Бейнелеу өнері 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Натюрморт жанры
Негізгі түйінді идея: Натюрморт жанрын біледі, сала алады, заттардың орналасуын салыстырады.
Оқу мақсаты: Натюрморт жанрын анықтайды, композициялық шешімін талдау арқылы жинақтайды.
Ұйымдастыру:
Оқушыларды түстер бойынша 3 – топқа бөледі (натюрморт түрлері арқылы топқа бөлу, олар ұлттық натюрморт, геометриялық фигуралар мен көкөністер мен жеміс - жидектер)
Үй тапсырмасы
1. Үй тапсырмасын тексеру
а) Шағылысу дегеніміз не?
б) Шағылысу қалай орындалады?
Бағалау:
Формативті бағалау.
2. Үйге берілген А4 сурет альбомындағы орындалған тапсырма суреттердің дұрыстығын тексеру
Негізгі бөлім
1. Визуалды ойлау.
Тақырыпты ашу үшін түрлі-түрлі тұрмыстағы заттардың суреттерін көрсету арқылы тақырыпты ашу.
Топтық жұмыс:
Үш топтың оқушыларына тексттік тапсырмалар беріледі.
1. Ұлттық натюрморт туралы ақпарат. Орындалуы, боялу заңдылықтары.
2. Геометриялық фигуралардан құралған натюрморт туралы ақпарат беріледі. Орындалуы, боялу заңдылықтары.
3. Көкөністер мен жеміс - жидектерден құралған натюрморт туралы ақпарат беріледі. Орындалуы, боялу заңдылықтары.
Үш топтың оқушылары өздерінің алған заттары бойынша А4 пішімге орындайды. (жеке жұмыс)
Мысалы:
- Ұлттық натюрморт тобындағы оқушы: ожаудың суретін салыңыз?
- Геометриялық фигуралар тобындағы оқушы: текшенің суретін орындаңыз?
- Жеміс - жидектер тобына: алманың суретін орындаңыз?
Салған суреттерін екі оқушы бірігіп қию арқылы коллаж әдісімен А3 пішіміне композициялық шешімін табу арқылы жабыстырады. (жұптық жұмыс)
Бейнелеу өнері және сызу
Құрымбай Дариға ЕрмуратқызыНатюрморт жанры. жүктеу