Білімділер поралы

Затқа қарап сурет салу

Пәні: Бейнелеу өнері
Сыныбы: 4
Сабақтың тақырыбы: Затқа қарап сурет салу
Білімділік мақсаты: Оқушыларды сурет салудың түрлерімен таныстыру. Бейнелеу өнері заңдылықтарын дұрыс меңгеруге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Нұсқауға қарап сурет салуға баулу, өнерді сүюге, бағалай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушыларға нәрсеге қарап сурет салу қабілеттерін дамыту, шығармашылық ойлауды арттыру.
Пәнаралық байланыс: Математика, өсімдіктану
Сабақтың әдісі: Жазықтықта бейнелеу
Көрнекілігі: Натюрморт салынған плакат, әртүрлі қойылымдар, пән оқулығы, түрлі - түсті бояулар, сурет альбомы, т. б.

Сабақтың жүрісі: I. Ұйымдастыру бөлімі
а) Оқушылардың сабаққа қатысын белгілеу.
ә) Күннің жадын белгілеу.
б) Оқу құралдарын тексеріп, назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау.
1) Оқушының сурет альбомын қарап, бағалау.
2) Өтілген тақырыпты тест әдісімен сұрау.
1) Үйлестіруді тағы қалай атайды?
а) Перспектива ә) Композиция б) Конструкция
2) Композиция қай елдің сөзі?
а) Араб ә) Латын б) Ағылшын
3) Үйлестіру дегеніміз не?
а) Дұрыс әрі ыңғайлы орналастыру.
ә) Өте үлкен етіп орналастыру.
б) Өте кішкентай етіп орналастыру.
4. Мына суретте ("Жалғыз ағаш") үйлестіру орталығы қай жерде орналасқан?
а) Ортасында ә) Сол жағында б) Оң жағында
5. Үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Бейнелеу өнерінде сурет салудың бірнеше түрі бар.
Затқа қарап сурет салу
Елестету арқылы салу
Еске сақтап сурет салу

Суретші болу үшін осының үш түрінде дұрыс игеру керек.
Бүгін, біздер осылардың ішінен затқа қарап сурет салуға тоқталамыз.
Затқа қарап сурет салу дегеніміз суретшінің алдында тұрған затты, құбылысты өзінен аудармай нақтылы бейнелеуі болып табылады. Мұндай бейнелеуге адамның келбетін бейнелеу, табиғат көріністерін бейнелеу, натюрморт салу жатады.
Адамның келбетін бейнелеу деген, ол адамның бет - бейнесін бейнелеу, яғни адамдарды отырғызып, кеудеге шейін салу. Мұны портрет деп атайды.
Табиғат көріністерін бейнелеу, ол табиғат аясына серуенге шыққанда, су жағасына демалуға барғанда, табиғаттың әдемі, әсем, сұлу жерлерін бейнелеу. Мұны пейзаж деп атайды.

Натюрморт салу деген, ол жазықтық бетіне жансыз нәрселерден қойылым жасап, содан тікелей сурет салу әдісін айтамыз. Мысалы жазықтық бетіне ыдыс - аяқтан, геометриялық денелерден, түрлі көкөністерден натюрморт құрастыруға болады.
Мұны "нақты нұсқа" немесе бейнелеу тілімен "натура" деп атайды. Натюрморт салу үшін дайын нұсқаудан екі метрдей қашықтықта отыруымыз керек. Нұсқаны тіке, яғни тіке алдынан, оң жағынан, сол жағынан да салуға болады.
Натюрмортта бейнеленетін заттардың немесе нәрселердің түстері де, көлемдері де әр түрлі болуы керек.

IV. Натюрмортты, нақты нұсқаны қағаз бетіне қалай орналастыру керек. Ол үшін көмекші сызықтарды қолданамыз. Ең алдымен дәптеріміздің айналасын сызып аламыз. Содан кейін жазықтықты белгілеп аламыз (үстелдің суретін сызып алу). Үлкен нәрседен бастап саламыз. Салатын нәрселеріміздің көлемін, түстерін жақсы біліп, айыруымыз керек.

Натюрмортты кезеңдерге бөліп орындаймыз.
1 - кезең. Жалпы жобасын схема түрінде көрсетеміз.
(зат бейнесінің орналасуын анықтау компоновка деп аталады.)
2 - кезең. Құрылымын саламыз.
3 - кезең. Пішінін сомдаймыз.(жарық, көлеңке, жылт, түспе көлеңке)
4 - кезең. Суретті аяқтаймыз.
V. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы.
Тақта алдына қойылған нұсқаға қарап натюрморт салу (5 - 10 минут).

VI. Сергіту сәті."Қарындаштар сөйлейді" жаттығуы
VII. Бекіту. Жаңа сабақты бекіту.
Көкөніс түрлеріне жазылған сұрақтарға жауап беру арқылы, көкөністен құралған натюрмортты құрамыз.
V. Сөзжұмбақ."Нұсқа"
VI. Жаңа сабақты қорытындылау.
VII. Бағалау
VIII. Үйге тапсырма: Көкөніс натюрмортын аяқтап келу.
Материал рейтингісі:
  • 100
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 31
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 31
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика