Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай шығармаларына иллюстрация жасау

16 наурыз 2013, Сенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Тақырыбы: “Абай шығармашылығына иллюстрация жасау”
Мақсаты:
а) Білімділік мақсаты: Абай шығармаларының мазмұнына терең мән бере білуге үйрету, мазмұнына сәйкес сурет сала білуге үйрету.
ә) Тәрбиелік мақсаты: Ақынның адамгершілік, адалдық қасиетімен қоса парасаттылығын, нәзік лирикалық қабілетін, еліне жеріне деген сүйіспеншілігін дәріптеу.
б) Дамытушылық мақсаты: Ақын шығармаларын сүйіп оқуға қызықтыру, сурет салу шығармашылығын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Музыка тыңдау, мазмұнын әңгімелеу,
түсіндірмелі – иллюстративтік, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Сурет дәптері, көрсетпе үлгі материалдар
плакаттар, бағалау парағы, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, қазақ әдебиеті, география

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, сынып тазалығы
оқушы назарын сабаққа аудару, бағалау
парағын түсіндіру
Үйге берілген тапсырманы тексеру: Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау. Оқушы жұмыстарын бағалау. Ертегінің тартымды, әсерлі сюжеті келтірілген иллюстрацияларға шапақ бөлігін тарату. Өте жақсы салынған суреттерге екі шапақ бөлігін, жақсы салынған суреттерге бір шапақ бөлігін беремін.

Ертегі мазмұнына иллюстрация жасадық. Қызықты тартымды көріністер арқылы оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, кітапқа қызығушылыққа талпындырдым, нәтижесінде оқушылардың сурет салу үшін біраз ізденгенін, қызықты көрініс салу үшін жаңа ертегілермен танысып ой - өрісін кеңейткендерін аңғардым.
Ертегіден өзге де кез келген жанрларға иллюстрация жасауға болады. Мысалы: кино, спектакль, опера, әңгіме, өлеңдерге т. с. с.

Өлең демекші, соның ішінде табиғат көріністерінен әсерлі, тартымды иллюстрация дайындайық. Табиғатты әсем суреттеуші лирикалық ақын - Абай. Ендеше Абай шығармаларына назар аударалық. Кім қандай Абайдың табиғат туралы шығармаларын көп біледі? Дәптерге түсіреміз. Көп білетін оқушыларға бір шапақ бөлігінен таратамын.
Жаңа сабақ: “Абай шығармаларына иллюстрация жасау”

“Желсіз түнде жарық ай” өлеңіне иллюстрация
Сонымен бүгінгі жаңа сабақта «Желсіз түнде жарық ай»өлеңіне иллюстрация жасайық. Өлең мазмұнымен танысамыз:
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп
Ауылдың жаны - терең сай
Тасыған өзен күрілдеп
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді - өзі
Көрінбей жердің топырағы
Құлпырған жасыл жер жүзі
Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?

Өлең мазмұны бойынша нобай салу, композициялық құрылымын келтіру. Нобай салуды қажетті сөз тіркестерімен байланыстыра отырып саламыз. Желсіз түн – түнгі аспан – ай сәулесі – мұнартқан тау – ауыл маңы – терең сай – тасыған өзен – қалың ағаш – жапырақ сыбдыры – құлпырған жер – тау жаңғырығы – үрген ит – жол тосу.
Жердің суреттелуіне қарағанда таулы аймақ екендігін аңғарамыз, яғни ақынның туған жері таулы аймақ екенін білуге болады.
Оқушы нобайларын бағалау.
Ең жақсы нобайларға, құрылымдарға шапақ бөлігін тарату. Суретті бояуды бастаймыз. Палитрамызды, су бояуымызды дайындаймыз.
Енді ән тыңдай отырып суретті жалғастырамыз.
Палитраға айрықша көңіл бөлу керек. Жалпы фонды, негізгі астардағы түстерді жағып шығамыз. Бұны жалпақтау қылқаламмен орындауға болады.
Бояу дегдігенше ой сергітелік.
Сергіту сәті

Сергіту сәті ассоциация әдісімен суық түстер іздеу мақсатында орындалады. Палитрада суық бояу түстерін іздеу
Қызыл менен жасыл түс, ерекше түс береді. Қандай?
Қызыл мен көк қосылып, өзге түске енеді. Қандай?
Қоңыр менен көкшіл түс, ортақ түске келеді. Қандай?
Қоңыр, қызыл, сары, бұл қандай түс тағы?
Көк пен жасыл, қызылдан және бір түс сызылған?
Суық түстер колориті шығарманы одан әрі жалғастыру барысында тиімді әсерін көрсетеді. Бояу түстерін талғамдылықпен қолданған оқушыларға тағы бір шапақтан таратамын.

Сабақты бекіту
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға бірнеше сұрақтар беремін.
1. “Желсіз түнде жарық ай” өлеңінің мазмұнын қалай түсінесің?
Өлең табиғаттың тылсым құпиясын бейнелеуде өте әсерлі жазылған.
Өлеңдегі сөз тіркестері бейнелеу кезеңдерін салуды жеңілдетеді.

2. Тақырып бойынша уақыт шамасын қандай бояумен келтіреміз?
Түнгі мезгіл болғандықтан суық түстер колоритін үндестіреміз.
Бірақ жазғы мезгіл болғандықтан жылы леп әсерін сезіне білуіміз керек

3. Өлең мазмұны мен салынған суреттің өзара байланысуы?
Өлең мазмұнындағы әрбір сөз тіркесі өз орындарын сурет төрінен тамаша ырғақты үйлесіммен таба алуы керек.
Жақсы жауап берген оқушыларға тағы бір шапақтан таратамын.

Бағалау
• Шапақ бөлігінің санын есептей отырып оқушы реттілігіне орай күннің шапақтарын бояймыз.
• 1 - 2 шапаққа “3”
• 3 - 4 шапаққа “4”
• 5 - 6 шапаққа “5” деген баға қойылады.
Үйге тапсырма:
Иллюстрацияны аяқтап келу.
Жекелеген нәзік нюанстар, майда бөліктерді, нәрселерді жіңішке қыл қаламмен айшықтау.
6 503
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ертегідегі жануарлар
Ертегідегі жануарлар
Оқушыларды ертегілер мазмұнымен таныстыру, мазмұны арқылы сурет салуға үйрету. Жеке тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастыру, балалардың бейнелеу қабілетін шыңдау.
Абайдың шығармаларына иллюстрация жасау
Абайдың шығармаларына иллюстрация жасау
Иллюстрация туралы мағлұмат алу, Абайдың табиғат көрінісін суреттейтін өлеңдеріне иллюстрация орындау
Абай шығармаларына иллюстрация
Абай шығармаларына иллюстрация
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат селосы, Ш. Т. Еркінов орта мектебінің сызу, бейнелеу өнері пәні мұғалімі Қожағали Жеңісбек Қожағалиұлы
Абай шығармаларына иллюстрация жасау
Абай шығармаларына иллюстрация жасау
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжайық орта мектебінің бейнелеу өнері пәні мұғалімі Г. С. ДОСПАНОВА
Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау
Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі Борашева Гүлбаршын Ермекқызы
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Тақырыбы: “Ертегілер еліне саяхат” тақырыпқа иллюстрация салу бейнелеу өнері пәні мұғалімі: Бирманов Н.А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×