Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәулет өнері

07 ақпан 2014, Жұма
Категориясы: Сурет және сызу
Сабақ жоспары 6 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Сәулет өнері (слайдымен)
Сабақтың мақсаты: а. Сәулет өнері туралы түсінік беру
ә. Шығармашылық қабілеттерін, өнерге қызығушылықтарын дамыту. Ғимарат жобасын сыза білуге үйрету
б. эстетикалық тәрбие беру
Сабаққа қажетті құрал жабдықтар: кітап, түрлі - түсті қаламдар,
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,
Көрнекілігі: Интерактивті тақта

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Үй тапсырмасын қайталау:
Мүсін өнері
Ертегі кейіпкерлерін мүсіндері
3. Жаңа сабақ:
1. Сәулет өнері адамдардың өмірімен мен қызметіне қажетті, материалдық тұрғыдан ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен құрлыстар, сондай - ақ кешендер, қоғамның эстетикалық көзқарасына сәйкес құрылыстар, сәулет өнері мәдениет саласын құрайды. Қай елге, қалаға барсақ та, біз ғажайып әдемі сұлулығымен көз тартатын ғимараттар, сарайлар, мешіттер, тұрғын үйлер, өнеркәсіптік кешендер көріп жүрміз. Бірақ осы өнер түрі қалай аталатынын біле бермейміз. Бұндай сұлулық сырын бойына сіңірген өнер туындысын -«сәулет өнері» немесе «архитектура» дейді, грек тілінен аударғанда «аға құрылысшы» деген мағына береді. Архитектура деген тек ғимараттар мен құрылыс салу емес, сонымен бірге адам баласының өмір сүру тіршілігіне қажет кеңістік пен ортаны тиімді, пайдалы етіп ұйымдастыру. Сәулет өнері асқан шеберлікті қажет етеді. Рим архитекторы Витрувийдің айтуынша «Сәулетті шығармаларда бұлжытпай орындалатын 3 қасиет болуы керек» деген.
Олар: а) беріктік - инженерлік есеп;
ә) қолайлылық - тұрмыс жағын білуге байланысты;
б) әдемілік - талант - талғамға байланысты.

Сәулет өнері техника, ғылым және өнермен тығыз байланысты. Қазіргі заманда адамдар сәулетті де салтанатты өмір сүргілері келеді. Сондықтан сәулет өнері де адамдардың талғамына қарай дамып отырады. Сіздер білесіздер, бүгінгі күні сәулет өнері техникалық жабдықтармен тығыз байланысты. Әдемілік шарттарын ұштастыру үшін сәулетшіге ғылыми сана, суреткерлік ой керек. Адам баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Олар үйді қамыстан, балшықтан, ағаштан, тал шыбықтардан салған. Тіпті су айдынында да үй тұрғызып үйренген. Ғасырдан - ғасырға мұра болып келген сәулет өнері туындылары архитектуралық ескерткіштер қатарына жатады.

2. Енді ежелден түркі халықтарына тән болып келген сәулеттік құрылыстарға байланысты бірнеше атауларға тоқталып өтейік.
Мавзолей - монументтік бейіттердің аты.
Медресе - мұсылмандардың ең жоғары рухани мектебі.
Мешіт - мұсылмандардың діни ғимараты
Мозайка - түрлі түсті тастардан, боялған әйнектен сыртқы қабырғаға салынған сурет
Күмбез - өзінің сипаты жағынан әр түрге бөлінеді. Олар шеңберлік күмбез, сына бейнелі күмбез, баспалдақты күмбез, жұлдызды күмбез және т. б.
Сәулет өнері ежелден келе жатқан бейнелеу өнерінің бір саласы болып табылады.
3. Қызылорда қаласының фотосуреттерімен таныстыру
4. Практикалық бөлім
Ғимараттың жобалық суретін салуға тапсырма беру
5. Қорытынды
1. Қазақстан суретшісі? Қастеев
2. Ұлттық аяқ киім? Мәсі
3. Ағаштан жасалатын ұлттық ыдыс? ожау
4. Заттың ең жарық жері қалай аталады? Жылт
5. Табиғатты бейнелейтін кескіндеме жанры? Пейзаж
6. Қару – жарақ жасайтын адам? Ұста
7. Сәндік дәстүрлі кәсіби өнер? Қолөнер
8. Кеңістікте сомдалған көркем шығарма? Мүсін
9. Ағаштан саз аспаптарын тағы басқа бұйымдар жасайтын адам? Шебер
10. Суға жақсы еритін бояу? Акварель
11. Киім тоқып тігетін адам? Ісмер

6. Үйге тапсырма: Күмбезді құрылыстардан көрініс бейнелеу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 003
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Дамыған орта ғасырлардағы сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Дамыған орта ғасырлардағы сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Орта ғасырлық сәулет өнерінің даму бағыттары мен түрлері, мәдениет үлгілерімен танысу.
Қазақстанның 14 - 15 ғасырлардағы сәулет өнері
Қазақстанның 14 - 15 ғасырлардағы сәулет өнері
Қазақстанның 14 - 15 ғасырлардағы сәулет өнері Конспект 14 - 15 ғасырларда ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған. Осы кездегі сәулет өнерінің тамаша үлгілері – Арыстан баб, Қожа Ахмет Йассауи, Көккесене, Алаша хан, Дәуітбек, Тектұрмас
Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы Конспект Сәндік қолданбалы өнер орта ғасырдың дамыған кезінде өркендей бастаған. 11 - 12 ғасырларда ғимараттарды өрнектеп, сәндеу ісінде оюланған кірпіштер – терракота кеңінен қолданылды.
Сәулет өнері 4 - сынып
Сәулет өнері 4 - сынып
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Бөрлі ауылы, М. Бегалиева атындағы жалпы білім беретін орта мектебі Байболова Сағадат Саржанқызы
Сәулет өнері
Сәулет өнері
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің «Бейнелеу өнері және сызу» пәні мұғалімі: Исмагулова Гүлмира Сериковна
Бейнелеу өнері
Бейнелеу өнері
Бейнелеу өнері туралы ой - өрісін қызығушылығын арттыру. Балаларды суретші мамандығымен таныстыру, сұлулыққа тәрбиелеу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×