Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарапайым тілік орындау

03 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым тілік орындау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушылардың тілік туралы түсінігін қалыптастыра отырып графикалық білімдерін толықтыру
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ой - өрісін, білімін дамыту, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: сызба мәдениеттілігіне тәрбиелеу, адамгершілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу, еңбекке баулу. Эстетикалық тәрбие беру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: тәжірибелік
Қолданылатын әдіс: көрнекілік әдіс, баяндау, іздену.
Көрнекілік құралдар: Компас 3D бағдарламасы, слайд презентациялар, интерактивті тақта, сызбалар, карточкалар, оқулықтар, сызу аспаптары мен құралдары.
Пән аралық байланыс: техникалық механика, материалтану, математика.
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Графикалық жұмыс № 7:
IV. Бекіту.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы.
Сабақтың мазмұны

I. Ұйымдастыру бөлімі
1. 1. Оқушылармен амандасу.
1. 2. Оқушыларды түгелдеу және журнал толтыру
1. 3. Оқушылардың жұмыс құралдарын тексеріп, кезекші тағайындау
1. 4. Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
II. Үй тапсырмасын тексеру
(Графикалық жұмыс №6)
Қайталау сұрақтары:
1. Проекция дегеніміз не?
2. Проекциялау дегеніміз не?
3. Конустың проекциясы?
4. Тік бұрышты изометрияда осьтердің орналасуы?
5. Аксонометрия дегеніміз не?
Геометриялық денелер. (Слайд)
Тестпен жұмыс.
Сызбада әдейі жіберілген қателерді тап.

ІІІ. Графикалық жұмыс № 7:
Берілген екі көрінісі бойынша үшінші көріністі тұрғызу және қарапайым (фронталь) тілікті орындау.

Тіліктер
3. 1 Қарапайым тіліктер
Бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған заттың (тетікбөлшектің) кескінін тілік деп атайды. Тілікте қиюшы жазықтықтың өзінде және оның ар жағында жатқан нәрселер кескінделіп көрсетіледі. Егер де заттың құрылымын түсінуге, қиюшы жазықтықтың ар жағында жатқан кесіндінің барлығын көрсетудің қажеті жоқ болса, оларды көрсетпеуге болады. Заттың (тетікбөлшектің) қиюшы жазықтықта жатқан бөлігі (қимасы) тілікте шартты түрде штрихталып көрсетіледі. Тіліктерде әр түрлі материалдардың графикалық белгіленуін МЕСТ 2. 306 - 68 бойынша алады. Қиюшы жазықтықтың орны сызбада қима сызығымен белгіленеді, жуан үзік сызықпен көрсетіледі. Қиюшы жазықтықтар өзара қиылысқан жерлерін жуан үзік сызықпен көрсетеді. Нұсқалар қима сызығының сыртқы шетінен 2 - 3мм қашықтықта орналасулары тиіс.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 570
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тілік және қима
Тілік және қима
Қызылорда көпсалалы - гуманитарлық техникалық колледжі “Техникалық графика негіздері” пән оқытушысы А. М. Джусупова
Қарапайым және күрделі тіліктер
Қарапайым және күрделі тіліктер
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі сызу пәні оқытушысы Джайлибаева Жайнагул Абдигалиевна
Бұранданың түрлері және оны сызбада белгілеу
Бұранданың түрлері және оны сызбада белгілеу
Aқтөбе қаласы, Ақтөбе көлік коммуникация және жаңа технологиялар колледжі сызу пәні оқытушысы Джайлибаева Жайнагул Абдигалиевна
Эскиздеу (тілікпен)
Эскиздеу (тілікпен)
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі мұғалімі Джайлибаева Жайнагул Абдигалиевна
Тетікбөлшек эскизі
Тетікбөлшек эскизі
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі инженерлік графика, сызу пәні оқытушысы Куспанова Сауле Умбеткалиевна
Проекциялау
Проекциялау
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі инженерлік графика, сызу пәні оқытушысы Куспанова Сауле Умбеткалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×