Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қастеев Әбілхан

08 қыркүйек 2012, Сенбі
Категориясы: Суретшілер
Қастеев Әбілхан (1904-1973) - қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасның төрағасы (1945-1956). Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрлысында жұмысшы болып бастады. Москвадағы көркемсурет студияла-рында Н. Г. Хлудов пен И. Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.

Әбілхан қол өнеріне, онан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған "Қарыңдастың портреті", "Автопортрет" атты туындылары түпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның "Мектепте"(1930), "Түрксіб" (1932), "Жамбылдың портреті" (1937), "Ескі және жаңа тұрмыс" (1937-1941), "Амангелді сарбаздары" (1970), "Жас Абай" (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре іспеттес.

Әбілхан туған жердің әсем табиғатын, оның дидарыңдағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның "Биік таулы мұз айдын" (1954), "Гүл ашқан алма" (1958), "Менің Отаным" (1959), "Жайлаудағы автодүкен" (1963), "Қашпағай ГЭС-і" (1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аударады.

Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасы-мен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге, ол - туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер.
79 222
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Амангелді батырым Н. Байғанин
Амангелді батырым Н. Байғанин
Өлеңді түсініп оқып, негізгі идеяны анықтау. Амангелді батыр жайлы мағлұмат алу. Топта өлеңді талқылап, өз бетімен меңгеруге, бір - біріне түсіндіруге, өзін - өзі реттеуге ықпал ету. Шағын топтарда үйлесімділікпен әрекеттесуге баулу.
Қазақстанның атақты суретшілерінің туындылары
Қазақстанның атақты суретшілерінің туындылары
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, № 5 орта мектептің музыка, бейнелеу өнері пәні мұғалімі Төлеубаева Райкүл Бақытжанқызы
Абай шығармасының суретін сипаттау
Абай шығармасының суретін сипаттау
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, №5 орта мектебінің бейнелеу пәні мұғалімі Төлеубаева Райкүл Бақытжанқызы
Қазақстан суретшілері
Қазақстан суретшілері
Қазақстан суретшілері. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан суретшілерінің еңбектерін, қысқаша өмірбаянын, алғаш Қазақстан суретшісі Ә. Қастеев туралы мағлұмат беру.
Пейзаж өнері
Пейзаж өнері
ШҚО Аякөз ауданы, Ақтоғай стансасы «Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесі Технология, сызу, бейнелеу өнері пәні мұғалімі Қусайынов Аян Кайырлыханович
Дарынды суретші
Дарынды суретші
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы № 13 ұлттық мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Мұхамбетова Ботагөз Жексенғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×