Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қағаздан гүлдер жасау

30 шілде 2019, Сейсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Сабақ тақырыбы: Қағаздан гүлдер жасау
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: оқушыларға қағаздан гүлдер жасау жолдарын және әдістерін үйрете отырып шеберлік шығармашылық деңгейі арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Ә) дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, оқушылардың алған білімдерін өмірде өз бетінше қолдана білуін қадағалау және шығармашылық іскерліктерін арттыру
Б) тәрбиелік: оқушыларды талғаммен жұмыс жасауға, ептілікке, ұқыптылыққа, өнерді сүюге, талмай еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: интерактивті сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаңа технологияны қолдану.
Сабақ көрнекілігі: плакат, сұрақ жасырылған жапырақтар, слайдтар, технологиялық карталар.
Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар: түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, қарындаш, өшіргіш, т. б.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, технология, өсімдіктану, т. б.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. оқушыларды түгендеу
2. сынып тазалығына назар аудару
3. қауіпсіздік ережелерін қайталау

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
1. Сыйлық заттарға қандай бұйымдар жатады.
Оларға гүл, моншақ, алқа, білезік, сақина т/б жатады.
2. Бисер деген не..
Бисер - кішкентай, ортасында тесігі бар түстері әр түрлі шариктер.
3. Қандай түрлері бар.
Қарапайым жай бисер, стеклярус, рубка.
4. Бисерді не үшін пайдаланамыз.
Ұлттық киімдерді кестелеп өрнектеу үшін, моншақ, алқа, білезіктерді әшекейлеу үшін керек.
Жана сабаққа көшеміз.
3 топқа бөлеміз.
Топ басшысын сайлау.
Қауіпсіздік ережесін сақтау.
Технологиялық картаны пайдалану.
Жана сабақ
Гүл - қандай ғажап сөз десеңізші.
Гүл табиғат қазынасы, халық байлығы.
Гүл өсірілген жерде сіз онай тыныс ала аласыз.
Олар бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам айналасындағы
қоршаған ортаның биаймағын тазартады. Үйде әдемі гүлдер көп болса, біздің көңіл әрқашан жадыраңқы жүреді. Гүлде тіршілік иесі – ол адамның көңіл - күйіне байл/ты өсіп жетіледі. Табиғаттың бар әсемдігі гүл бойынан табылады. Әр гүлдін белгілі өз мағынасы бар. Лалагүл ауаны ластанудан қорғайды. Ал фикус гүлі үйінізге келген адамнын жағымсыз пиғылдарын өз бойына сіңіріп, сізге он энергия береді. Ал раушангүлдер теледидар, компьютер сәулелерінен сақтайды. Ал жапырақтары жалпақ түрлері үйге табыс, ақша келуіне себепші б/ды. Тік жапырақты тікенек, алоэ, кактус адамға жағымсыз қолайсыздық туғызуы мүмкін. Ал қазтамақ герань гүлінің қасында 15 мин. отыру жеткілікті. Сізге жана күш, энергия береді. Гүлдер жерге көрік берсе, әйел адамның барлық барлық сұлулығын мүсіндеп, екеуі де теңдес тапқандай. Ендеше, аналар мен ару қыздар мерекесінде нәзікте абзал жандарға гүл сыйлап қуантайық, ағайын.
Гүл жасаудың 2 тәсілі бар
1 Оригами деген.
Қағазды бүктеу арқылы бұйымдар жасауды оригами дейді
2 Квиллинг деген.
Қағазды ширату тәсілімен гүл жасау.
Қағаз – біреулер үшін тек жазу не сызу құралы болса, енді біреулер үшін қолөнерде таптырмас материал екенін айттық. Қағаздан сан түрлі дүние
жасауға болады.

1. «Гүл» туралы мақал - мәтелдер:

Қыз өссе елдің көркі, Гүл өссе жердің көркі

Таулы жердің суы әдемі, Жарық жердің гүлі әдемі

Әр атаның өз ұлы бар, Әр бұтаның өз гүлі бар.

Әр гүлдің исі басқа, Әр жердің жынысы басқа.

Бір гүл толып ашылады, Бір гүл солып ашылады.

Гүл ашылмай бұлбұл сайрамас.
Қағаздан гүлдер жасау. жүктеу
205
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Панно. Гүл композициясын жасау
Панно. Гүл композициясын жасау
Оқушыларға қағаздан «Панно» Гүл композициясын жасау жолдарын және әдістерін үйрете отырып, шеберлік, шығармашылық деңгейі арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Ас–үй жабдықтары
Ас–үй жабдықтары
Жас ұрпақтардың рухани дүниесін байыту және ұлттық өнерімізді пайдалана білу. Шеберлік деңгейін арттырып, ынта ықыласын молайтуға, әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйрету;
Қағаздан ою - өрнектерді қию әдістері
Қағаздан ою - өрнектерді қию әдістері
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы №6 орта мектептің технология пәні мұғалімі Рыскалыев Жанболат Ондасынович
Жіппен бейнелеу «Тұмар»
Жіппен бейнелеу «Тұмар»
ШҚО Ұлан ауданы Мамай батыр ауылы «М. Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ технология пәні мұғалімі Калиева Гаухар Картаевна
Панно түрлері
Панно түрлері
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылы И.Құтпанұлы атындағы орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Қойшыбаева Бәтима Қаниқызы
Қағаздан гүл түрлерін жасау
Қағаздан гүл түрлерін жасау
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Көркемсурет лицейі Дузимова Жайнагул Конысбаевна Сабақ тақырыбы: Қағаздан гүл түрлерін жасау Сабақ мақсаты: А) білімділік: оқушыларға қағаздан гүл түрлерін жасау
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.