Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Композиция, өрнектерді құрудың композициялық негізі

03 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Сабақтың тақырыбы: Композиция, өрнектерді құрудың композициялық негізі.
Сабақтың тақырыбы: Композиция, өрнектерді құрудың композициялық негізі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға композиция және перспектива жайлы кеңірек ұғым беру. Сурет салудағы тұтас құру қабілетін дамыту.
Дамытушылығы: Халқымыздың бейнелеу өнері шеберлерімен және олардың еңбектерімен таныстыру. Сурет салу арқылы қолды жаттықтырып оқушылардың шеберлігін ұштау.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды нәрселерді безендіру жұмыстарымен таныстырып, өздерінің ою - өрнектен композиция құрумен шұғылданып, осы өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар:
Сурет салуға арналған альбом, түрлі – түсті қарындаштар, суретшілер шығармалары, алдын ала
дайындалған интерактивті тақтадан зат пішінін тұтас көру үшін салынған үлгі сурет кестелері. Түрлі - түсті қағаздар, қайшы.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Өткендерді қайталау, шолу жасау.
3. Жана тақырыпты баяндау.
4. Сарамандық жұмыстар, түрлі - түсті қағаздан ою -
өрнектер қиып жаттығу.
5. Өтілген сабақ туралы алған білім – білік
дағдыларын нақтылау.

6. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырмалар беру.
- Тұтас көру дегеніміз бейнелейтін дененің оның қандай да болсын бір жағынан қарай отырып, көрінбейтін жағын да толық көз алдына келтіру. Композициялық жұмыстарды жасауда заттың өзіне қарап мүмкіндігінше көп жұмыс жасау керек.
- Графикалық сурет пен кескіндемелік сурет салуда сызықтық, пішінді құруда құрымдылық, тепе - теңдік «пропорция» көлем, жарық пен көлеңке, көңіл күй мен жай - жапсарды беру жүйеленеді, әсіресе композициялық қарекеттер жайлы ерекше айтуға болады. Кез келген суретті салу композициядан басталады.
- Композиция – салынатын суреттегі барлық бөліктерді бір - бірімен өзара байланыстырып, орынды құрастыру.
Сарамандық жұмыстар:
Интерактивті тақтадан алдын ала жазылған видеодан оюдың қиылу үлгісі көрсетіліп тұрады. Оқушылар алдарындағы түрлі - түсті қағаздарды бүктей отырып, «қошқармүйіз» өрнегінің жарты көрінісінің эскизін сызып, оны көрсете бастайды. Алынған оюды ақ қағаз бетіне желімдеп, «қос алқа», «қошқармүйіз», «ботамойын», «сынықмүйіз» өрнектерінің бірнеше түрлерін қиып жаттығады.

- Композициялық шешімде симметрия мен ассиметрия үлкен рол атқарады. Суреттің композициясына оның түстік, реңдік қатынастары өте маңызды.
- Ою - өрнек өнерінің тамыры өте тереңде. Символикалық өрнектер казіргі таңда өте шапшаң дамып келе жатыр. Бұл - фирмалық белгілер эмблемасы, сандар мен әріптердің информатикалық жүйесі және т. б.
- Фирмалық белгі. Өрнектердің тағы бір тобы геометриялық топ, бұл өрнектің пайда болу кезінің алғашқы негізін құрушы топ. Геометриялық топтағы өрнектер ылғи да көркемдік ырғақты қасиеттермен шектеледі. Кәзіргі кезге дейін ең көп тараған өрнек түрі өсімдік өрнегі болып табылады.
Қорытындылау: 1. Оқушылардың сабаққа қатысын
бағалау.
2. Үйге тапсырма ретінде бір - біріне ұқсас ою-өрнектерден шығармашылық жұмыстар тапсырылады.
26 291
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Композиция
Композиция
Композиция мен сюжет өзара тығыз байланыста болады. Кейіпкер өз ортасына лайық іс - әрекетте бейнеленеді және олардың іс - әрекетін, психологиялық ішкі толғанысын, бояу ерекшеліктерін композицияның жалпы тақырыбына байланысты көріп байқауға болады.
Перспектива туралы түсінік
Перспектива туралы түсінік
Үйлестіру заңдылықтары туралы мәліметтер бере отырып, перспектива заңдылықтарын үйрету.
Календарный тематический план по цветоведению
Календарный тематический план по цветоведению
Семей қаласындағы КМҚК «Бизнес колледжі» дизайнер оқытушысы: Шынар Қайроллақызы
Затқа қарап сурет салу
Затқа қарап сурет салу
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы №9 орта мектебінің бейнелеу пәні мұғалімі: Жумагалиева Бактыгул Зейновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×