Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кескіндеме пәні бойынша оқыту бағдарламасы

11 тамыз 2016, Бейсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Алматы облысы, Райымбек ауданы,
Қарасаз ауылындағы өнер мектебі МҚКК
Құрастырушы: Түзелбаева Арай

Бағдарламаны бекіткен
Қарасаз ауылындағы өнер мектебінің директоры: Раева Бахытгүл Абдықадырқызы

Бағдарламаны бекіткен мерзімі: Қарасаз өнер мектебінің 30. 08. 2015жылғы №1 ғылыми - әдістемелік кеңесінің шешімімен бекітілді.
Қосымша білім беру бағдарламасының тақырыбы: "Кескіндеме " пәні бойынша сурет және қолданбалы өнер сыныптарына арналған бағдарлама
Бағдарлама бойынша білім алатын оқушылардың жасы 7 - 12 жас
Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі: 4 жыл
Бағдарлама авторының аты - жөні, қызметі: Түзелбаева Арай Алданқызы сурет, сәндік қолданбалы өнер пәндерінің оқытушысы
Бағдарламаны жүзеге асыратын ұйым: Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылындағы өнер мектебі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Оқыту жылы, бір жылдағы сағаттар саны - 102 сағат

Алғы сөз
Оқу пәні – бұл білім алушылардың өзінің жас ерекшеліктеріне, физикалық және психологиялық ерекшеліктеріне сай танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес белгілі бір білімнің, ғылым - ілімнің, мәдениет пен өндірістің, еңбектің негізін игеруге себепкер болатын практикалық жаттығулар мен машықтардың, іліми - ғылыми жүйесі болып табылады. Ал оқу жұмыс бағдарламасы – нақты оқу пәні бойынша берілетін білімнің мазмұнын, дағдылар мен ептілігін, қабілетін ашып көрсететін, ұсынылған тақырыптардың бірізділігі мен дүниетанымдық ой - пікірлердің негізін үйрететін логиканы, оқып - үйренуге кететін уақыт мерзімін мөлшерлейтін нормативтік құжат. Бағдарлама пәнді оқытудың әдістемесін, жалпы ғылыми маңыздылығы мен рухани тұтастай бағыт - бағдарын, теориялық құндылығын анықтайды. Бағдарламада оқу жылына сәйкес оқу материалдарының құрылымы көрсетіледі. Оқу үдерісінің тиімділігі мен табыстылығы білім алушылардың оқу бағдарламасын толық та жемісті меңгерумен айқындалады. Осы оқу бағдарламасын толық меңгеру білім алушылардың ептілігі мен қабілетіне, дағдыларына және оқу үдерісінің ұтымды ұйымдастырылуына тікелей байланысты.
Бұл бағдарлама жалпы өнер мектептеріне, оның ішінде ауылды жерлердегі қосымша білім беру мекемелері ішіндегі сурет бөліміндегі «кескіндеме» пәні бойынша білім мазмұнын, білімді игерудегі қажеттілікпен қатар, оқушылар - дың кескіндеме жайлы білім ауқымын кеңейтіп, шығармашылық бастауын - дағы кескіндемедегі шеберліктерін, дарынын арттырып, үйрену жолдарын айқындап, 4 жыл білім алады.

Түсініктеме хат
Бағдарламада оқу мен білім алу деңгейлеріне қарай, оқушының жас ерекшеліктері ескеріле келе, кескіндеме пәнінен көркемдік білімдерін жетілдіре келе, әлем мәдениетін танып білуге, тұлғаның әлеуметтік, мәдени және кәсіптік анықталуына, өз шығармашылығының ауқымын кеңейтуге бағытталған. Оқыту бағдарламасы «көркемсурет» бөлімдерінің негізгі оқу сыныптарына арнала отырып, баланың мәдени, рухани, өзін - өзі дамытуына және өзге елдің бейнелеу өнерімен таныса келе ұлттық өнермен ұштастыруына үлкен үлес қосады.
Кескіндеме өнерін кеңінен тани отырып, оның құрылымын, шығу тарихын ақпарат құралдарынан, ақпарат көздерінен оқып, зерттей келе, баланың өзін - өзі жан - жақты шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыра алуға арналған бағдарлама топтық бағдарлы сурет сыныптарына, сәндік қолданбалы өнер сыныптарына арналады.
Бағдарламаның жаңашылдығы
Кескіндеме пәнін жоспарлаудағы жұмысты орындау, сурет салу тәсілдерінің сан алуандығы, әр баланың жұмыс жасау барысында, өз ойын еркін жеткізе келе, шығармашыл тұлға ретінде қалыптасуы. Әр тақырыптың ауқымының кеңдігі әрбір жас тұлғаның бойындағы қабілетін оятуға септігін тигізері сөзсіз.
Оқытушы кескіндеме өнеріне тән заңдылықтарды үйрете отырып, оны ұлттық өнермен ұштастыра келе бала бойына халқына деген патриоттық сезім ұялатады.
Бағдарламаның маңыздылығы
Кескіндеме саласында түс тануға, түстерді үйлестіре білуге, айналаны қоршаған ортамен байланысын күшейтуге, сұлулықпен әсемдікті сезіне білуге үйретсе, баланың сана - сезімі ашыла түсіп, ойлау, көру қабілеті артуы хақ.

Педагогикалық өзектілігі
Кескіндемемен айналысу қарапайым адам көре білмейтін, сезе алмайтын әдемілікті бала бойындағы ішкі жан - дүниесін толық аша білуге талпындырары анық.
Оқу барысында оқушының танымдық қабілеті күшейіп, шығармашылық қабілеті артып, дербес тұлға ретінде қалыптаса алады.
Балалардың көркемдік әсері - ұлттық және этномәдени құндылықтарға ұласа келе жалпы адами тұрғыда жан - жақты жетілуіне ықпал етеді.
Уақыт пен адам талабына сай қосымша білім беру тиімділігін анықтайтын құзіреттілік тұрғыдан қарау бағдарламаның маңызды көзі болып табылады.
Мақсаты: Әр түрлі бояу түрлерімен жазықтық бетінде орналасқан көрем шығармаларды өмірдің өзіндегідей жанды етіп жазуға бейімдеу.
Міндеттері:
• «Кескіндеме» пәнінен теориялық білімін жетілдіру.
• Айналаға, әлемге, сұлулыққа деген көзқарасын өзгерте отырып, өзін - өзі оқытып, шығармашылыққа ден қоюын қалыптастыруға тәрбиелеу.
• Балалардың бойындағы көру, есте сақтау, белсенділік, ұқыптылық қабілеттерін дамыту. Қоршаған ортаға деген байқампаздық, эстетикалық көзқарастары, сүйіспеншіліктерін арттыру.

Толық нұсқасын жүктеу
4 459
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сурет пәні бойынша оқыту бағдарламасы
Сурет пәні бойынша оқыту бағдарламасы
Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнер мектептерінде көркем эстетикалық бағыттағы сурет пәні бойынша авторлық қосымша білім беру оқу бағдарламасы білім мазмұнын, білімді игерудегі қажеттілікпен қатар, сурет салу шеберліктерін арттырып олардың
Крейзи вул
Крейзи вул
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылындағы өнер мектебі Сәндік қолданбалы өнер сыныбының оқытушысы: Түзелбаева Арай
Салынбалы жағалар
Салынбалы жағалар
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылындағы өнер мектебі Сәндік қолданбалы өнер сыныбының оқытушысы Түзелбаева Арай
Қазақстандағы бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің көшбасшылары
Қазақстандағы бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің көшбасшылары
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылындағы өнер мектебі Сәндік қолданбалы өнер сыныбының оқытушысы Түзелбаева Арай
Түйенің өркешінде жыр боталап...
Түйенің өркешінде жыр боталап...
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылындағы өнер мектебінің Мұхаметжан Ақбота - сәндік қолданбалы өнер сыныбының оқушысы Жетекшісі: Түзелбаева Арай - сәндік қолданбалы өнер сыныбының оқытушысы
Сәулет өнері 4 - сынып
Сәулет өнері 4 - сынып
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Бөрлі ауылы, М. Бегалиева атындағы жалпы білім беретін орта мектебі Байболова Сағадат Саржанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×