Білімділер поралы
загрузка...

Мемлекеттің тәуелсіздігі халқының бақыты

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
«Абай атындағы орта мектебі» ММ
Бейнелеу өнері пәні мұғалімі Карасаева Сулушаш

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттің тәуелсіздігі халқының бақыты.
Сабақтың мақсаты: 16 желтоқсан мерекесін негізге ала отырып, бейнелеу өнерінің қыр - сырын жан - жақты үйрету. Жалпы өнерді құрмет тұту, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Топтық сайыс, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Ұран сөздер, слайд суреттер.
Құрал – жабдықтар: Қағаз, қарындаш, бояулар, интерактивті тақта

Сайыстың барысы: 1. Ұйымдастыру
А) амандасу
Б) топтарды ортаға шақыру

Мұғалім: Армысыздар, қадірлі қонақтар мен оқушылар! Бугінгі 4 - сыныптар арасында өтетін бейнелеу пәнінің «Жас суретшілер» сайысына қош келдіңіздер!
Сәлем бердік баршаңызға ізетпен,
Ерекше бір күштілікпен, құрметпен.
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Ортаймасын бақыт, қуаныш берекесі!
Он алтыншы желтоқсан – Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік, ел жадында қалған кун!- демекші бейнероликтен үзінді көрейік.

Мұғалім: Сайысқа қатысушыларды ортаға шақырайық. Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен таныстырып өтейін.
Бес топ сайысқа түседі.
І топ. «Қарындаш»
ІІ топ. «Бояулар»
ІІІ топ. «Субояқтар»
ІV топ. «Қылқалам»
V топ «Палитра»
Өнер десе өртеніп жанып тұрар,
Сусындап сол өнерден қанып тұрар.
Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер
Кез келді өзін - өзі таныстырар, - дей келе, сайысқа түскелі отырған топпен танысайық.

1. Таныстыру (әр топ басшысы өз тобын таныстырады)
Мұғалім: Жарыста озып шығар жүйріктері,
Әрқайсысы бақтарынан көрер енді
Қанеки, өрендерім сайысқа шық,
Таң қалдыр біліміңмен көрерменді

2 - бөлім.«Оқу - білім қазығы, білім - өмір азығы,(бұл бөлімде 5 топ пән бойынша сұраққа жауап береді)
Мұғалім: Ән салып, би билеймін деп қысылма,
Сурет салып, өлең жазар өнер болса қолыңда,
Қандай өнер болса - дағы өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар әрқашанда жолында.

3 - бөлім. «Көңілді бояулар» (Бұл бөлімде әр топтан бір оқушыдан шығып, табиғатқа байланысты сурет салады)
Мұғалім: Кім тапқыр балақан?
Ойлан, тез тек жылдам.
Бейнелеудің қай түрі
Тақтада бұл тұрған

4 - бөлім Кім тапқыр? (тақтаға бірнеше суреттер ілінген, бейнелеу өнерінің қай түрінен екенін айтып береді)
Мұғалім: Кім жылдам табады?
Заттардың бейнесін
Бір - бірімен суреттер,
Табу керек үйлесім
Быт - шыт болып шашылған,
Құрайды екен кім жылдам?

5 - бөлім. «Кім шапшаң, кім жылдам?» (қиылған суреттерді құрастырып, қандай бейне екенін табу)
Мұғалім: Ойлан тап балақан?
Түрлі - түрлі түстер көп,
Турлі - түсті сүйеміз,
Түрлендіріп жүреміз.

6 - бөлім. Ойлан, тап! (сөздерден түс аттарын шығару)
Мұғалім: Көгере бер, көркейе бер, өсе бер
Өмір жолы еңбекпенен шешілер,
Шыңға шығар шынар болып шынайы
Кездеспесін ешқашанда кесірлер,- деп, бүгінгі сайысқа қатысушылардың барлығына сәттілік тілей отырып, сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Жеңген топты марапаттайды.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ойын-сауық отауы
  • Атырау қаласына жастарға арналған заманауи саябақ керек

    "Атырау қаласына жастарға арналған заманауи саябақ керек деп ойлаймын. Сол себепті "банан бағы" жобамды ұсынамын. Қаланың Еуропа бөлігінде Досмұхамедов университетінің артында пішіні бананға ұқсайтын ...
  • Пайдалы таңғы ас мәзірі

    Таңғы асқа отырмас бұрын не істеу қажет? Таңертең ұйқыдан тұра салысымен адамның асқа тәбеті бола қоймайды. Жуынып алғаннан соң, 1 стакан қайнаған су ішіп алған жөн. Бұл асқазан, ішек жолдары мен қан ...
  • Педагогика және психология негіздері тест сұрақтары №4

    Педагогикадан тест сұрақтары жауаптарымен, тестен өтіп өз біліміңізді тексеріңіз! Әр бес жыл сайын мұғалім өзінің біліктілігін көтеріп, аттестациядан өтуі міндетті екені белгілі. Осыған орай ...
  • Педагогика және психология негіздері тест сұрақтары №3

    Педагогикадан тест сұрақтары жауаптарымен, тестен өтіп өз біліміңізді тексеріңіз! Әр бес жыл сайын мұғалім өзінің біліктілігін көтеріп, аттестациядан өтуі міндетті екені белгілі. Осыған орай ...
  • Жүрегіңді тыңда бірақ, ақылмен шешім қабылда

    Сабыр - ең жақсы қасиет. Ол кез - келген жағдайдан алып шығады.
  • Болады деп арманда

    - Ал енді мен ақыл айтам, Ақыл айтам, таңданба. Қорлық үшін келген жоқсың мына өмірге, Жалғанға. Мына өмірде, жүрегіңде, Бойыңда ыстық қан барда. Болмысты да, болмасты да, Болады деп арманда!
  • Қателескен екенмін. Бір - ақ рет

    Қателескен екенмін. Бір - ақ рет. Өкініштен өртен де жыла, жүрек. Әр қадамды мысықша аңдамаппын, айыптаңдар, қайтемін, кінәлі деп.
  • Педагогика және психология негіздері тест сұрақтары №2

    Педагогикадан тест сұрақтары жауаптарымен, тестен өтіп өз біліміңізді тексеріңіз! Әр бес жыл сайын мұғалім өзінің біліктілігін көтеріп, аттестациядан өтуі міндетті екені белгілі. Осыған орай ...
Үздік жаңалықтар
загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 106
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 105
Роботтар: 4
Гайрат
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика