Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көбелектер

17 наурыз 2018, Сенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық
Тобы: Ортаңғы топ (Бәйтерек, Күн шуақ, Өркен)
Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Көбелектер
Мақсаты:
Оқыту аспектісі: қоршаған ортадағы сан алуан түстердің кереметтігі жөнінде айту. Білімдерін кеңейту, бекіту. Тақырып бойынша өз ойларын толық жеткізуге дағдыландыру. Дамыту аспектісі: балалардың жадында түстердің жатталып, ажырата білуіне дағдыландыру. Түстердің жылы және салқын реңктерді ажыратып, тәжірибе кезінде өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру. Саусақ икемімен жұмыс жасау.
Тәрбиелеу аспектісі: балалардың өзіне және айналасына осы жылы түстер сияқты жақсы ниетін қалыптастыру. Жауапкершілікке, тазалыққа тәрбиелеу. Эстетикалық және этикалық тәрбие беру.
Сөздік қор: Көбелек, трафарет.
Қажетті құралдар: қағаз, гуашь, қылқалам, щетка
Көрнекілік: Көбелектің суреті, орындалу үлгісі.
Қостілділік компонент: Көбелек - бабочка - butterfly

Мотивациялық – қызығушылық
Сәлеметсіңдер ме балалар?
Бүгінгі көңіл күйлерің қалай? Балаларды шаттық шеңберін құруға шақырды:
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Ұйымдастыру - ізденушілік
Көбелектер және гүлдер туралы шағын әңгіме дүкен құрады.
 Гүлдердің қанда түрлерін білесіңдер?
 Олардың түстері қандай болады?
 Жарайсыңдар балалар сендер біраз мәлімет біледі екенсіңдер.
 Әсем гүлдерге көбелектер ұшып қонады. Көбелектер өте әдемі. Олар кішкентай ұшатын жәндіктерге жатады.
 Көбелек - бабочка - butterfly
Көбелектердің түсі де түрі де әр түрлі болады.
Оларды бейнелегенде әр түрлі түспен бояймыз.
Балаларға көбелекті бейнелеу жолдарын көрсету.
• Қажетті бояуларды ерітіп аламыз.
• Алақанымызды бояуға малып, қағаз бетіне бастырамыз.
• Көбелектің сұлбасын шығарып аламыз.
• Көбелектің әдемі өрнектері секілді саусақтарымызды бояуға батыра отырып бейнелейміз
• Осымен біздің жылдам бейнеленетін әдемі көбелектеріміз дайын.
Балалармен бірге көбелектің суретін салу. Үлгермей отырғандарға көмектесу.

Сергіту сәті.
Желкілдеген желменен,
Жел егінді тербеген.
Өсірді оны дихандар,
Тамшылаған терменен

Көбелектер. жүктеу
2 913
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғажайып түстер – Funny Colors
Ғажайып түстер – Funny Colors
Мақсаты: Түстердің атауын ағылшын тілінде атауға үйрету. Эстетикалық тәрбие беру. Балалардың танымдық қызығушылығын арттыру.
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл - парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл - ой, ерік - жігер, мінез - құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады.
Күзгі ағаштар
Күзгі ағаштар
Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістер жайлы бейнелеу арқылы балалардың білімдерін кеңейту, оның құбылыстарын ажырата білуге үйрету.
Жарқын көбелектер
Жарқын көбелектер
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы аулы. Балабақша тәрбиешісі Орынбасарова Мейрамгүл Асқарқызы
Тауық пен балапандары
Тауық пен балапандары
Музыка жетекшісі Капезова Гулдана Нурболатовна
Балабақшаға арналған жоспар топтамасы
Балабақшаға арналған жоспар топтамасы
Атырау қаласы, №6 «Гүлдер» бөбекжай – балабақшасының тәрбиешісі Жұмағалиева Ақмарал Сәмиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×