Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәндік қолданбалы өнер. Қазіргі заманғы сәндік өнер. Киіз үй

03 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Сабақтың тақырыбы: Сәндік қолданбалы өнер. Қазіргі заманғы сәндік өнер. Киіз үй.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға көркемдік білім беріп, ұлтымыздың дәстүрлі мәдениетін бағалай білуге үйрету.
Оқушыларды кәзіргі заман сәндік өнерімен таныстыру.
Дамытушылығы: Қазақ халқының халық шеберлері туындыларын көріп талдап, оның құндылығын бағалауға үйрету.
Тәрбиелілігі: Әртүрлі материалдарды дұрыс ұқыпты пайдалана білуге үйрену арқылы эстетикалық
тәрбие беру.
Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар:
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Өткендерді қайталау, шолу жасау.
3. Жана тақырыпты баяндау.
4. Өтілген сабақ туралы алған білім – білік
дағдыларын нақтылау.
5. Сарамандық жұмыстар.
6. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырмалар беру.
- Бірнеше жылдар бойына ұмыт болып қалған ұлттық мұрамызды бірден көркейтіп алып кетудің басты құралы ата – бабамыздың өнерімен сабақтастырып оқыту екендігі даусыз. Оқушыларда мынадай қасиеттер қалыптасуы қажет.
1. Өзінің ұлттық мәдени тарихына үңілуге мәжбүр ету.
2. Ата - баба кәсібінің өнерін дұрыс меңгеру үшін этнографиялық ерекшелігін білуге ұмтылдыру.
3. Ана тілі арқылы ғана қолөнерінің атауларынан түсініктеме ала алу қажеттілігі.
4. Халық шеберлерінің жасаған бұйымдары арқылы ата - баба өнерімен таныс болу, ұлттық өнерге деген құрмет пайда болады.
5. Ұлттық психологиямызға тән халқымыздың мәдениетін көтеруге дәнекер болуға баулу.

Ою - өрнектер адамзат баласының тарихындағы ең көне өнер туындыларының бірі.
Қазақтың ою - өрнек деген сөзі латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Орнамент сөзінің мағынасы – сәндеу, әсемдеу.
- Қазақ киіз үйі киіз бен ағаштан құралатын, көшіп қонуға, жинап көлікке артуға ыңғайлы. Бұдан үш жарым мың жыл бұрын Түрік халықтарының түпкі атасы ғұндар Қытайдың солтүстігі мен солтүстік батысын, Хинган, Алтай, Тарбағатай, Тәңір тауларының сай - саласын иеленіп, мал бағып, көшіп - қонып жүрген.
- Киіз үй құрылымдық ерекшелігіне байланысты екі түрге сүйегі және киізі болып бөлінеді. Сүйегі: шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық,
Киізі: іргеаяқ, туырлық, үзік, түндік. «Жайлауда», «Тау етегіндегі үй», «Атамның ауылы» сияқты бірнеше тақырыпқа оқушылар таңдаулары бойынша суреттер салады. Интерактивті тақтадан алдын ала дайындалған киіз үйдің бейнесі бар бірнеше суреттер қайталанып көрсетіліп тұрады. 3 - топқа бөлінген сынып оқушылары өз жұмыстарынан көрме ұйымдастырады.

Қорытындылау: 1. Көрмеде қойылған суреттерді өзара қарсы топтар бағалап жақсы ерекшеліктерімен бөліседі.
2. Үйге тапсырма ретінде киіз үй жабдықтарының аттарын жазып келу, суретін салу.
10 919
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Дамыған орта ғасырлардағы сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Дамыған орта ғасырлардағы сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Орта ғасырлық сәулет өнерінің даму бағыттары мен түрлері, мәдениет үлгілерімен танысу.
Крейзи вул
Крейзи вул
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылындағы өнер мектебі Сәндік қолданбалы өнер сыныбының оқытушысы: Түзелбаева Арай
Сәндік қолданбалы өнер. Шығармашылық жұмыс
Сәндік қолданбалы өнер. Шығармашылық жұмыс
Қызылорда обылысы, Шиелі ауданы, №142 орта мектебінің технология пәні мұғалімі Жүсіпбаев Талғат Кеңесұлы
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз
Ақтөбе облысы, Алға ауданы Үшқұдық мектеп – бақшасының бастауыш класс мұғалімі Нажимова Асель Ниязгалиевна
Сәндік қолданбалық өнер
Сәндік қолданбалық өнер
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп – гимназия Технология пәнінің мұғалімі: Кадирбаева Мереке Ашимхановна
Сәндік қолданбалы өнер
Сәндік қолданбалы өнер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ысқақ Шамсия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×