Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау

03 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Сабақтың тақырыбы: Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау.
Сабақтың мақсаты: 1. Ертегі мазмұнына иллюстрация жасап жаттығу.
Ертегілер желісіне сай кейіпкерлер арқылы театрландыруға үйрену. Ертегіден алған әсерлерін
ортаға салу.
2. Шығармашылық қабілеттерін арттырып, ой – өрісін дамыту.
3. Танымдық қасиеттерін дамыта отырып, сөйлеу қабілетін, мәдениетін жетілдіруге тәрбиелеу.
Қолданылатын құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, слайд, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, кестелер, альбом, түрлі - түсті карандаштар, жұмбақтар т.б.

Сабақтың жүру барысы: Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Ертегілер: хайуанаттар туралы, қиял - ғажайып, шыншыл ертегілер болып бірнеше топқа бөлінеді. Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанырларына жатады. Ертегіде өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Ертегілер көбіне қара сөз түрінде айтылады, кейде өлең түрінде де кездеседі. Ол «ерте - ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде» деп басталып «баяғы өткен заманда кемпір мен шал болыпты, олар кедей боп өмір сүріпті, сөйтіп, мұратына жетіпті» үнемі жақсылықпен аяқталады. Ертегілер негізінен оқушы қиялын ұштауға, еркін ойлауға, армандауға, шындықты танып білуге үйретеді. Ертегіні бейнелеу өнерінің бірнеше түрімен бейнелеуге болады.
- Енді интерактивті тақтаның көмегімен ертегілерге шолу жасап көреміз. Мұнда бірнеше ертегілерден үзінділер тыңдап алайық. «Бауырсақ», «Қызыл телпек», «Мақта қыз бен мысық», «Шалқан» ертегілері.

- Иллюстрация дегеніміз - ертегі мазмұнына арналып салынған сурет. Біз бүгінгі сабағымызда 3 топқа бөлініп, әр топ 1 ертегіден таңдай отырып, Көлеңке театрына, үстел үсті театрына, саусақ театрына арнап кейіпкерлерді жеке – жеке парақшаларға бейнелеп аламыз. Интерактивті тақтадан алдын ала дайындалған ертегі кейіпкерлері көрсетіле береді, оқушыларға көмек ретінде.
Ертегі мазмұнына арнап иллюстрация жасағанда мынадай талаптар ескерілуі керек:
1. Ертегідегі басты кейіпкердің бет - бейнесін айқындап алу.
2. Ертегідегі ең қызықты оқиғаларды басты көрініс жасап алу.
3. Әр түрлі мазмұндағы ертегі көріністерін жүйелеп, тізбектеп алу.
4. Ертегі мазмұнының ашылуын басты назарда ұстау.

Сабақты қорытындылау: 1. Әр топ өздері салған ертегіден кейіпкерлер бейнесіне еніп, жұмыстарын қорғайды.
2. Үйге тапсырма ретінде аяқталмай қалған жұмыстарды толық аяқтап келуге тапсырма беріледі.
8 231
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Ертегідегі жануарлар
Ертегідегі жануарлар
Оқушыларды ертегілер мазмұнымен таныстыру, мазмұны арқылы сурет салуға үйрету. Жеке тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастыру, балалардың бейнелеу қабілетін шыңдау.
Ертегілер оның түрлері
Ертегілер оның түрлері
Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Ол ауызша айтылып, ел есінде ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып біздің
Ертегілер оның түрлері (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Ертегілер оның түрлері (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, әдебиет 5 сынып. Тақырыптар: 6. Ертегілер оның түрлері 7. «Ер Төстік» ертегісі оның тақырыбы 8. «Аяз би» ертегісі, мазмұны 9. «Керқұла атты Кендебай» ертегісі 10. «Сырттандар» ертегісі
Ертегілер елінде
Ертегілер елінде
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Саулебаева Ләззат Шәкиқызы
Ертегі мазмұнына илюстрация
Ертегі мазмұнына илюстрация
Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, № 201 орта мектеп Сызу және бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Сейтқасымова Гүлдана
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Тақырыбы: “Ертегілер еліне саяхат” тақырыпқа иллюстрация салу бейнелеу өнері пәні мұғалімі: Бирманов Н.А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.