Білімділер поралы

Панно. Гүл композициясын жасау

“Панно” Гүл композициясын жасау
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
Білімділік: Оқушыларға қағаздан «Панно» Гүл композициясын жасау жолдарын және әдістерін үйрете отырып, шеберлік, шығармашылық деңгейі арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, оқушылардың алған білімдерін өмірде өз бетінше қолдана білуіне бағыттау және шығармашылық іскерліктерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды талғаммен жұмыс жасауға, ептілікке, ұқыптылыққа, өнерді сүюге, талмай еңбек етуге тәрбиелеу.

САНДАР СӨЙЛЕЙДІ
9, 14, 20, 16, 7, 25, 19, 18, 23, 5, 12 -
Осы сандарды өсу ретімен орналастыр

Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі (қызығушылықты ояту)
II Білім - білікті қорытындылау (оқушы жауаптары)
III Сарамандық жұмыс
IV Қорытынды бөлім

Гүлдер туралы аңыздар
БӘЙШЕШЕК
Латынша атауы Galaktus (Gala - сүт, Aktus - гүл)- сүттей ақ. Аңыз бойынша Адам ата мен Хауа ана жәннаттан қуылған кезде күн суып кетіп, Хауа ананы жылытуға бірнеше қар кристаллдары гүлге айналыпты. Осыдан Гүл Үміт символы болып саналады. Дара жарнақтылар класына жататын, Эфемероидты (ерте көктемде гүлдейтін) өсімдік. Әлемде бәйшешектің 17 - ге тарта түрі белгілі. Олардың қатарында гректік, византиялық, еңлік гүлі секілді заңғар тауларда өсетін кавказдық бәйшешек түрлерін айтуға болады. Олар түрлі түсті, алуан пішінді болып келеді. Оның эльвис деп аталатын шар тәріздес түрі бар. Түкті сортты бәйшешектер өте әдемі келеді, олардың кейбіреулері жұпар иісімен таңғалдырады.

Раушангүл
Бұл гүлдер ішіндегі ханшайымы.
Шығыс елдерінде киелі гүл деп саналған.
Гүлінің майы алтынмен бағаланған.
Ең алғаш сәндік үшін өсіріле бастаған хош иісті гүл.

ТҮЙМЕДАҚ...
Бір қарағанда қатардағы қарапайым гүл секілді. Сабақтары әдеттегідей, жапырақшалары да бірқалыпты қысқасы гүл сияқты гүл. Түймедақтың бойынан сізге байқала бермейтін үміт, жылулық, шапағат, махаббат нұры есіп тұрады екен. Сөзіміз нанымды болу үшін түймедақ туралы ел аузындағы аңызды баяндап өткеніміз жөн болар.

Қазіргі таңда түймедақты сыйлық ретінде ғана емес, оны кептіріп, ашытып, қайнатып дәрі - дәрмек ретінде де қолданады. Әсіресе, көптеген ауруларды емдеу үшін оның тұнбасы пайдаланылып келеді. Егер асқазаныңыз мазалап жүрсе, түймедақтың тұнбасын әзірлеп ішіңіз. Ол үшін 2 ас қасық ұнтақталған түймедаққа 1 стақан ыстық су құйып, жарты сағат тұндыру керек. Тұнбаны жылы күйінде ашқарынға содан соң жатар алдында пайдаланған жөн. Жүйкеңіз сыр беріп жүрсе, түймедақ тұнбасы қосылған бу ваннасын қабылдаңыз.

ПАННО

Әдемі дизайн
Жасауға қажетті материалдар қол жетімді
Төзімді, сапалы
Экономикалық шығынсыз
Бұйым мөлшері ерекшеліктеріне сай
Еңбек шығыны да аз
Материалдар қымбат емес, тез табылады
Жасалуы көркем

П а н н о
Үй қабырғасын әсемдеу, сәндеу, көрік енгізу мақсатымен әр түрлі материалдармен өрнектелген, бейнеленген сурет

Қорытындылау
“Пікір алысу” орталығы
Панно дегеніміз не?
Қандай гүлдерді ұнатасың?
Дала гүлі мен үй гүлінің айырмашылығы не?
Гүлмен байланысты адам аттарын атап өтсеңіздер?
“Мақал - мәтел” орталығы
Гүл туралы білетін мақал - мәтелдер, нақыл сөздер айтады
“Бекіту” орталығы
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Бүгін біз не жасадық?
Сабақтың басында қойған мақсатқа жеттік пе?
Маған қандай сұрақтарың бар?
Панно. Гүл композициясын жасау слайд жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 41
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 41
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика