Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алғашқы гүлдер

03 мам 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Тақырыбы: Алғашқы гүлдер
Бейнелеу 2 - сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың кескіндемелік дағдысы мен біліктілігін жетілдіру.
Акварельмен жұмыс істеудің «а – ля прима» тәсілін түсіндіру.
Өмір шындығына эстетикалық қатынасын қалыптастыру. Табиғатты қорғауға, аялауға баулу.
Көрнекіліктер: көктем гүлінің суреттері мен құмыраға салынған көктемгі гүлшоғы.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Гүлдің түрлерін
Түсінеді: Сурет салу тәсілдерін
Меңгереді: «А - ля прима» акварель тәсілін

Психологиялық ахуалды қалыптастыру
Шаттық шеңбері:
Ашық болсын күніміз,
Ашылады нұрымыз.
Бай тұлғалы өмірде
Айтылады жырымыз.
Сабақтың мақсаты мен жұмыс жоспарын тұжырымдау:
Шіркін, сурет сабағы,
Ауылды еске алады.
Мың құбылтып бояймын,
Туып өскен даланы.

Ұйымдастыру
іздестіру
Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбын хабарлау:
- Қазір қай мезгілі?
- Көктем екенін қандай белгілер арқылы білеміз?
- Аз күннен кейін шөптер жерді жасыл кілемдей басып, алғашқы көктем гүлдер де шығады.
- Гүлдер қайда өседі?
- Даладағы гүлдер 2 - ге бөлінеді: Табиғи, Мәдени
Суретпен жұмыс:
Оқулықтағы суреттің авторы Максим Сарьян. Ол армян суретшісі. «Гүлдер натюрморты».
б) Тақырыптың мәнді белгілерін есте сақтау.
Нәзік өсімдіктердің өмірі өте қысқа болады. Соған қарамастан, олар бізге қаншама қуаныш сыйлайды.
- Ал, бүгін, «Көктемнің алғашқы гүлдерін» саламыз.
Ол үшін «А - ля прима» акварель тәсілін таңдаймыз.
«А - ля прима» - «бір көргеннен, бірден» деп аударылады. Яғни акварельді біз парақтың бетіне жұқалап жақпаймыз, бірден бояуды қанық етіп түсіреміз.
Оқушыларға мынадай кеңестер беруге болады:
1. қарындаш іздері әлсіз тиіп, жіңішке болуы керек, себебі акварельдің бетінен көрініп қалуы мүмкін;
2. «а - ля прима» тәсілін пайдаланғанда су мөлшері көп болмау керек. Себебі, су көп болса, сурет «жүзіп» кетеді, ал су өте аз болса, «шөлдеп» қалады.
3. бояуды палитрада езген дұрыс, палитра ретінде альбм парағын да пайдаланамыз, одан акварель түсі анық көрінеді.
в) Оқушылардың өзіндік жұмысы.
Құмыраға салынған гүлшоқтарын немесе өз ойымен, балалардың суреттеріне қарап салады.
г) Оқушылардың әрқайсысымен жеке жұмыс.

ОҚО, Қазығұрт ауданы,
Т. Рысқұлов атындағы мектеп - лицейі
Бастауыш сынып мұғалімі Қабланова Жазира

Толық нұсқасын жүктеу
4 201
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдемі гүлдер салу
Әдемі гүлдер салу
Балалардың сөздік қорын молайтып, ой - өрісін, тілін, қиялын дамыту. Әдемілікті сезіне білуге, көркемдік талғамдарының жетілуіне ықпал ету. Табиғатты қорғауға, адамгершілікке, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяқтай білуге тәрбиелеу.
Алғашқы гүлдерді саламыз
Алғашқы гүлдерді саламыз
И. Қ. Мандоки атындағы № 154 ЖББ мектептің бастауыш сынып мұғалімі Медеубаева Меруерт
Көктемгі гүлдер
Көктемгі гүлдер
Қорғалжын ауданы, Дружба орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Рахимжанова Әлия Шортанбайқызы
Әдемі гүлдер
Әдемі гүлдер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №7 "Балдырған" балабақшасының тәрбиешісі Серікбаева Клара Тоғамысқызы "Үздік тәрбиеші" номинациясы бойынша
Табиғат көрінісін бейнелеу
Табиғат көрінісін бейнелеу
Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы Бирманов Нуржан Аманкелдиулы
Әдемі гүлдер
Әдемі гүлдер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті № 7 «Балдырған» балалар бақшасы тәрбиешісі: Серікбаева Клара
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×