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика