Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

11 желтоқсан 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Қазақстандық суретшілердің шығармашылығындағы портрет» тақырыбына арналған сабақ «Визуалды өнер» бөлімінің тақырыбы.
Оқушылар отандық суретшілердің жұмыстарымен танысады. Әбілхан Қастеев, Мартова Анна, Загрудтин Назаров және т. б. суретшілердің жұмыстарымен танысады. Оқушылар суретшілердің портреттердегі ерекшеліктері жайында білім мен түсініктерін көрсетулері қажет. Және зерттелген картиналардың негізінде эскиз орындайды.
Сабақ барысы.
Оқушыларға қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың үш түрлі суретшілермен салынған портреті ұсынылады. Абай портреті әртүрлі жаста салынды. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы картинада бейнеленген Абай портретінің ерекшеліктерін анықтайды. Портреттер ақынның әртүрлі жас ерекшелігін бейнелейді.
Қазақстандық суретші Гульфайрус Исмаилваның «Қазақ вальсі» картинасы.
үлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылова (15 желтоқсан 1923, Алматы — 12 мамыр 2013, Алматы) — қазақ кескіндемешісі, театр және кино суретшісі. Қазақ КСР - нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1965).[1] Қазақстанның халық суретшісі. "Платинды Тарлан" сыйлығының иегері (2002). Шын есімі — Күлпәш Тансықбайқызы Қоңарбаева. Гүлфайрусты кішкентай кезінен Мәнсүр Ысмайылов асырап алған, ол оның бес қыздарының үлкені болды.
1949 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген.
1956 жылы Ленинградтың Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын (М. П. Бобышевтің кескіндеме класы бойынша) бітірді.
1947 - 1949 жылдары Қазақ консерваториясының вокальдық факультетінде оқыды.
1956 - 57 жылдары Алматы көркемсурет училищесінде сабақ берді.
1971 — 1974 жылдары Қазақтың опера және балет театрында бас суретші.
2013 жылы Алматыда қайтыс болды.
Ысмайылова бірнеше опера (Брусиловскийдің "Ер Тарғыны", 1967; Мұхамеджановтың "Жұмбақ қызы", 1972; Пуччинидің "Чио - Чио - Саны", 1972), балет (Тілендиев, Манаев жөне Степановтың "Достық жолымен" және Великановтың "Қамар сұлуы", 1958), спектакль (Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлуы", 1958) және кинофильмдерге ("Қыз Жібек", 1969 - 71) декорация мен костюмдер эскиздерін жасады. Ол — "Күләш Байсейітова Қыз Жібек рөлінде" (1962), "ұйғыр қыздары" (1966) картиналарының, "Халық шеберлері" триптихының (1967), Ш. Б. Жиенқұлова (1958), Ш. И. Жандарбекова (1960 - 1961), Б. А. Төлегенова (1963 - 1964), Ә. Қастеев (1966) портреті мен көптеген натюрморттардың авторы.
Картиналарды талда.
Абрам Черкасский «Дина Нурпеисова и Джамбул» Сабур АбдрасуловичМамбеев «Девушка у окна» Килибаев Нурлан "Орлан" және Гульфайрус Исмаилованың «Қазақ вальсі» картиналары. Қазақстандық суретшілердің туындыларын талдау барысында оқушыларды картиналарды біріктіретін ерекшеліктері мен ұқсастықтарына назар салуды ұсыныңыз.
Практикалық тапсырма
Оқушылар суретшілердің шығармаларынан идея алып, өз портреттерін салады. Тапсырма топтық және жұпта орындала алады. Тапсырма а4 форматында түрлі материалдарды қолдана алады. Бұл тапсырма қосымша тапсырма ретінде ұсынылады.
Сабақтағы қауіпсіздік ережелері
Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1 - қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.
1 қосымша
Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:
жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
құрал - саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
бүлінген немесе өтпейтін құрал - саймандармен жұмыс істемеу;
жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
Қайшымен жұмыс жасау кезінде -
жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
қайшыны ашық тастама;
сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
қайшыны керек уақытында пайдалан.
Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -
жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.
Желіммен жұмыс жасау кезінде –
желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
желімді керек мөлшерде ғана ал;
артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.
Бізбен жұмыс жасау кезінде –
бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.

Толық нұсқасын жүктеп алу​​​
1 017
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Жаңалықтар
Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
Оқу мақсаты: 6. 1. 1. 1 - Өзінің және басқа оқушының тәжірибесіне сүйене отырып, қоршаған орта нысандарының визуалды сипаттамаларын (композиция, түс, пішін, фактура, тепе - теңдік) түсіну және білімін көрсету
Қазақстандық суретшілердің шығармашылығындағы портрет
Қазақстандық суретшілердің шығармашылығындағы портрет
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.1.2.1 Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін көрсету. Сабақ мақсаттары Қазақстандық
Жас қазақ әйелінің портреті. Етістіктің қалау рай формасын қайталау
Жас қазақ әйелінің портреті. Етістіктің қалау рай формасын қайталау
Г. Ысмайлованың «Қазақ вальсі» портретіндегі қазақ қызын суреттейді. Қазақ халқының суретшілерінің картиналарымен танысады. Қазақ халқының бейнелеу өнері жайлы ойларын дамытады.
Дизайнер – суретші деген кім?
Дизайнер – суретші деген кім?
Оқушыларды дизайнер – суретшілердің жұмыстарымен таныстыра отырып, олардың қарапайым құралдармен тиімді әдістерді қолдана отырып жұмыс істеуін оқушыларға үйрету, ұқыптылыққа баулу.
Қазақстанның атақты суретшілерінің туындылары
Қазақстанның атақты суретшілерінің туындылары
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, № 5 орта мектептің музыка, бейнелеу өнері пәні мұғалімі Төлеубаева Райкүл Бақытжанқызы
Абай шығармасының суретін сипаттау
Абай шығармасының суретін сипаттау
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, №5 орта мектебінің бейнелеу пәні мұғалімі Төлеубаева Райкүл Бақытжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.