Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыз еркем кестесімен көркем (қолөнер сайысы)

30 қаңтар 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Технология (қыздар тобы)
Сыныбы: 6 ә және 6 б сыныбының қыздары
Мақсаты: Қолөнерді терең меңгере отырып, қабілетін ұштау және қолөнерді түсініп, жоғары бағалауға, дәстүрімізді қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Плакаттар, нақыл сөздер, оқушылар көрмесі, гүл шоқтары.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, сайыс сабақ.

Сабақ барысы:
«Өнер дегеніміз - адамның бойындағы қабілеттің ең биік көрінісі» (Лев Толстой)

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Кілемге біреулері өрнек сапты.
Терме ұстап, енді бірі ши ораса,
Оюдан түйін түйіп тамсантыпты...- дей отыра сайысымызды бастайық.

Сайысымыз төмендегідей ретпен өтпекші:
Топтың өзін таныстыруы
Өнер, еңбек, шебер туралы мақал - мәтел
Жұмбақтар шешейік
Көрмеге барайық
Көрініс – (үй тапсырмасы)
Сән көрсетілімі
Ән - би өнері
Ұлттық киім дизайны (көйлек, етік т. б.)
Қиялдан шыққан туынды

І. Топтың өзін таныстыруы.
- топтың аты, ұраны, әні.
- топтың эмблемасы, оның мағынасы, қорғау.
- плакат шығару, оның безендірілу шеберлігі.
ІІ. «Кен асылы - жерде
Сөз өнері - елде» - демекші өнер, еңбек, шеберлік, іскерлік жайлы әр топтың мақал сайысы ( 20 мақал )
ІІІ. Жұмбақтар шешейік атты кезекті сайысымызға әр топ 10 жұмбақтан әкелген екен, соны тамашалайық.
ІV.« Кілем сыры түгінде,
Кестенің сыры түрінде» - демекші ерке қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған тоқыма қолөнер көрмесін тамашалайық.
2 топтың экскурсовод қыздарының сөз шеберлігі, көрмесі бағаланады.
V. Қыздарымыздың тағы да бір өнері ертегі, аңыздар желісімен алынған тәрбиелік маңызы бар көрінісін тамашалап көрсек... («Бір уыс мақта»,
«Құмырсқа мен шегіртке»)
VI. Сымбатына сән киім жарасатын
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сымбаты сай кеп тұрған,
Қыздарыма қызығып қарасасың.
Ал, ендеше, сән көрсетілімін бағалап көрейік.
(Қыз баланың өзіне жарасымды, өз жасына сай киімді киіп, оны көрермен алдында әдемі жүрісімен көрсете алуы бағаланады).
VII. «Қол өнері - кілемде,
Сөз өнері - өлеңде,»- демекші қыздарымыздың ән айту, би билеу өнері де бар екен.
VIII. «Ұлттық киім дизайны»- сайысы бойынша әр топ өз үлгілерін ұсынуы керек. ( түрлі - түсті қағаз, желім, қайшы, табиғи заттар немесе мата қалдықтары)
IX. «Қиялдан шыққан туынды»- таратылып берілген санаулы заттардан өнер туындысын жасап шығару. 2 мин. (Әр топтың қиял ұшқырлығы бағаланады)
Ал, бүгінгі сайысымыздың қорытындысын шығару үшін әділқазылар алқасына сөз берейік.
X. Қорытынды сөз. Марапаттау, мадақтау.
16 682
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шебер көп жерде өнер көп, Ал, қанеки қыздар! сайысы
Шебер көп жерде өнер көп, Ал, қанеки қыздар! сайысы
Сайыс, жарыс өткізу оқушыны жылдам шешім қабылдауға, тез ойлануға, көшбасшы болуға қолынан келгенше жолдасына көмектесуге үйрету
Өнерлі болсаң, озып көр
Өнерлі болсаң, озып көр
Оқушылардың техникалық пәнінен алған білімдерін іс - тәжрибемен ұштастыра және толық мұғлұмат бере отырып, шығармашылық қабілетін ояту.
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа,
Математикалық ралли
Математикалық ралли
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Мұқанова Маржан Қайратқызы
Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі  алтын
Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын
Атырау қаласы, Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің технология пәні мұғалімі Досаева Салтанат Уразқызы
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің математика пәні мұғалімі Нургабылова Абзал Магиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×