Білімділер поралы

Мүсін өнері - бейнелеу өнерінің бір түрі (Жемістің мүсіні)

Бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы: Мүсін өнері - бейнелеу өнерінің бір түрі (Жемістің мүсіні)
Сабақтың мақсаты
күтілетін нәтижеге бағытталған: Оқушылар мүсін өнері жайында мағлұмат алады. Жемістердің мүсін жасап үйренеді. Оқушылардың сыни ойлауы, қиялы артады. Әр түрлі пішінді заттар мен бұйымдарды дұрыс бейнелеуге үйренеді.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер: Топтық жұмыс, «бағдаршам», «басбармақ» әдісі
Сабақта пайдаланатын көрнекті - құралдар: Интербелсенді тақта, слайдтар. Мүсін жайлы оқулық кітаптар, иллюстрациялар.

I. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Қызығушылықты ояту Бейнелеу өнерінің өздеріне таныс жанрлары туралы білетінін айтқызу.
Суреттермен жұмыс жүргізу. Электронды оқулықтан бейнелеу өнері жанрлары туралы тыңдату.

Мағынаны тану
Мүсін – бейнелеу өнерінің ерекше түрі. Мүсінді үш жағынан кеңістікте көруге болады. Мүсін жасау ерекшелігіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді: кеуделік мүсін, тұлғалық мүсін (статуя) және жартылай көлемді мүсін (барельеф - рельеф). «Мүсін» атауы латынның «қашау» деген сөзінен шыққан. Адамның кеудеден жоғары тұлғалық келбеті бейнеленген мүсін бюст немесе кеуделік мүсін деп аталады. Адамның тұтас бойымен бейнеленген мүсін тұлғалық мүсін (статуя) деп аталады. Жартылай көлемде бейнеленген мүсін барельеф және рельеф деп аталады. Мүсінші деп қарапайым сазбалшықтан бастап мәрмәр тасқа дейін меңгерген, әр түрлі мүсіндерді сазбалшықтан илеп, ағаштан шауып, тастан қашап жасайтын адамды айтамыз.

Сергіту сәті
Дене қимылдарын музыка ырғағымен жасау.
Ой толғаныс
Мүсін сабағына балаларды қызықтыра отырып, олардың ойлау және елестету белсенділігін арттыруға көңіл бөлемін. Ермексазбен жұмыс істейді. Ең алдымен саз балшықты илеп, жұмыр етіп алады, сонан кейін сопақшалап созу арқылы
алмұрттың пішінін жасайды.

Үйге тапсырма
Басқада жемістерді мүсіндеп келу.
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Кері байланыс
Оқушылардың бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгендерін, сабақтан алған әсерлерін жабыстырған стикерлер арқылы білемін.

Смайлханова Ғ. И.

Мүсін өнері - бейнелеу өнерінің бір түрі (Жемістің мүсіні). жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адамдық диханшысы
  • Асель28
    Жазған: Асель28
  • Акниет Нурым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 223
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 222
Роботтар: 2
Гюзаль
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика