Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сызу және қолөнер

10 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Сызу пәні

Сызу және қолөнер
Түрі: кіріктірілген сабақ.
Әдісі: сайыс сабақ.
Типі: пысықтау, жинақтау сабағы.
Пәнаралық байланыс: информатика, бейнелеу өнері.
Көрнекіліктері: компьютер, плакаттар, карточкалар, тақта бойтұмарлар, жалауша.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Кіріспе сөз: Оқушылар өткен сабақтарда өтілген “Paint” графиктік редакторы тарауын және “Ою - өрнектердің шығу тегімен стильдік ықшамдауларын толықтыра қорытындылау. Ою - өрнектерді қағаз бетіне және компьютер бетіне сабақ сайыс түрінде болғасын оқушыларды 2 топқа бөліп аламын. Топ басшыларын сайлаймыз. 1. Топтың аты, белгісі болады.
І топ: Геометриялық денелер тобы(сызу пәні бойынша)
ІІ топ - Тұмарша тобы(қолөнершілер)

Негізгі бөлім
Сайыс шартымен таныстыру.
Оқушылар бүгін біздер өткен сабақтардан алған білімімізді тиянақтау үшін топ болып жарысып шыңға өрмелейміз. Әрбір сайыс сайын бір белдемге көтеріліп отырады.
“Paint” шыңына қай топ бірінші шықса сол топ жеңімпаз аталып қазақтың көк байрағы түстес жалаушаны ұтып алады
2.”Білімділер мен шеберлер” сайысына өткен сабақтан алған білімдерін тест арқылы сұрақ қойып тексеріледі. Шеберлер өнерлерімен орындап береді.
Бейнелеу пәнінен ауызша сұрақ қойылады. Екі топ ауызша жауап береді.
І топқа: Проекциялау деген не? Жауап беру
ІІ топқа: Стильдік өрнектеу. Симметриялық Ассиметриялық өрнектер.
Жалпы сұрақ: Стильдік ықшамдау деген не? Компьютерде орындау.
3.”Геометриялық есептер” сайысында берілген кескіндердің жетіспеген сызықтарын толықтырады.
4.”Ойға шабуыл” кезеңінде:
І топ: Логикалық есептер тапсырылады.
ІІ топ: Геометриялық тектес оюлармен өрнекте.
5.”Шеберлер” сайысында:
І топ: Геометриялық денелерден архитектуралық ғимараттардың сызбасын салады.
ІІ топ: Қазақтың киіз үйін салады да, оюлармен өрнектейді.
6. “Сызбаларды тап” сайысы.
7. Ойлан да, ойыңды жеткіз.
І топ: Ою үзінділері бейнеленген бөліктерден ою - өрнек композициясын құрастыру. Әр оюға ат қою.
ІІ топ: Компьютерде орындайды.
8.“Сен маған мен саған” сайысында 2 топ бір - біріне жаңа тақырып бойынша жауап береді.
9.”Шығармашылық жұмыс” Power Рoint бағдарламасында құрылған презентацияны қолдану арқылы ою - өрнек салу жолдарын оқушылардың естеріне түсіріп, түсіндіріп өту. Компьютерлік технологияларды қолдана отырып, карточкалар үлестіріледі. карточкада берілген оюлардан өрнектер композициясын құрастыру. Ою – өрнектің шығу тарихы туралы әңгімелеп беру.
ІІ топ. Геометриялық ою - өрнектерді орындау.
Топ басшыларының сайысы. Топтан оқушылары сұрақ қояды. Топ басшылары жауап береді.
10.“Сегіз қырлы бір сырлы” топ басшылары өз шеберліктерін жеткізеді.
11. Қорытнды: Оқушыларға жеңіапаз атағы табысталады.
Бағалау:
Фамилиясы ---------- Алтын белгі ---------------- Күміс белгі ---------------- Қола белгі

2012 жылы Лондон қаласында өтілген олимпиадалық сайыста өзімізге белгілі 7 алтын, 1 күміс және қола белгісіне қол жеткізген чемпиондарымыз сияқты біздің де жеңімпаздарды алтын, күміс белгілерімен марапаттаймыз. Кесте толтырылады. Алтын белгі сары түсті, күміс белгіге қызыл түсті бояумен боялады.
Үйге тапсырма: Графиктік жұмыстар орындап келу.
5 625
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс жасау
Көңілді асық ойыны
Көңілді асық ойыны
Компьютер құрылғылары бойынша оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау.
Қызықты информатика
Қызықты информатика
Атырау облысы, Индер ауданы. информатика пәні мұғалімі Оразаева Асем
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы, С. Сатыбалдин атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Жакупбекова Инкар Муратовна
Paint патшалығына саяхат
Paint патшалығына саяхат
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шилісу орталау мектебінің информатика пәні мұғалімі Симтикбаева Алмагуль Ташмамбетқызы
Сызу кеңістігінде Компас 3D
Сызу кеңістігінде Компас 3D
Білімділік мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, автоматтандырылған жобалау жүйесі Компас 3D бағдарламасында өз бетімен жұмыс жасауға, ізденуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×