Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қосымша және жергілікті көріністер (сызудан күнделікті сабақ жоспары)

12 қыркүйек 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып.
Тақырыптар:
6. Қосымша және жергілікті көріністер
7. Нәрсенің негізгі екі көрінісі бойынша оның үшінші негізгі көрінісін салу.
8. Нәрсенің негізгі екі көрінісі бойынша оның үшінші негізгі көрінісін салу. Жаттығу.
9. Беттердің қиылысу сызықтарын көріністе кескіндеу.
10. Нәрсенің өлшемдерін сызбаға түсіру туралы.


Сабақ: №41
Сабақтың тақырыбы: Қосымша және жергілікті көріністер.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Қосымша және жергілікті көріністер шығарып алуға, сызбада көріністерді орналастыруға үйрету, дағдыландыру.
ә) Дамытушылық: Оқушыларды теориядан сарамандылық жұмысқа икемдеу, оқушылардың ой - өрісін, білімін, шығармашылық қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын, шеберлігін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Кеңістік ой өрісін кеңейту, оқушыларды сызба жұмыстарын ұқыпты, таза салуға, шапшаңдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және т. б.

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Күрделі тетікбөлшектің кейбір элементтері негізгі көріністерде бұрмаланып проекциялануы мүмкін. Мысалы, 107, а - суретте кескінделген тетікбөлшекті қарастырайық. Осы тетікбөлшектің бас және үстіңгі көріністері 107, ә - суретте салынған. Горизонталь проекцияда (үстіңгі көріністе) тетікбөлшектің оң жақ бөлігі бұрмаланып түскен. Басқа негізгі көріністердің біреуіне тетікбөлшектің бұл бөлігі бұрмаланбай түсетін болар? Бұл сұраққа нәрсенің кескінін байқап қарап барып жауап беруге болады. Тетікбөлшектің бұл бөлігі негізгі көріністің бірінде де өзінің нақты шамасын сақтамайды, барлық негізгі көріністерде бұрмаланады. Нәрсенің бұл бөлігінің бұрмаланбаған кескінін алу үшін, оны басқа жазықтыққа проекциялау керек. Жаңа 4 жазықтықты негізгі көріністерде бұрмаланып кескінделетін тетікбөлшек бөлігінің жағына параллель етіп орналастырады (107, а - сурет). Осы жаңа жазықтықты қосымша проекциялар жазықтығы деп атайды. Қосымша проекция жазықтығына тетікбөлшек тік бұрыштап проекцияланады. Содан кейін қосымша жазықтықты проекциялар жазықтығымен беттестіреді. Алынған проекцияны тетікбөлшектің қосымша көрінісі деп атайды. Қосымша көріністе тетікбөлшектің негізгі көріністерде бұрмаланған бөлігі нақты шамасында проекциялануы керек. Қарау бағытын нұсқамамен көрсетіп, оның үстіне белгі қоямыз. Белгі орыс алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Мысалы,
А, Б,.... Қосымша көріністің үстіне де нұсқама сызылып, одан кейін әріп белгі жазылады (108, а - сурет). Қосымша көріністі негізгі көрініспен проекциялық байланыста орналастыруға болады (108, ә - сурет). Бұл жағдайда қарау бағытын нұсқамамен көрсетудің немесе белгі қоюдың қажеті жоқ. Қосымша көріністі бұрып кескіндеуге де болады. Мұндай бұрылған қосымша көріністі көрсету үшін бұрылу белгісі қолданылады (108, б - сурет). Бұрылу белгісі үшін нұсқамамен жабдықталған диаметрі 6 мм - ден кем емес шеңбер пайдаланылады, ал нұсқаманың қанаттары өзара тік бұрыш құрайды. Кейде тұтас көріністің орнына нәрсенің бізге керек шағын бөлігінің проекциясын көрсетуге болады. Нәрсенің бізге керек бөлігінің проекциясын жергілікті көрініс деп атайды. Жергілікті көріністі пайдаланғанда сызбада басы артық, көлемі үлкен әрі қиын тиетін салулар орындалмайды. Сондықтан техникалық тетікбөлшектің сызбаларында жергілікті көрініс жиі кездеседі. Жергілікті көріністің мысалы 109 - суретте берілген. Бұл сызбада жергілікті көріністің белгіленуі де көрсетілген. Жергілікті көрініс те қосымша көрініс сияқты белгіленеді. Жергілікті көріністі қосымша көрініспен шатастырмау керек. Қосымша көрініс текшенің жақтарына (негізгі проекциялар жазықтықтарына) параллель болмайтын жазықтыққа салынатыны есте болу керек. Жергілікті көрініс негізгі көрініс болуы да мүмкін (109 - сурет). Жергілікті көрініс қосымша көрініс те болуы мүмкін. 108 - суреттен жергілікті көріністердің аталған екі түрі де табылады.

Үйге тапсырма беру: 109 - суретте кескінделген дененің сол жақ және оң жақ көріністерін сыз. Олардың жергілікті көріністен айырмашылығына зер сал.
109 - суреттегі нәрсенің тікбұрышты изометриясын тұрғыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
8 146
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қима және оларды орындау
Қима және оларды орындау
Алдыңғы тарауда көріністер деп аталатын кескіндермен таныстық. Негізгі, қосымша және жергілікті көріністер туралы түсінік алдық. Сызбаны орындағанда көріністер саны ең аз болуы, бірақ нәрсенің пішінін осы сызба бойынша анықтауға жеткілікті болуы
Бұрандалық қосылыстарды ықшамдап кескіндеу. Сызудан қосымша практикалық сабақ жоспарлары
Бұрандалық қосылыстарды ықшамдап кескіндеу. Сызудан қосымша практикалық сабақ жоспарлары
Бұрандалардың түрлері көп болады. Оларды кескіндеу үшін ең алдымен бұрандалардың толық көрінісімен жақсы танысып алу керек. Содан соң оларды кескіндеуге болады.
Көріністерді сызбаларда салу. Сызудан қосымша практикалық сабақ жоспарлары
Көріністерді сызбаларда салу. Сызудан қосымша практикалық сабақ жоспарлары
Бір көрінісімен анықталатын заттың сызбаларын орындау, өлшемдерін түсіру. 1 - тапсырма: Қалыңдығы 2 мм, ұзындығы 50 мм, ені 25 мм болатын тік бұрыштық сызбасын сызу, қажетті өлшемдерін түсіру.
Күрделі тіліктер. Өткенді қайталау (сызудан күнделікті сабақ жоспары)
Күрделі тіліктер. Өткенді қайталау (сызудан күнделікті сабақ жоспары)
Нәрсенің тіліктерін орындап, сызбаға орналастыруға үйрету, өз беттерімен ізденіп жұмыс жасауға дағдыландыру, өздерінше ой қорыта білуге, таным мүмкіндігін анықтап, сауатты, сызбаларды көркем түсіре білуге үйрету.
Тіліктер туралы жалпы түсінік (сызудан күнделікті сабақ жоспары)
Тіліктер туралы жалпы түсінік (сызудан күнделікті сабақ жоспары)
Нәрсенің ішкі көрінбейтін беттерінің нұсқаларын сызбада үзілме сызықпен жүргізіп көрсетуге болады. Бірақ мұндай үзілме сызықтар сызбаны оқуды қиындатып жібереді.
Беттердің қиылысу сызықтарын көріністе кескіндеу (сызудан күнделікті сабақ жоспары)
Беттердің қиылысу сызықтарын көріністе кескіндеу (сызудан күнделікті сабақ жоспары)
Бүйір жақтары горизонталь проекциялаушы фигуралар болатын алтыбұрышты дұрыс призма мен бүйір жақтары профиль проекциялаушы фигуралар болып келген бесбұрышты призманың қиылысу сызығын тұрғызу керек болсын.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×